Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 сәуiр N 391а. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.23. N 934 қаулысымен. ~P980934

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 P980038_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған:
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi
өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау
жөнiндегi комитетi туралы ереже;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi
өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау
жөнiндегi комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
        мiндетiн атқарушы
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 29 сәуiрдегi
                                        N 391а Қаулысымен
                                               бекiтiлген

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi
       өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк
              бақылау жасау жөнiндегi комитетi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және олардың айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды нығайту және ретке келтiру.

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және олардың айналымы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу, бақылауды және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет пен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитеттiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      5. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.

                           2. Басымдықтары

      6. Комитет өзiнiң қызметiнде мынадай басымдықтарды:
      1) қазақстандық тауар өндiрушiлер мен этиль спиртi және алкогольдi өнiмдердi тұтынушылардың мүдделерiн қорғауды;
      2) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң, айналымының, импортының және экспортының есебiн жүргiзу мен көлемiне бақылау жасауды қамтамасыз етудi басшылыққа алады.

                        3. Негiзгi мiндеттерi

      7. Комитеттiң өз қызметiнiң аясындағы негiзгi мiндеттерi:
      1) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      2) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бiрыңғай бақылау жүйесiн құру;
      3) мемлекеттiк органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

                      4. Комитеттiң функциялары

      8. Комитеттiң функциялары:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мәселелерiндегi қызметiн салааралық үйлестiру;
      2) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мен нормативтiк реттеудi жүзеге асыру;
      3) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi лицензиялау, этиль спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату, берiлген, тоқтатыла тұрылған және тоқтатылған лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмдемесiн жүргiзу;
      4) этиль спиртi мен арақтың импортын бақылау және лицензиялау, этиль спиртi мен арақтың көлемдерiн лицензияларды алуға өтiнiм бiлдiрушiлердiң арасында конкурстық орналастыру, республиканың өндiрiстерi өндiрген этиль спиртi көлемдерiнiң қозғалысына бақылау жасау;
      5) этиль спиртiн дәрi-дәрмектер препараттарын шығарушыларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiне акциздер алмасатын берудiң көлемдерiн белгiлеу, оның пайдаланылуына бақылау жасау;
      6) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң көлемдерiне есеп жүргiзудi ұйымдастыру, этиль спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату;
      7) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын талдау және балансын жасау;
      8) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсыну;
      9) өз құзыретiнiң шегiнде этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөнiндегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттамаларды әзiрлеу, қабылдау, шығару және мүдделi мемлекеттiк органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жеткiзу болып табылады.

                             5. Құқықтары

      9. Комитет пен оның аумақтық органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде:
      1) алкогольдi өнiмдердi өндiру, олардың айналымы және сапасы саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ заңдарға сәйкес тәртiп бұзушыларға ықпал ету шараларын қолдануға;
      2) бақыланатын объектiлерде технологиялық процестердiң, этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердiң сақталуының және айналымының нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөнiндегi нормативтiк және методологиялық құжаттамаларды әзiрлеуге, қабылдауға, тиiстi мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғаларға жеткiзуге, оның атқарылуын тексерудi жүзеге асыруға және атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге;
      4) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мәселелерi жөнiнде белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң және олардың айналымының баласын жасау үшiн мәлiметтi қоса алғанда ақпарат сұратуға және алуға;
      5) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi, этиль спиртiн сақтауды және сатуды, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтауды және көтерме сатуды лицензиялауды жүзеге асыруға;
      7) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiнде ұсыныстар мен нормативтiк құжаттық актiлердiң жобаларын енгiзуге;
      8) этиль спиртi мен арақтың импортын лицензиялауға, спирт пен

арақтың импортының көлемдерiн лицензия алуға өтiнiм бiлдiрушiлердiң
арасында конкурстық орналастыруды ұйымдастыруға;
     9 этиль спиртiн дәрi-дәрмек препараттарын шығарушыларға,
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерiне және басқа
да мақсатты, әлеуметтiк маңызы бар бағыттарға акциздер алмастан
берудiң көлемдерiнiң квоталарын белгiлеуге, олардың пайдаланылуына
бақылау жасауға;
     10) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден
аумағында этиль спиртi мен арақтың импортының көлемiн реттеуге;
     11) лицензиялау субъектiсiне ұсынылатын лицензиялық ережелердi
әзiрлеуге;
     12) лицензия беру алдында ұйымдарды тексеру жөнiнде жұмыстар
жүргiзудiң және қызметтер көрсетудiң тәртiбi мен шарттарын
белгiлеуге;
     13) республиканың кәсiпорындары өндiрген этиль спиртi
көлемдерiнiң қозғалысын бақылауға;
     14) өз өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
     15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқығы бар.

                 6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру



      10. Комитет пен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      11. Комитет туралы ереже мен оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      12. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      13. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      14. Комитеттiң төрағасы:
      1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн номенклатуралық лауазымдарға сәйкес Комитет пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайтын және қызметтен босатады;
      3) тәртiптiк жаза қолданады;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық

органдары туралы ережелердi бекiтедi;
     6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен
ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
     7) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оның құзыретiне
жатқызылған өзге де мәселелер бойынша қызметiн жүзеге асырады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 29 сәуiрдегi
                                        N 391а Қаулысымен
                                               бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
       Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына
          мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық


      Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасауды үйлестiру және нормативтiк реттеу бөлiмi
      Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге, импортына, сақтауға және сатуға бақылау жасау және лицензиялау басқармасы
      Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң және олардың айналымының есебi мен баланстары бөлiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады