Қазақстан Республикасына цемент әкелуге квота белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1375

      Отандық цемент өндірушілерді қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағына цемент әкелуді шектейтін шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан әкелінетін цементтің импортына 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін 20 мың тоннадан артық емес квота белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес импорттаушылардың өтініштері негізінде, белгіленген квотаның көлемінде цементтің импортына лицензия беруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген

тәртіппен осы қаулының 1-тармағына сәйкес уақытша шектеулер енгізілгені 
туралы Қырғыз Республикасының Үкіметіне хабарласын.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 

  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Нарбаев Е.        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады