Қазақстан Республикасының халқына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 1382

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі медициналық құралымдарының дайындығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету қызметін дамыту мен жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған мақсатты бағдарламасы (бұдан әрі - Мақсатты бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен бірлесіп Мақсатты бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері шұғыл

 

медициналық көмек көрсетудің аумақтық орталықтарын құруға және төтенше

жағдайлар пайда болған және олардың зардаптарын жою кезінде қазіргі

заманғы шұғыл емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемиологиялық көмек

көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған кезек күттірмейтін ұйымдастыру,

қаржы және материалдық-техникалық шаралардың кешенін әзірлесін, бекітсін

және іске асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


  Қазақстан Республикасының

   Премьер-Министрі



       Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл

        медициналық көмек қызметін дамыту мен жетілдірудің

                  1999-2005 жылдарға арналған

                     Нысаналы бағдарламасы

                           Негіздеме


     Қазақстан 15 574,3 мыңнан астам халқы бар қарама-қайшылықтар мен

алуан түрліліктер елі болып табылады.


 
       Республиканың аумағында жанар-жағар май құралдары, жарылғыш, қатты әсер ететін улы және радиоактивті заттардың елеулі қоры, су айдындары мен су қоймалары бар өндірістік-технологиялық кешендердің көп болуы, сондай-ақ көнерген технологиялар мен құрал-жабдықтардың пайдаланылуы төтенше жағдайлар мен апаттар қаупін туғызады.
      Батыс және Оңтүстік облыстардағы газ-мұнай өңдейтін кешендерде немесе химиялық объектілерде болуы мүмкін ірі авариялардың нәтижесінде зардап шеккендердің саны 500 мың адамнан асуы ықтимал.
      Бірқатар жағдайда жаппай жарақаттанумен адамдардың өліміне әкеп соғатын ірі көлік апаттары айтарлықтай қауіп туғызады.
      Республиканың Оңтүстігі мен Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы сейсмикалық жағдайдың жандана түсуі, климаттың түбірімен өзгеруі, экологиялық қоршаған ортаның нашарлауы, аса қатерлі инфекциялардың табиғи ошақтарының жандануы эпидемиологиялық оқиғалардың пайда болуы қаупін туғызады.
      Алматы қаласында және Алматы облысында күйретерлік жер сілкінісі бола қалған жағдайда, Сейсмология институтының алдын ала дайындаған деректері бойынша, зардап шегетіндердің саны 450 мың адам, ал жарақаттанғандардың саны 130 мың адамнан астам болуы мүмкін.
      Бұған қоса халықтың көші-қонының ұлғаюы жаппай инфекциялық аурулардың әкелінуіне, тіпті эпидемияларға әкеп соғуы мүмкін.
      Қазақстанда халықтың денсаулығын қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады.
      Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 маусымдағы заңдарды қамтиды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі N 1068 P941068_ қаулысына сәйкес елде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметі құрылды.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметі дер кезінде емдеу-эвакуациялық, медициналық-санитарлық, эпидемияға қарсы іс-қимылды қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерді қорғауға дайындық, оны ұйымдастыру мақсатында құрылды. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметі ТМД елдерінің Апат медицинасы проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесімен және оның "Қорғау" Евразиялық аймақтық орталығымен тұрақты түрде бірлесіп іс-қимыл жасайды.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі басшылық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 1994 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шұғыл медициналық-биологиялық проблемалар жөніндегі республикалық ғылыми- практикалық орталығына жүктелді, ол кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 164 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Апат медицинасы орталығы болып қайта аталды.
      Қазақстан Республикасының Апат медицинасы орталығы: төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті жылжымалы радиостанция, арнайы автокөлік, медициналық техника мен дәрі-дәрмектер сатып алды.
      Жабдықтау табеліне сәйкес тұрақты даярлықтағы арнайы медициналық көмек бригадалары медициналық және санитарлық-шаруашылық мүлікпен жабдықталды. Әртүрлі төтенше жағдайларға арнап 1000 зардап шеккен адамға лайықталған медициналық мүлік қоры жинақталды.
      Апат медицинасы орталығының медициналық құрамалары 1995-1998 жылдарда болған барлық авариялардың, апаттардың медициналық-санитарлық салдарын жоюға қатысты, сондай-ақ республиканың халқына тұрақты түрде шұғыл арнайы медициналық көмек көрсетуде (санитарлық авиация желісі бойынша).
      Қазақстан Республикасының Апат медицинасы орталығы медициналық құрамалар мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің мекемелерін төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындауда жергілікті жерлерге барып семинарлар, жаттықтырулар мен оқу-жаттығулары түрінде жұмыстар жүргізіп отыр, төтенше жағдайларда халықты медициналық-санитарлық және эпидемияға қарсы қамсыздандыру жоспарларына түзетулер енгізеді, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік жүйесінің басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлейді.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің медициналық құрамалары үйлестіруші мекеме - Апат медицинасы орталығының басшылығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті өткізетін командалық-штабтық және тактикалық-арнайы жаттығуларды даярлау мен өткізуге ұдайы қатысып отырады.
      Апат медицинасы орталығы "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" дүниежүзілік бағдарламасының қатысушысы, Апат медицинасы проблемалары жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің мүшесі болып табылады, сондай-ақ "ТМД елдерінің медициналық-санитарлық салдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылды үйлестіру" бағдарламасын орындауға қатысады. Бұған қоса Орталық АҚШ-тың, Францияның, Данияның, Норвегияның, Швецияның, Германияның апат медицинасы қызметтерімен ынтымақтастық орнатты.
      Орталық "Қорғау" Евразиялық аймақтық орталығымен бірлесе отырып республика аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарын болжау бойынша, сондай-ақ зардап шеккендерге медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді жетілдіру бойынша ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізіп отыр. Осы жұмыстардың орындалуының нәтижесінде мынадай әдістемелік ұсынымдар мен құралдар жасалды: "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің іс-қимыл жоспары", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің тұрақты даярлықтағы арнайы медициналық көмек бригадалары туралы ереже", Қазақстан Республикасында төтенше жағдайларда медициналық-санитарлық қамсыздандырудың жоспары", "Қиын-қыстау жағдайлар медицинасындағы болжау және емдеу стандарттары", "Төтенше жағдайлар медицинасы".
 
                  Жағдайдың сипаттамасы
 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің медициналық құрамалары мен мекемелерінің медициналық және санитарлық-шаруашылық мүлікпен жабдықталуы бюджет қаржысының тапшылығына байланысты табельдік қажеттіліктің 10-20% құрайды. Апат медицинасы орталығының жедел-техникалық резерві - тек зардап шеккен 1000 адамға лайықталған. Ал құрбан болған және зардап шеккен адамдардың саны бір аймақта 500 мың адамнан асады.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерді медициналық құралдармен қамтамасыз етудегі қажеттілігі мен мүмкіндігінің арасында айқын сәйкессіздік бар.
      Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында Далалық көп бейінді жылжымалы госпиталь сатып алу және 10 тұрақты даярлықтағы арнайы медициналық көмек бригадасын құру қажет. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Апат медицинасы орталығының жанында тек 7 тұрақты даярлықтағы арнайы медициналық көмек бригадасы жұмыс істейді, олар табелдік жабдықтармен тек 60-70%-ке жарақтандырылған.
      Қазақстан Республикасының Апат медицинасы орталығы арнайы көлікпен толық жабдықталмаған, жедел қызметті қамтамасыз ететін авиакөлік, қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары жоқ.
 
                   Мақсаттары мен міндеттері
 
      Бағдарламаның мақсаты төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарының алдын алу және оларды жою, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің тұрақты даярлығын қамтамасыз ету және оның табиғи зілзалалар, авариялар, апаттар мен эпидемиялар кезінде халыққа уақтылы және тиімді шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру болып табылады.
      Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін бағдарламада мынадай міндеттерді шешу көзделген:
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің медициналық құрамаларының төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге даярлығын арттыру;
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің резервтерін және жабдық қорын құру;
      апат медицинасы саласында халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
 
                 Бағдарламаны қаржыландыру
 
      Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, клиникалық-базалық мекемелер қаржысының есебінен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен қорлардан ізгілік көмек түрінде жүзеге асырылуға тиіс. Достастық мемлекеттерінің Апат проблемалары жөніндегі Үйлестіру Кеңесі бекіткен Достастық мемлекеттерінің аумағындағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылды үйлестіру бағдарламасы бойынша үлестік қаржыландырудан тұрады.
 
                  Басқару және іске асыру тетігі
 
      Бағдарламаның негізгі орындаушысы Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің Апат медицинасы орталығы болып табылады.
      Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іс-шаралары халықаралық байланыстар дамуының болжамдарына сүйене отырып, республиканың әлеуметтік экономиканың дамуын есепке ала отырып, сондай-ақ республиканың Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің жұмыс тәжірибесінің, осы проблема бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижесінің негізінде жыл сайын айқындалып, нақтыланады. Сонымен қатар Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін бюджеттен тыс қаражатты және қаржыландырудың заңдарда тыйым салынбаған өзге де көздерін тарту көзделген.
      Бұған қоса мыналар көзделген:
      атқарушы өкімет органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып республикалық және аумақтық деңгейлерде төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету мен халықты емдеуді қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық қамсыздандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды әзірлеуге қатысу;
      тиісті салалық бағдарламалардың шеңберінде төтенше жағдайларда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету мен халықты емдеудің, санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізудің жекелеген мәселелерін шешудің жолдарын әзірлеу.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметін дамыту мен жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған іс- шаралар жоспары әзірленді.
 
                 Күтілетін нәтижелер
 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметін дамыту мен жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған нысаналы бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметінің жұмысын қамтамасыз етуге, осы Қызметтің Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмекті дер кезінде және тиімді түрде ұйымдастыруы мен көрсетуіне тұрақты даярлығын

 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, төтенше жағдайлардың

қауіптілігін бағалау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуді

ұйымдастыру, басқару жүйесін ұйымдастыру жөнінде ғылыми-қолданбалы,

нормативтік, әдістемелік және технологиялық ұйымдастырушылық құжаттар

әзірленетін болады.



    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық

       көмек қызметін дамыту мен жетілдіру шараларының жоспары


__________________________________________________________________________

|Іс-шаралар         |Аяқтау нысаны   |Жауаптылар|Мерзімі|Күтілетін нәтиже

|___________________|________________|__________|_______|_________________

|1. Қазақстан Рес.  |Алқаның қаулысы,|ҚР Білім, |1999-  |Төтенше жағдайлар

|публикасының Төтен.|ҚР Денсаулықком.|мәдениет  |2005   |медициналық-санит

|ше жағдайлардағы   |ының, облыстық  |және ден. |жылдары|арлық зардаптарын

|шұғыл медициналық  |денсаулық сақтау|саулық сақ|       |жою кезінде тарты

|көмек қызметін әрі |басқармаларының,|таумині,  |       |лған материалдық,

|қарай дамыту мен   |Төтенше жағдай. |Төтенше жа|       |қаржылық ресурстар

|жетілдіруді қамта. |лар жөніндегі   |ғдайлар жө|       |ды ұтымды пайдала

|масыз ету          |комитеттің бұй. |ніндегі ко|       |ну               

|                   |рықтары, облыс. |митет,облы|       |                 

|                   |тардың, Астана  |стардың,  |       |

|                   |және Алматы қала|Астана жә |       |                 

|                   |лары әкімдерінің|не Алматы |       |                 

|                   |шешімдері       |қалалары. |       |                 

|                   |                |ның әкімде|       |

|                   |                |рі        |       |

|___________________|________________|__________|_______|__________________

|1.1. Апат медицина.|Облыстар, Астана|ҚР Білім, |1999   |Апат медицинасы 

|сының аймақтық ор. |және Алматы қа. |мәдениет  |жылдың |қызметінің күштері

|талықтарын: Орталық|лалары әкімдері.|және ден. |I-IV   |мен құралдарының 

|аймақ - Астана қа. |нің шешімі      |саулық сақ|тоқсаны|төтенше жағдайлар

|ласы, Оңтүстік ай. |                 |таумині,  |       |ауданына жетуі

мер

|мақ - Алматы қала. |                |облыстар. |       |зімдерін қысқарту,

|сы, Батыс аймақ -  |                |дың,Астана|       |төтенше жағдайлар

|Ақтөбе қаласы,     |                |және Алма.|       |болған кезде Апат

|Шығыс аймақ -      |                |ты қалала.|       |медицинасы қызметі

|Өскемен қаласы     |                |рының әкім|       |нің құрылымдарын 

|ұйымдастыру және   |                |дері      |       |тарту, басқаруды 

|үнемі дайындықта   |                |          |       |жүйелендіру     

|тұратын арнаулы ме.|                |          |       |                 

|дициналық бригада. |                |          |       |                

|лар құру           |                |          |       |                

|___________________|________________|__________|_______|__________________

|1.2. Қазақстан     |                |ҚР Білім, |2000   |ҚР Төтенше жағдай.

|Республикасының    |                |мәдениет  |жылдың |лардағы шұғыл меди

|Төтенше жағдайлар. |                |және ден. |IV     |циналық көмек қызм

|дағы шұғыл медици. |                |саулық сақ|тоқсаны|етінің құрылымдары

|налық көмек қызмет.|                |таумині,  |       |мен мекемелерін тө

|інің автоматтанды. |                |Апат меди.|       |тенше жағдайларда

|рылған ақпараттық  |                |цинасы ор.|       |пайдаланудың тиім.

|басқару жүйелерін  |                |талығы, Ап|       |ділігін арттыру. 

|құру және дамыту   |                |ат медици.|       |Шұғыл медициналық

|                   |                |насының ай|       |көмек қызметіне кі

|                   |                |мақтық ор.|       |ретін құрылымдар-ң

|                   |                |талықтары,|       |өзара іс-қимылы жү

|                   |                |Қазақстан |       |йесін жетілдіру  

|                   |                |Республика|       |                 

|                   |                |сының Төт.|       |                 

|                   |                |енше жағ. |       |                 

|                   |                |дайлар жө.|       |                 

|                   |                |ніндегі ко|       |                 

|                   |                |митеті    |       |                 

|___________________|________________|__________|_______|__________________

|1.3. Апат медици.  |Әдістемелік     |ҚР Апат   |1999-  |Шұғыл медициналық

|насының өзекті мә. |ұсыным мен нұс. |медицинасы|2001   |көмек қызметінің 

|селелері жөніндегі |қамалар         |орталығы, |жылдары|кадрларын даярлау.

|арнаулы медицина.  |                |апат меди.|       |дың және халықты 

|лық әдебиеттерді   |                |цинасының,|       |төтенше жағдайлар

|әзірлеу және енгізу|                |аймақтық  |       |жағдайында медици.

|                   |                |орталықтары       |налық даярлаудың 

|                   |                |          |       |деңгейін арттыру 

|__________________ |_____________ __|__________|_______|_________________

|2. Төтенше жағдай. |ҚР Апат медици. |Білім,    |1999-  |Жалпы анестезия  

|лардағы шұғыл меди.|насы орталығы   |мәдениет  |2005   |түрлерінің тұрғы.

|циналық көмек пен  |                |және ден. |жылдары|сында шұғыл жедел

|халықты емдеу      |                |саулық сақ|       |араласу тәуекелін

|                   |                |таумині,  |       |төмендету, ауыр за

|                   |                |Апат меди.|       |қымданудан,іріңдеп

|                   |                |цинасы ор.|       |асқынған жаралар-н

|                   |                |талығы,   |       |ж/е мүгедектіктен

|                   |                |облыстық  |       |қайтыс болуды азай

|                   |                |денсаулық |       |ту, зақымданғандар

|                   |                |сақтау бас|       |дан өрескел психо.

|                   |                |қармасы   |       |потологиялық сыр.

|                   |                |(департа. |       |қаттануының жиілі.

|                   |                |менті) жә.|       |гін төмендету    

|                   |                |не клиника|       |                 

|                   |                |лық база. |       |                 

|                   |                |лық емдеу-|       |                

|                   |                |алу мекеме|       |                 

|                   |                |лері      |       |                 

|___________________|________________|__________|_______|__________________

|3. ҚР Апат медици. |                |Білім, мә.|1999-  |Аймақтық орталық-р

|насы орталығы мен  |                |дениет    |2005   |бойынша запастарды

|апат медицинасының |                |және ден. |жылдары|топтастыруды,төтен

|аймақтық орталық.  |                |саулық сақ|       |ше жағдайлардың  

|тарындағы арнаулы  |                |таумині,  |       |зақымдаушы фактор.

|медициналық көмек  |                |Апат меди.|       |ларына ұшырауды  

|бригадаларының ре. |                |цинасы ор.|       |азайту. Оларды пай

|зервтерін құру және|                |талығы, Ап|       |даланушыларға жа.

|медициналық мүлік. |                |ат медици.|       |қындату,жеткізудің

|пен жарақтандыру   |                |насының ай|       |мерзімдерін қысқар

|                   |                |мақтық ор.|       |тады, бүтіндей ал.

|                   |                |талықтары |       |ғанда ел үшін ре.

|                   |                |және облыс|       |сурстарды сақтауға

|                   |                |тық денсау|       |жәрдемдесетін    

|                   |                |лық сақтау|       |тасмалдауға арнал.

|                   |                |басқармала|       |ған қаражатты үнем

|                   |                |ры (депар.|       |дейді, халыққы ме.

|                   |                |таменттері)       |дициналық көмек

|                   |                |          |       |көрсетудің тиімді.

|                   |                |          |       |лігін арттырады  

|___________________|________________|__________|_______| ________________

|4.ТМД елдері Үйлес.|                |ТМД елдері|Іс-ша. |Тәжірибе алмасу ке

|тіру кеңесінің апат|                |нің Үйлес.|ралар. |зінде халыққа меди

|медицинасының өзек.|                |тіру Кеңе,|дың жос|циналық көмек көрс

|ті мәселелері жө.  |                |сі, Білім,|парына |етудің мерзімдерін

|ніндегі конгрессте.|                |мәдениет  |сәйкес |азайтудың және он.

|рінің, семинарлары.|                |және ден. |       |ың тиімділігін арт

|ның жұмысына қатысу|                |саулық сақ|       |тырудың нәтижесін

|4.1. Төтенше жағ.  |                |таумині,  |       |де шығыстар қысқа.

|дайлардың зардап.  |                |Қаржымині,|       |рады. Төтенше жағ

|тарын жою кезінде  |                |Қазақстан |       |дайлар кезінде | 

|медициналық-санитар|                |Республика|       |өзара көмек      

|лық көмекті ұйым.  |                |сының     |       |көрсету          

|дастырудың халық.  |                |Төтенше   |       |                 

|аралық тәжірибесін |                |жағдайлар |       |                 

|зерделеу           |                |жөніндегі |       |                 

|                   |                |комитеті, |       |                 

|                   |                |Апат меди.|       |                 

|                   |                |цинасы    |       |                 

|                   |                |орталығы  |       |                 

|___________________|________________|__________|_______|__________________

|5. Медициналық са. |                |Білім,    |2000   |Төтенше жағдайлар.

|раптама жүйесін    |                |мәдениет  |жылы   |дың зардаптарын  

|әзірлеу және енгізу|                |және ден. |       |жоюға қатысқан   

|және құтқарушыларды|                |саулық сақ|       |адамдардың    

|оңалту             |                |таумині,  |       |кәсіптік жұмысқа

|                   |                |ҚР Төтенше|       |қабілеттілігі мен

|                   |                |жағдайлар |       |денсаулығын лайық

|                   |                |жөніндегі |       |ты деңгейде ұстап

|                   |                |комитеті, |       |тұруды қамтамасыз

|                   |                |Апат      |       |ету, өз кезегінде

|                   |                |медицинасы|       |олардың кәсіби

|                   |                |орталығы  |       |ғұмырын ұзартатын

|                   |                |          |       |еңбекті жоғалту.

|                   |                |          |       |дың көлемін едә.

|                   |                |          |       |уір қысқарту     


|___________________|________________|__________|_______|__________________



Оқығандар:

Орынбекова Д.

Қобдалиева Н.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады