"Кедентранссервис" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 11 желтоқсандағы N 1750

      Кеден төлемдерiнiң бюджетке түсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден органдарының материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтiк саласын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекет меншiгiне айналған тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды кедендiк алып жүрудi техникалық қамтамасыз етуге арналған шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Кедентранссервис" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.31. N 1374
               қаулысымен. P981374_
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғылық қорына қоса берiлiп отырған Тiзбеге сәйкес мүлiктi белгiленген тәртiппен берсiн, Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және тiркесiн, басшысын тағайындасын,

 

орналасатын жерiн белгiлесiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiне

Кәсiпорынды Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне

енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн және басқа да қажеттi ұйымдастыру

шараларын қабылдасын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 11 желтоқсандағы

                                         N 1750 қаулысына

                                                қосымша


         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден

        комитетi "Кедентранссервис" республикалық мемлекеттiк

           кәсiпорнының жарғылық қорына беретiн мүлiктiң

                              ТIЗБЕСI

___________________________________________________________________

       Атауы                  |    Саны      |  Құны, теңге

___________________________________________________________________

     1. Ақша қаражаты                             2000000

     2. Көлiк құралы (кедендiк      6 бiрлiк      3000000

        ерiп жүруге арналған

        жеңiл автомобильдерi)

     3. Кеңсе жиhазы                10 жиынтық    800000

     4. Компьютерлер, басқа да      5 жиынтық     400000

        ұйымдастыру техникалары


        Жиыны:  6200000 (алты миллион екi жүз мың) теңге.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады