Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы N 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 ақпан N 121

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "GSM және CDMA стандартты ұялық байланыстардың желісін құру және пайдалану туралы" 1998 жылғы 24 ақпандағы N 134 P980134_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 6, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-1 тармақтағы "1998 жылдың IV тоқсанында" деген сөздер "1999 жылдың ІІ жартыжылдығында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      Қазақстан Республикасында GSM стандартының ұялық байланыс желілерін ұйымдастыру құқығына арналған конкурс өткізу жөніндегі комиссияның құрамына:
      Қайрат Сәлімұлы Кәрібжанов - Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм вице-министрі, комиссияның төрағасы;
      Асқар Қайратұлы Нәсиев - Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Ақпараттық жүйелер департаментінің директоры;
      Мәдина Жанаталқызы Шаншарбаева - Қазақстан Республикасы Әділет

 

Министрлігінің заңдар және халықаралық құқық департаменті директорының

орынбасары енгізілсін;

     Еркін Жәкенұлы Қалиев, Ілияс Әбілқайырұлы Өтембаев, Ғани

Берекетұлы Тоқсанбаев көрсетілген құрамнан шығарылсын;

     6-тармақтың үшінші абзацындағы "1998 жылдың IV тоқсанында" деген

сөздер "1999 жылдың ІІ жарты жылдығында" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Қасымбеков Б.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады