Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiн қайта құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 7 қыркүйек 1993 ж. N 835. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.01.29. N 68 қаулысымен. ~P990068

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Орталық атқарушы өкiмет органдарының жүйесiн ретке келтiру туралы" 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1291 U931291_ Жарлығы мен "Орталық мемлекеттiк басқару органдарының тiзбесi туралы" 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1220 U931220_ Жарлығына сәйкес, мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, басқару органдарының еңбек нарығында бiрыңғай саясат жүргiзуiнде өзара iс-қимылын үйлестiрудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Халықты жұмыспен қамту бас басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi болып;
      облыстық жұмыспен қамту басқармалары облыстық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржалары болып;
      Алматы қалалық жұмыспен қамту басқармасы мен Ленинск қалалық жұмыспен қамту орталығы қалалық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржалары болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жұмыспен қамту туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментiнiң төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады және оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi төрағасының орынбасарларын Департамент төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек министрi тағайындайды.
      4. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментiнiң, аймақтық бөлiмшелерi мен жұмыспен қамту орталықтарының құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасы Еңбек министрi мен жергiлiктi әкiмдердiң келiсуi бойынша Департаменттiң төрағасы бекiтедi.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн осыған қосылған өзгерiстер бекiтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 7 қыркүйектегi
                                           N 835 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                 жұмыспен қамту қызметi туралы
                              Ереже
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi <*> мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын және жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар жүйесiне енедi.
      <*> Бұдан былай - жұмыспен қамту қызметi.
      2. Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi органдарының жүйесiне:
      Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi <**> Халықты жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттiк қорының басқармасы мен атқарушы дирекциясы <***> енедi.
      <**> Бұдан былай - Жұмыспен қамту департаментi.
      <***> Бұдан былай - Жұмыспен қамту қоры.
      Жұмыспен қамту департаментi:
      орталық аппараттан;
      облыстық, Алматы және Ленинск қалалық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан;
      жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк даярлау және кәсiптiк бағдарлау орталықтарынан;
      қалалық (қалалардағы аудандық) және аудандық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан тұрады;
      мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң құрамында барлық деңгейде азаматтардың еңбек ету және жұмыспен қамтылу құқықтары туралы заңдарды мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, шаруа қожалықтарының және басқа да жұмыс берушiлердiң орындауын бақылайтын инспекциялар жұмыс iстейдi.
      3. Облыстарда, қалаларда және аудандарда жұмыспен қамту органдары өздерiнiң iс-әрекетiнде жоғары тұрған тиiстi органдар мен атқарушы өкiмет органдарына бағынады.
      Жұмыспен қамту қызметiнiң органдары атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi болып табылмайды.
      4. Жұмыспен қамту қызметi өзiнiң iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, республиканың халықты жұмыспен қамту туралы Заңын, басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, республиканың халықаралық шарттарын, Жұмыспен қамту қоры басқармасының шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Республикалық және жергiлiктi деңгейдегi мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң органдары жұмыспен қамтуға көмектесетiн үйлестiру кеңестерiмен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Аталған кеңестер кәсiптiк одақтардың, жұмыс берушi қауымдастықтардың (мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар, қауымдастар, бiрлестiктер, кооператорлар одақтары, жалға берушiлер, кәсiпкерлер директорларының кеңестерi), мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi органдарының өкiлдерiнен құрылады.
      6. Жұмыспен қамту қызметiнiң функциялары, мiндеттерi мен құқықтары "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ ССР Заңында анықталған және оларды қоғамдық ұйымдар мен атқарушы өкiмет органдарының бөлiмшелерiне беруге болмайды.
      7. Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi органдарының жұмысы және оларды ұстау Жұмыспен қамту қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
      Жұмыспен қамту қызметi органдарының құрылымын, қызметкерлер санын, штат кестесiн және оны ұстауға жұмсалатын шығындар сметасын Қазақстан Республикасы Еңбек министрi мен жергiлiктi әкiмдердiң келiсуi бойынша Департаменттiң төрағасы бекiтедi.
      8. Облыстардағы, қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту қызметi органдарының басшыларын мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң жоғары тұрған органдары атқарушы өкiмет органдарының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      9. Жұмыспен қамту қызметiнiң қызметкерлерiне тиiстi атқарушы өкiмет органдары құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне көзделген еңбекақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету шарттары қолданылады.
      10. Жұмыспен қамту қызметiнiң органдары заңды ұйым, өздерiнiң жедеғабыл басқаруындағы жұмыспен қамту қорының қаржысына билiк етушi, оның нысаналы пайдаланылуына жауапты болып табылады, дербес балансы, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде есеп айырысу және валюталық есеп шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
      11. Жұмыспен қамту департаментi мен оның жергiлiктi органдары өзiнiң құзыры шегiнде:
      жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруды;
      еңбек нарығындағы ахуалды талдау мен болжамдауды және соның негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың келешектегi және ағымдағы бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруды;
      жұмысқа орналастыру iсiн ұйымдастыруды жетiлдiрудi, әлеуметтiк қолдауға мұқтаж және жұмыс iздестiруде қиындықтарды бастан кешiрiп жүргендерге арнаулы бағдарламалар әзiрлеудi, кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына және жұмыссыз азаматтар мен жұмыс iздеушi адамдардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына көмектесудi;
      мемлекеттiк басқару органдарымен, жергiлiктi атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен, қоғамдық ұйымдармен өзара iс-әрекет жасай отырып, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды кәсiптiк бағдарлау, кәсiптiк даярлау шараларын жүзеге асыруды;
      жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақы, оқуға жiберiлген жұмыссыз азаматтарға стипендия төлеу, жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыны алу құқығынан айырылған адамдар мен олардың қарамағындағы жандарға материалдық көмек беру тәртiбi мен шарттарын, халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық мәселелерi жөнiндегi заңдарды қолдану практикасын жетiлдiру;
      жұмыспен қамту проблемалары бойынша заңдық және нормативтiк актiлердiң жобасы әзiрленуiн;
      халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етедi.
      12. Жұмыспен қамту департаментi мен оның жергiлiктi органдарының:
      басқа мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен, жұмыс берушi одақтармен, кәсiптiк одақтармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесе отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттiк бағдарламасын (республикалық, облыстық және аймақтық) әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiнде ұйымдастыру шараларын жүргiзуге;
      өтемсiз негiзде тиiстi атқарушы өкiмет органдарынан, кәсiпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден, оқу орындарын қоса, жұмыспен қамту бағдарламасын әзiрлеуге қажеттi мәлiметтердi сұратып алуға. Белгiленген тәртiп бойынша жұмысшылардың еңбек, кәсiптiк даярлануы мен қайта даярлануының шарттарымен танысу үшiн, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң таратылуы немесе қызметкерлердiң жаппай босап қалуы кезiнде құрылатын комиссиялардың жұмысына қатысу үшiн, сондай-ақ олардың құзырына енетiн басқа да мәселелердi шешу үшiн кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге баруға;
      халықты жұмыспен қамтудың жайына әсер ететiн қаржы-кредит, инвестиция және салық саясаты жөнiндегi шаралар туралы шешiмдердi әзiрлеуге қатысуға;
      жұмыспен қамту қызметiнiң жұмыс iстеуiне, жұмыс пен қамту бағдарламасын және жұмысқа тартуды қамтамасыз етумен байланысты басқа шараларды жүзеге асыруға тiкелей көмектесетiн ұйымдар (олардың құрылтайшысы болу) құруға;
      еңбек нарығында азаматтарды жұмыспен қамтуға және әлеуметтiк қолдауға көмектесумен байланысты, бос жұмыс орындары жәрмеңкесiн өткiзудi қоса, қоғамдық акциялар мен бағдарламалар ұйымдастыруға;
      мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң қатысуымен iске асырылатын қосымша жұмыс орындарын құру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жұмыспен қамту мүмкiндiктерiн кеңейтетiн жұмыс берушiлердi көтермелейтiн құқықтық нормалар мен экономикалық шаралар әзiрлеуге;
      белгiленген тәртiп бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде конференциялар, семинарлар және кеңестер, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы озық тәжiрибенi көрсету үшiн көрмелер өткiзуге;
      белгiленген тәртiп бойынша жергiлiктi банктердiң бөлiмшелерiндегi Жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттiк қорының есеп-шоттарына кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, кооперативтердiң және басқа жұмыс берушiлердiң қаржы аударуының толымдылығы мен уақтылығын, жұмыспен қамту және еңбек туралы заңдарды қолданудың дұрыстығын бақылауға құқығы бар.
      13. Жұмыспен қамту департаментi шешiлуi осы Ережеде оның тiкелей қарауына жатқызған мәселелер жөнiндегi азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын заңда белгiленген тәртiп бойынша қарайды және олар бойынша қажеттi шаралар қолданады.
      14. Жұмыспен қамту департаментi еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға қарай белгiленген тәртiп бойынша өзiнiң қарамағындағы органдарды құрады, қайта құрады және таратады, олар туралы ережелердi (жарғыларды) бекiтедi, қызметiне басшылық етедi.
      15. Жұмыспен қамту департаментiнiң төрағасы және мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң жергiлiктi органдарының басшылары Жұмыспен қамту департаментi мен оның жергiлiктi органдарына жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жауап бередi, орынбасарлардың және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға жауапкершiлiк дәрежесiн анықтайды.
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 7 қыркүйектегi
                                           N 835 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
             шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
      1. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi туралы" 1991 жылғы 30 сәуiрдегi N 275 қаулысында (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 12, 79-бап):
      1-тармағының екiншi-алтыншы абзацтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi органдарының жүйесiне Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi, Халықты жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттiк қорының басқармасы мен атқарушы дирекциясы енедi.
      Жұмыспен қамту департаментi:
      орталық аппараттан;
      облыстық, Алматы және Ленинск қалалық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан;
      жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк даярлау және кәсiптiк бағдарлау орталықтарынан;
      қалалық (қаладағы аудандық) және аудандық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан тұрады".
      4-тармақтың қүшi жойылған деп танылсын.
      2. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 30 сәуiрдегi N 277 қаулысымен (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 12, 80-бап) бекiтiлген Халықты жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттiк қоры туралы Ереженiң 4-тармағының екiншi абзацындағы соңғы сөйлем алып тасталсын.
      3. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ ССР-iнiң мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi туралы және Қазақ ССР-нiң мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң инспекциясы туралы ережелердi бекiту туралы" 1991 жылғы 24 маусымдағы N 391 қаулысында (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 16, 100-бап):
      1-тармақтың Қазақ ССР-нiң мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi туралы Ереженi бекiтуге қатысты бөлiгiнiң күшi жойылған деп танылсын;
      2-тармақтағы:
      "мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi және оның" деген сөздер алып тасталсын;
      "осы ережелермен" деген сөздер "осы ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң инспекциясы туралы Ережеде:
      3-тармақтың бiрiншi, екiншi абзацтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi инспекциясының бастығын Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, әрi оның орынбасары болып табылады.
      Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi аймақтық органдары инспекцияларының бастықтарын Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментiнiң төрағасы Департамент инспекциясы бастығының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады