Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы"
Заңын
, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы"
Заңын
орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданылып жүрген заңдарға сәйкес:
облыстық жұмыспен қамту орталықтарын-еңбек биржаларын және Астана, Алматы қалаларының модельдік жұмыспен қамту орталықтарын олардың функцияларын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға бере отырып;
Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының Тексеру комиссиясын таратсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.02.11. N
117
, 1999.04.24. N
469
қаулыларымен.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үіметінің 2001.11.16. N
1468
қаулысымен.
3-1. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері мәслихаттарға облыстық (заңды тұлға құқығындағы бөлімшелері жоқ), аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржаларының, олардың коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар - еңбек биржалары болып қайта өзгертілуіне байланысты, 1999 жылдың 1 сәуірінен кейін жұмыстан босайтын қызметкерлеріне жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен өтемақы төлеу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізсін.<*>
3-2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық және қалалардағы аудандық органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың функцияларын атқарады.<*>
Ескерту. 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.04.24. N
469
қаулысымен.
4. Атқарушы дирекцияның ақшасынан басқа, облыстық жұмыспен қамту орталықтарын - еңбек биржаларын, Астана және Алматы қалаларының үлгілік жұмыспен қамту орталықтарын, Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының Атқарушы дирекциясы мен Тексеру комиссиясын тарату жөніндегі рәсімдерден кейін қалған мүліктің барлық түрі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі бөлімшелерінің ағымдағы кіріс және шығыс шоттарын жабуды қамтамасыз етсін;
мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің бөлімшелеріне таратылатын Мемлекеттік жұмыспен қатуға жәрдемдесу қоры Атқарушы дирекциясының есеп шотына 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражаты" деген 699 кіріс шоттарындағы қаражаттың шегінде "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының шығыстары" деген 698 шығыстар шотынан ақша аударуды міндеттесін;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң ғимараты айналасындағы аумақты көркейту жөнiндегі жұмыстар орындалғаннан, көлiкжай күрделi жөнделгеннен және тарату іс-шаралары жүзеге асырылғаннан кейін Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры Атқарушы дирекциясының есеп шотында қалған ақшаны республикалық бюджеттің кірісіне аударуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 5-тармақ сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.07.30. N
1085
қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражаты есебінен берілген несиелердің республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылуын қамтамасыз етсін.
7. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 қаңтардағы
N 68 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі туралы" 1991 жылғы 30 сәуірдегі N 275 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 12, 79-құжат).
2. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорын құру туралы" 1991 жылғы 30 сәуірдегі N 277 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 12, 80-құжат).
3. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің "Қазақ ССР мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі және Қазақ ССР мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің инспекциясы туралы ережені бекіту туралы" 1991 жылғы 24 маусымдағы N 391 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 16, 100-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорын қайта ұйымдастыру туралы" 1993 жылғы 7 қыркүйектегі N 835
P930835_
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 406-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы және күші жойылған деп тану туралы" 1996 жылғы 17 мамырдағы N 609
P960609_
шешіміне енгізілетін өзгерістердің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 190-құжат) 1, 2-тармақтары.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 4 маусымдағы N 927
P970927_
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 218-құжат).
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 927 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 21 шілдедегі 1140
P971140_
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 303-құжат).
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1998 жылы 9 шілдедегі N 651
P980651_
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырудың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат) 1-тармағы.