Радиоактивті сәулелену көздерінің импорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 ақпан N 101

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ведепсер" химия комбинатының құрылыс салу және монтаждау жөніндегі акционерлік қоғамына Венгер Республикасынан Қазақстан Республикасына "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігімен 1996 жылғы 22 тамыздағы N ОМ-130 келісім-шартқа сәйкес Теңіз мұнай-газ кешенінде дәнекерлеу жіктерінің сапасына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін он радиоактивті сәулелену көздерін:

 

     белсенділігі 4,44 ТБк Ir-192 (екеу)

     белсенділігі 2,22 ТБк Ir-192 (сегіз) (СЭҚ ТН коды-2844 40 000) әкелуге

рұқсат берілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия берсін.

     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады