Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 ақпан N 145

      Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 U962895_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын Қазақстан Республикасының министрліктері мен агенттіктері аталған бағдарламалар бойынша конкурстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыратын тәуелсіз мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүзеге асырсын.
      2. Қолданбалы ғылыми зерттеулердің қорытындыларын қалыптастыру, тіркеу, іске асыру және мемлекеттік қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының әкімшілері

 

болып табылатын Қазақстан Республикасының министрліктері мен

агенттіктері Мемлекеттік тапсырыс туралы ережені қолданбалы ғылыми

зерттеулер бөлігінде осы қаулыға сәйкес келтірсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Икебаева А.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады