Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәлімдемесі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 ақпан N 135

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрынғы құрамының Бағдарламасы

 

қолдалсын.

     2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа

құрамының "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру

жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы

28 қаңтардағы N 3834 


U983834_
 

  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын басшылыққа

алу ниеті туралы мәлімдемесі Қазақстан Республикасының Парламентіне

жолдансын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



             Қазақстан Республикасы Үкiметiнің

                    Мәлімдемесі



 
       Қазақстан Республикасының Конституциясына (67-бап, 2-тармақ), "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (7-бап, 1-тармақ) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi 1997 жылғы 28 қарашада ел Парламентi мақұлдаған және "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнң 1998-2000 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын өзiнiң қолдайтындығы және оны өз қызметiнде басшылыққа алу ниетi туралы мәлiмдейдi.
      Үкiметтiң 1999 жылға арналған "Стратегия - 2030-ды" орындау жөнiндегi мiндеттерi экономиканың нақты секторларындағы белсендi iс-қимылдардағы, инвестицияларды тартудың үстем саясатын жүзеге тартудағы, халықтың әлеуметтiк жағдайының күрт нашарлауына жол бермеудегi макроэкономикалық тұрақтылықты ұстауға бағытталады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бұл мiндеттердiң объективтi экономикалық нақты жағдайға, атап айтқанда, әлемдiк қаржы дағдарысының тереңдеуiне және әлемдiк шаруашылық байланыстарына интеграцияланған Қазақстанның оның тұрақтылықты бұзу ықпалын сезiне алмай тұрмайтындығына орай қойылып отырғандығын ұғынады.
      Өткен 1998 жыл Қазақстан үшiн егемен, дамушы мемлекет, халықаралық қарым-қатынастардың толыққанды субъектiсi ретiнде қалыптасуы мен дамуы жолында бетбұрыс кезеңi болды. Бiрыңғай мемлекеттiк билiктiң барлық бұтақтарының, халықтың белсендi және өкiлдi бөлiгiнiң қолдауында қоғамдық институттардың бiрлескен күшiмен қоғамдық және әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылық сақталды. Тәуелсiз демократиялық мемлекет құруда, Қазақстанның халықаралық танылуы мен беделiн нығайтуда айтарлықтай iлгерiлеушiлiкке қол жеткiзiлдi.
      Бұл жұмысқа Үкiмет ел Президентi жария еткен Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мемлекеттiң экономикалық жүйесiн тұрақтандыру мен нығайту процестерiн мақсатты түрде жүзеге асыра отырып өз үлесiн қосты. Тiптi қатал бағалаудың өзi Қазақстанның еншарлық ұштасқан бұрынғы проблемалар жүктерiнiң болуына, көптеген елдердiң экономикасына күйретушi ықпалын тигізген кең ауқымды дағдарыстың қысымына қарамастан жүйелi экономикалық реформалауда айтарлықтай iлгерлеуi фактiсiн мойындамай тұра алмайды.
      Сонымен бiр уақытта Үкiмет басталған жылдың қиыншылықтарын да анық көрiп отыр, бұрынғы Үкiметтер қолға алуға жүрексiнген қатаң шараларды қабылдауға да саналы түрде барып отыр және қабылданып отырған шешiмдер үшiн жауапкершіліктi толығымен өз мойнына алады.
      Yкiмет:
      - орталық және жергiлiктi басқару органдарының функцияларын айқын шектеу және оған сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы шығыстарды бөлуге;
      - тиiстi салықтар мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында жалпы мемлекеттiк салықтарды бөлудiң тұрақты нормативтерiн ұзақ уақытқа бекiтуге;
      - мемлекеттiк меншiктi республикалық және коммуналдық меншiкке бөлу, оның негізiнде бюджеттердiң бөлiнуiн жүргiзуге;
      - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтарды дамыту үшiн қарызға қаражат алу жөнiндегi өкiлеттiктерiн кеңейтуге бағытталған шаралардың кешенiн жүзеге асыруды ұсынады.
      Стратегиялық мақсаттарды бағдар ретiнде ұстана отырып Yкiмет өзiнiң күш-жiгерiн мынадай басты жұмыс бағыттарына жұмылдырады:
      - әлеуметтiк салада шығынды азайту және атаулы әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету кезiнде бюджет қаражатын барынша үнемдеу;
      - инфляцияның төмен деңгейiн ұстауды және мемлекеттiк қарыз алуды қолдауды ұйғаратын макроэкономикалық тепе-теңдiктi, мемлекеттiк бюджет тапшылығының жол берiлетiн мөлшерiн және төлем балансын ұстап тұруды сақтау;
      - отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, экспорт пен импортты, оның iшiнде теңгерiмдi тарифтiк, антидемпингтік, салықтық және кеден саясатын жүргiзу есебiнен, дамуын қолдау;
      - кәсiпкерлiктi дамыту, қоғамдық жұмыстарды кеңейту;
      - тиiстi жобаларда отандық өнiмдер мен жергiлiктi кадрларды барынша пайдалану кезiнде тартылған займдар мен инвестицияларды тиiмдi игеру;
      - мемлекеттiк қызметтi реформалау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жалғастыру;
      - қылмыскерлiкке қарсы күрестi күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
      - мемлекеттiк меншiктi басқарудың ашықтығы мен тиiмдiлiгiн арттыру;
      - Қазақстанның халықаралық беделiн нығайта түсу, оның пәрмендi iшкi дамуы үшiн қолайлы халықаралық жағдай жасау.
      Ел Yкiметiнiң осы басым бағыттар бойынша жұмысы кең ауқымды дағдарыстың жағымсыз әлеуметтiк салдарының барынша тігiсiн жатқызуы, халықтың кiрiстерiн жоғалтуын барынша азайтуы және бұдан әрi экономикалық өсуге негiз салуы тиiс.
      Қалыптасып отырған дағдарысты жағдайдан шығудың қажеттi шарттарының бiрi бюджет шығыстарын қысқарту болып табылады, оны Үкiмет, бәрiнен бұрын, мемлекеттiк органдарды ұстауға арналған әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту жолымен әуелi өзiнен бастайды.
      Алда тұрған мiндеттердi шешу үшiн Үкiмет өзiнiң қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 - 2000 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарын бекiттi. Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу Қазақстанда инвестициялық ахуалдың нығаюына, Үкiмет пен елдiң Ұлттық Банкiнiң сыртқы жағымсыз факторлардың әсерiн жұмсарту жөнiндегi үйлестiрiлген iс-қимылына жәрдемдесетiн болады. Үкiмет көзделген iстi орындауды қамтамасыз ететiн негiзгi бағдарламалық және нормативтiк құжаттарды әзiрлеп, оларды барлық мүдделi мемлекеттiк органдарға жолдады.
      Ел Президентiнiң алға қойған мiндеттерiн орындау стратегиялық басымдықтарға қол жеткiзу күштi, тиiмдi жұмыс iстейтiн атқару өкiметiнсiз мүмкiн емес. Бұл жерде төменнен жоғарыға қарай еркiн рыноктық экономиканың тiнiн жасайтын және барлығы үшiн ортақ, бiрдей және түсiнiктi ойын қағидасын қалыптастыратын қатаң вертикалдар туралы сөз болып отыр. Экономикаға мемлекеттiк араласу шенеунiктiк өзiмбiлдiкпен және жемқорлықпен қоса жүрмеуi тиiс. Атқарушы өкiмет деңгейлерiнiң iс-қимылының топтасушылығы жұмыстың түпкi нәтижелерi үшiн басшылардың жеке жауапкершiлiгiмен нықталуы тиiс.
 
                          ххх
 
      Үкiмет ұсынылып отырған шаралардың негiзгi ауыр жүгiн өзiне қабылдай отырып, бұрынғысынша өз жұмысында кәсiподақтармен және өзге де қоғамдық бiрлестiктермен сындарлы диалог пен ынтымақтастық үшiн ашық, демократиялық институттарды нығайту және кемел азаматтық қоғамды қалыптастыру жөнiндегi шараларды iске асыруға белсендi атсалысатын болады.

 

     Үкiмет Қазақстан Республикасы Президентiнiң алға қойған мiндеттерiн

орындау бойынша өкiметтiң барлық бұтақтары мен қоғамның салауатты

күштерiнiң шалымды практикалық iс-қимыл жасайтын уақыты туғандығына

сенiмдi. Тек бiздiң күш-жiгерiмiздiң топтасуы ғана iсте елдiң

экономикасын тұрақтандыруға және оның одан әрi iлгерiлеуiне жәрдемдесетiн

болады.




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Икебаева А.Ж.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады