Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына разрядтық жүкті транзиттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 ақпан N 147

 

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) мен "Химзавод" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (Исфара қаласы, Тәжікстан Республикасы) арасында жасалған 1999 жылғы 13 қаңтардағы N 27/99-НВ келісім-шартқа сәйкес 100 тонна мөлшеріндегі және "Заря" Рубежан қазыналық химия зауыты (Рубежное қаласы, Украина) мен "Химзавод" ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (Исфара қаласы, Тәжікстан Республикасы) арасында жасалған 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1708 келісім-шартқа сәйкес 5000 тонна мөлшеріндегі разрядтық жүкті Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі тасымалдауды Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 1996 жылғы 15 сәуірдегі он бесінші отырысында бекітілген темір жолмен қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес Қазақстан аумағы бойынша жүктің жылжуына қауіпсіздік пен бақылаудың айрықша шараларын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті транзиттік тасымалдауларға заңдарда белгіленген тәртіппен

бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

Орынбекова Д.

Қобдалиева Н.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады