"Кентаукеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын энергиямен жабдықтау жөніндегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайларды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебінен 1997-1998 жылдары "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (КЕGОС)" ашық акционерлік қоғамы жүзеге асырған "Кентаукеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының объектілерін су басуының алдын алуға электр энергиясының берілуіне ақы төлеу үшін 280 (екі жүз сексен) млн. теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі