Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ресей Федерациясы Үкіметінің және Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасында Ресейдің "Байқоңыр" ғарыш айлағынан оған қатысты АҚШ-тың лицензиялары бар ғарыштық аппараттарды ұшыруына байланысты технологияларды қорғау жөніндегі шаралар туралы келісім жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қаңтар N 47

      Ресейдің "Байқоңыр" ғарыш айлағынан АҚШ-тың лицензиялары бар ғарыштық аппараттарды ұшыруына байланысты технологияларды қорғау жөніндегі шаралар туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ресей Федерациясы Үкіметінің және Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасында Ресейдің "Байқоңыр" ғарыш айлағынан оған қатысты АҚШ-тың лицензиялары бар ғарыштық аппараттарды ұшыруына байланысты технологияларды қорғау жөніндегі шаралар туралы келісім жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Таиыр Айтмұхамедұлы Мансұровқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ресей Федерациясы Үкіметінің және Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасындағы Ресейдің

 

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан оған қатысты Ақш-тың лицензиялары бар ғарыштық

аппараттарды ұшыруына байланысты технологияларды қорғау жөніндегі шаралар

туралы келісімді жасасуға уәкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.         







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады