"Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1998 жылғы 23 сәуірдегі N 860/24322978-80065-45 келісім-шарт бойынша 4500 дана мөлшерінде В.И. Чапаев атындағы Чебоксары өндірістік бірлестігі (Чебоксары қаласы) Өзбек гидрометеорология жөніндегі республикалық басқармасының Гидрометеорологиялық процестерге белсенді әсер ету жөніндегі әскерилендірілген басқармасы (Ташкент қаласы) үшін беретін "Алазань"2М (ЧМ 15) және "Алазань-5" маркалы бұршаққа қарсы зымырандарын Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеуге рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі кеңесінің он бесінші отырысында 1996 жылғы 5 сәуірде бекітілген Қауіпті жүктерді темір жолдар арқылы тасымалдау ережелеріне сәйкес жүктің Қазақстан аумағы бойынша өтуіне қауіпсіздіктің ерекше шараларын және оны бақылауды қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті транзиттік тасымалдауларға заңдарда белгіленген тәртіп
бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.