Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 ақпан N 89. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.05. N 1663 қаулысымен. ~P991663

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 114-бабына сәйкес, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес, шыққан елі Өзбекстан Республикасы болып табылатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арнаулы кедендік баждың ставкасы 200 процент мөлшерінде бекітілсін.
      2. Арнаулы кеден бажының ставкасы әкелінетін тауарларға кедендік

баждың базалық ставкаларынан тыс алынады ден белгіленсін.
     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген 
тәртіппен Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан 
Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы 
комитетіне Қазақстан тарапынан қабылданатын қорғаныштық шаралар туралы 
хабарласын.
     4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                      Үкіметінің
                                      1999 жылғы 5 ақпандағы
                                      N 89 қаулысына
                                           қосымша
     
          Өзбекстан Республикасының аумағынан Қазақстан 
          Республикасының аумағына әкелу кезінде оларға
            қатысты арнаулы кеден бажы қолданылатын
                    тауарлардың тізбесі
     
 __________________________________________________________________________
|      Тауардың атауы                                   |  СЭҚ ТН коды     
______________________________________________________  |_________________
|Күріш                                                  |     1006         
|Жарма, ірі тартылған ұн және күріштің ұсақталған       | 1103 14 000      
|түйіршіктері                                           |                  
|Маргарин                                               |     1517         
|Жеміс шырындары (жүзім ашытқысын қоса алғанда) мен     |     2009         
|көкөніс шырындары                                      |                  
|Майонез                                                | 210390900        
|Алкогольді және алкогольсіз сусындар                   |      22          
|Темекі және темекіні өнеркәсіптік алмастырғыштар       | 24(2401 басқа)   
|Боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкерлер      |     2523         
|нысанындағы протландцемент, сазбалшық цементі,         |                  
|шлак цементі, суперфосфат цементі және осындай         |                  
|гидравликалық цементтер                                |                  
|
|______________________________________________________ |________________ 
 Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Икебаева А.       
            
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады