Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кедентрансервис" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" 1997 жылғы 11 желтоқсандағы N 1750 P971750_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының 2-тармағындағы "Қаржы министрлігінің Кеден комитеті" деген
сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
"Кедентранссервис" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылтай
құжаттарын заңдарға сәйкес келтірсін және бір айлық мерзім ішінде
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Республикалық
мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне толықтыру енгізу туралы ұсыныс
енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі