"Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 ақпан N 115

   
 

      "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамы мен "Scanburg AB" компаниясының (Швеция) арасында жасалған 1995 жылғы 24 қарашадағы N КR/95- 1156 несиелік келісім-шартқа сәйкес ресімделген металл берилийін уақытша әкету мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Әділет министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп бір апталық мерзім ішінде "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамының қызметіне кешенді тексеру және "Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамы "Scanburg AB" (Швеция) және "Баргаль" (Израиль) фирмаларымен жасасқан келісім-шарттарға сараптама жүргізу үшін құрылатын Үкімет комиссиясының жеке құрамы жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс табыс етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) 1995 жылғы 24 қарашадағы N КR/95-1156 несиелік келісім-шартқа

 

сәйкес Швецияға әкетілген металл берилийін уақытша әкетудің мерзімін 1999

жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартсын.

     2) кәсіпорын кезекті жүктік кедендік декларацияларды ресімдеу кезінде

көрсетілген өнімге кедендік алымды 0,1 процент мөлшерінде жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Қасымбеков Б.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады