Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 ақпан N 97. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.05. N 1661 қаулысымен. ~P991661

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі Мұхтар Қабылұлы Әблязов Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілі болып тағайындалсын.
      2. Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілі міндетінен босатылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 

1998 жылғы 24 маусымдағы N 591 


P980591_
 

  қаулысына мынадай өзгерістер

енгізілсін:

     1-тармақта:

     "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары -

Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы" деген сөздер

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

деген сөздермен ауыстырылсын;

     екінші абзац алынып тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады