Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қаңтар N 66

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


     1. 1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы

теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының

          Үкіметі арасындағы Теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы

                          ынтымақтастық туралы

                                Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 13-құжат)

    (1999 жылғы 11 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 79 бет)



 
       Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi теңдiк, өзара тиiмдiлiк және өзара көмек принциптерiне сәйкес теңiз сауда кеме қатынасы саласындағы екi ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:
 
                        1-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
      1. "Уағдаласушы Тараптың кемесi" терминi осы Уағдаласушы Тараптың кеме реестрiне немесе басқа тиiстi ресми тiзбесiне енгiзiлген және оның заңдары мен құқықтық ұсынымдарына сәйкес осы Уағдаласушы Тараптың жалауы астындағы кез келген сауда кемесiн бiлдiредi. Алайда бұл терминге:
      а) әскери кемелер мен коммерциялық емес мақсатта

 

пайдаланылатын азаматтық кемелер;

     б) спорттық кемелер мен серуендiк яхталар кiрмейдi.

     2. "экипаж мүшесi" терминi капитанды және рейс кезiнде бортта кеменi

пайдалануға немесе ондағы қызмет көрсетуге байланысты мiндеттердi

орындаумен айналысатын және кеме рөлiне енгiзiлген адамды бiлдiредi.

     3. "порттар" терминi шетелдiк кеме қатынасы үшiн ашық порттар мен

кемелерге қызмет көрсету үшiн ресми рұқсат етiлген пункттердi бiлдiредi.

     4. "құзыреттi органдар" терминi:

     Қазақстан Республикасы тарапынан - Көлiк және коммуникация

министрлiгiн;

     Әзiрбайжан Республикасы тарапынан - Каспий теңiз параход шаруашылығын

бiлдiредi.


                        2-бап



 
       Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмге сәйкес сауда теңiз жүзуiнiң еркiндiгiне барлық жәрдемдi көрсететiн болады және халықаралық кеме қатынасының дамуына зиян келтiруi мүмкiн кез келген іс-әрекеттерден тартынатын болады.
 
                        3-бап
 
      1. Уағдаласушы Тараптар сондай-ақ тең құқықтық және өзара тиiмдiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, екi жақты сауда кеме қатынасының дамуына жәрдем көрсететін болады.
      2. Екi жақты сыртқы сауда жүктерiн тасымалдауларда Уағдаласушы Тараптар олардың фрахталық, кеме қатынасы және кеме қатынасына байланысты кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы тығыз ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн болады.
 
                       4-бап
 
      1. Уағдаласушы Тараптар:
      а) Уағдаласушы Тараптар кемелерiне олардың елдерiнiң порттары арасындағы теңiз тасымалдауларына қатысуына жәрдемдесуге, сондай-ақ паромдық тасымалдаулардың әрi қарай дамуына жәрдемдесуге;
      б) олардың елдерiнiң порттары арасындағы тасымалдаулардың дамуын қиындатуы мүмкiн кедергiлердi жоюда ынтымақтасуға;
      в) бiр Уағдаласушы Тарап кемелерiнiң екiншi Уағдаласушы Тараптың порттары және үшiншi елдер порттары арасындағы тасымалдауларға қатысуына кедергi жасамауға келiстi.
      2. Осы баптың ережелерi үшiншi елдер кемелерiнiң Уағдаласушы Тараптар порттары арасындағы тасымалдауларға қатысу құқығын қозғамайды.
 
                            5-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар олардың аумақтарындағы қолданыстағы ұлттық заңдарға сәйкес бiр Уағдаласушы Тараптың кеме қатынасы немесе кеме қатынасына байланысты кәсiпорындары мен коммерциялық ұйымдарына, екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағында олардың порттарына/порттарынан желiлер ашуына, сондай-ақ олардың екiншi Уағдаласушы Тарап аумағында өкiлдiктер немесе бiрлескен кәсiпорындар құруына қажеттi жәрдем көрсетедi.
 
                            6-бап
 
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап кемелерiне порттарға еркiн кiруге, айлақтарда орын беруге порттарды жүктер тиеу және түсiру жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн пайдалануға, кемелiк және басқа порттық алымдарды төлеуге және теңіз кеме қатынасы үшін арналған қызмет көрсетулерді пайдалануға қатысты өз кемелерiне беретiндей режим бередi.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың теңiз кеме қатынасы кәсiпорны пайдаланатын үшiншi елдердiң жалауы астындағы кемелерге, егер бұл оның халықаралық келiсiмдерден шығатын мiндеттемелерiне немесе тиiстi құқықтық ұсынымдарына қайшы келмесе, осы баптың 1-тармағында көзделген режимдi бередi.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының күшi:
      а) шетел кемелерiнiң кiруi үшiн ашық емес порттар мен порттар бөлiктерiне таратылмайды;
      б) әрбiр Уағдаласушы Тараптың, атап айтқанда каботажды, сондай-ақ құтқаруды, тiркеп тартуды, порттық қызмет көрсетулердi, суға батқан кемелердi көтерудi, мiндеттi лоцмандық желiлеудi, теңiздегi көмек және әрбiр Уағдаласушы Тараптың мемлекет егемендiгi және ұлттық юрисдикциясы аймағында балық аулауды қоса алғанда өз кәсiпорындары мен ұйымдары үшiн қор жинау iс-әрекетіне қолданылмайды.
 
                           7-бап
 
      Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзiнiң ұлттық заңдары мен порттық ережелер шеңберiнде теңiз тасымалдауларын жеңiлдету және жеделдету үшiн кемелердi тоқтатуға қажеттiлiктен тумаған және порттардағы кедендiк және басқа да нысаншылдықты жүзеге асыруды барынша жеделдету және жеңiлдетуге барлық шараларды қабылдайды.
 
                           8-бап
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың бiреуi берген немесе мойындайтын және кеме

 

бортындағы кеме құжаттарын екiншi Тарап та мойындайтын болады.

     2. Бiр Уағдаласушы Тараптың 1969 жылғы Кемелердi өлшеу жөнiнде

халықаралық конвенцияға сәйкес тиiстi тұрғыда кемелердi өлшеу туралы

берген құжаттармен жабдықталған кемелерi екiншi Уағдаласушы Тараптың

порттарында қайтадан өлшеуден босатылады. Бұл құжаттар порттық алымдарды

есептеу кезiнде негiзге алынатын болады.


                              9-бап


     Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi

өкiметтерi берген теңiзшiнiң жеке басы куәлiгiнiң иелерiне осы келiсiмнiң

10 және 11-баптарында көрсетiлген құқықтарды бередi.

     Теңiзшi куәлiгi деп:

     Қазақстан Республикасына қатысты - теңiзшi паспорты;

     Әзiрбайжан Республикасына қатысты - теңiзшi кiтапшасы түсініледі.


                          10-бап


     1. Теңiзшiнiң жеке басы куәлiгiнiң иесiне:


 
       а) осы куәлiктi берген Уағдаласушы Тарап кемесi экипажының мүшесi ретiнде кеменiң екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң портында болуы кезiнде визасыз жағаға түсуіне және порттық қалада ондағы қолданыстағы ережелерге сәйкес уақытша болуға;
      б) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң портында құзыреттi өкiметтiң рұқсатымен, ол экипаж мүшесi ретiнде жұмысын бiтiрген соң өз кемесiн тастап кете алады, сол Уағдаласушы Тараптың кеме қатынасы кәсiпорны пайдаланатын басқа кемеге кеме экипажының мүшесi ретiнде жұмысқа кiрiсе немесе осы кемемен жаңа жұмыс орнына бару үшiн сол портта немесе басқа портта өзге кемеге ауыса алады.
      2. Бiр Уағдаласушы Тараптың құзыреттi өкiметтерi екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына науқастануына байланысты ауруханаға Жеткiзiлген экипаж мүшесіне емделуiне қажеттi сол елде болуына рұқсат етедi.
      3. Осы Баптың 1 және 2-тармақтары тиiсiнше кеме бортында қызметтiк мiндеттерiн атқаратын және олар экипаж мүшелерінің тiзiмiне (кеме рөлiне) енгiзiлген жағдайда экипажға жатпайтын адамдарына қатысты қолданылады.
 
                           11-бап
 
      Осы Келiсiмнiң 9-бабында аталған, бiр Уағдаласушы Тарап берген теңiзшiнiң жеке басы куәлiгiнiң иелерi өзiнiң кемесiне келуi, отанына қайтып оралуы мақсатында немесе осы Уағдаласушы Тараптың заңдары мен ережелерiн сақтай отырып, екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi өкiметтерi үшiн жарамды кез келген басқа да мақсатта екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына келе алады немесе оның аумағы арқылы жүре алады.
 
                           12-бап
 
      Осы Келiсiмнiң 10 және 11-баптарының ережелерi Әзiрбайжан Республикасының да, Қазақстан Республикасының да азаматы болып табылмайтын, бiрақ 1965 жылғы Халықаралық теңiз кеме қатынасын жеңiлдету жөнiндегi конвенцияның ережелерiне және оның Қосымшасына немесе Теңiзшiлердiң жеке басының ұлттық куәлiктерi туралы Халықаралық еңбек ұйымының N 108 Конвенциясының ережелерiне сәйкес келетiн теңiзшiнiң жеке басы куәлiгiне ие кез келген адамға қолданылады. Мұндай жеке бас куәлiгiн тиiстi Конвенцияның қатысушысы болып табылатын Мемлекет беруге және оның иесiне куәлiктi берген елге қайтып оралуына кепiлдiк етуi тиiс.
 
                           13-бап
 
      1. Осы Келiсiмнiң 9-12-баптары екi Уағдаласушы Тараптың да шетелдiктердiң келуiне, болуына және кетуiне байланысты ережелерiн қозғамайды.
      2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзi жағымсыз деп тапқан адамдардың өз аумағына келуiне және өз аумағында болуына рұқсат бермеу құқығын сақтайды.
 
                           14-бап
 
      1. Бiр Уағдаласушы Тараптың сот билiгi орындары екiншi Уағдаласушы Тарап кемесiнiң экипажы ретiнде жұмысқа жалдау шартынан туындайтын талаптарды қарауға қабылдамайтын болады.
      2. Бiр Уағдаласушы Тарап кемесiнiң бiр экипаж мүшесi кеменiң екiншi Уағдаласушы Тарап портында болған кезiнде осы кеме портында құқық тәртiбiн бұзған болса, осы екiншi Тараптың өкiметтерi жалау мемлекетiнiң құзыреттi консулдық немесе дипломатиялық лауазымды адамының келiсiмiнсiз оны заң бойынша қудаламайтын болады, бұған аталған өкімет орындарының пiкiрiнше мына жағдайлардан басқасы қосылмайды:
      а) құқық бұзу салдары кеме тұрған мемлекет аумағында таралатын жағдайда;
      б) ол арқылы осы мемлекетте қоғамдық тәртiп немесе оның қауiпсiздiгi бұзылатын құқықтық тәртiп бұзу болған жағдайда;
      в) осы кеме экипажының мүшесi болып табылмайтын кез келген адамға қарсы құқықтық тәртiп бұзу болған жағдайда;
      г) қудалаушылық есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз сатуды болдырмау үшiн қажеттi болған жағдайда.
      3. Осы Баптың 2-тармағында аталған жағдайларда жағалаудағы мемлекет, қандай да бір шара қолданылғанға дейін капитанның өтініші бойынша жалау мемлекетiнiң дипломатиялық немесе консулдық лауазымды адамын хабардар етедi және аталған лауазымды адам мен кеме экипажының арасында байланыс орнатылуына жәрдемдеседi. Уақыт аса тығыз болған жағдайда бұл мәлiмдеме аталған шаралар қабылданып жатқан кезде-ақ жасалуы мүмкiн.
 
                           15-бап
 
      Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң кемесi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң жағалауларында қайраңға отырған, апатқа ұшыраған немесе кемесi қираған жағдайда онда кеме, оның экипажы, жолаушылары және жүгі осы екінші Уағдаласушы Тарап осындай жағдайда өзiнiң кемесiне, оның экипажына, жолаушылары мен жүгiне беретiн осындай артықшылықтарымен және жеңiлдiктерiмен пайдаланатын болады.
      Апатқа ұшыраған немесе кемесi қираған жағдайда кемеден құтқарылған заттарға, егер бұл заттар елдiң iшiнде пайдалануға немесе тұтынуға арналмаған болса ешқандай да кедендiк баж салықтары салынбайтын болады.
      Экипажды, мүлiктi, жүктi құтқару жөнiндегi операциялар Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тиiстi ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
 
                              16-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар 1978 жылғы Хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертiлген, 1973 жылғы "Теңiздiң кемелерден ластанбауын болдырмау жөнiндегi" Халықаралық конвенцияға сәйкес теңiзге өз кемелерiнен балластық, фекальдық, тұрмыстық, сланецтiк және өзге де тазартылмаған суларды төгуге тыйым салу жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
 
                              17-бап
 
      1. Уағдаласушы Тараптар кеме қатынасы мәселелерiмен айналысатын олардың өкiметтерi арасындағы тиiмдi iскерлiк қатынастарды қолдау және дамыту жөнiнде өз күш-жiгерлерiн жұмсауды жалғастыра беретiн болады, сондай-ақ олардың тиiстi кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы байланыстарды дамытуды, атап айтқанда, мынадай мақсаттарда:
      а) теңiз-сауда флоты мен порттарын тиiмдi пайдалану, экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейту және тәжiрибе алмасу;
      б) теңiз көлiгi бойынша халықаралық шарттардағы қызметiне байланысты пiкiрлер алмасу.
      2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарды жүзеге асыру үшiн және осы Келiсiмнiң қолданылуына бақылау жасау үшiн осы Келiсiмнiң қолданылуынан туындайтын өзара мүдделi мәселелердi, атап айтқанда, екi жақты сауда кеме қатынасы мәселелерiн, сондай-ақ халықаралық теңiз-кеме қатынасының жалпы мәселелерiн талқылайтын аралас комиссия құрылады.
      3. Аралас комиссия Уағдаласушы Тараптардың бiреуінің өтiнiшi бойынша жиналады. Аралас комиссияның әрбiр мәжiлiсiне арналған күн тәртiбi кеме қатынасы мәселелерiмен айналысатын құзыреттi органдар арасындағы келiсiм бойынша белгiленедi.
 
                            18-бап
 
      Уағдаласушы Тараптардың олар жасасқан халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн осы Келiсiм қозғамайды.
 
                            19-бап
 
      1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды орындағаны туралы жазбаша мәлiмдемелер алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 3 жыл бойы қолданылады және егер

 

осы Келiсiм қолданысының мерзiмi бiткенге дейiн 6 ай бұрын Уағдаласушы

Тараптардың бiреуiнен оның бұзылатыны туралы жазбаша мәлiмдеме түспейтiн

болса, 1 жыл мерзiмге келесi кезеңге өздiгiнен ұзартылады.

     Алматы қаласында 1997 жылғы 10 маусымда екі түпнұсқа данада,

әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық

мәтіннің де күші бірдей. Қазақ және әзірбайжан мәтіндерінде алшақтық туған

жағдайда орыс мәтіні негізге алынады.


     Қазақстан Республикасының         Әзірбайжан Республикасының

        Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін


     Оқығандар:

       Қобдалиева Н.

       Қасымбеков Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады