"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 ақпан N 164

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының

Үкімет арасындағы темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен

ұйымдарының қызметін құқықтық реттедің ерекшеліктері туралы келісімді

бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                                      жоба


                      Қазақстан Республикасының

                                Заңы


        Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының

    Үкіметі арасындағы Темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен

   ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді

                          бекіту туралы


     1997 жылғы 8 сәуірде Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы

Темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін

құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

     Президенті


            Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

               Қырғыз Республикасының Үкіметі

        арасындағы Темір жол көлігінің кәсіпорындары,

               мекемелері мен ұйымдарының

       қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы


                        Келісім


     Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі:


 
       1992 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Темір жол көлігінің қызметін реттеу туралы келісімді,
      1992 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықтың принциптері мен қарым-қатынастардың шарттары туралы Келісімді,
      1994 жылғы 30 сәуірдегі, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ортақ экономикалық кеңістік құру туралы Шартты негізге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы темір жолдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы осы Келісімге қол қойды:
 
                            1-бап
 
      Тараптар бір мемлекеттің темір жолы құрамына кіретін, осы Келісімнің қолданыс мерзіміне өзі балансында тұрған кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басқаруына берілген, бірақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан мүлікті темір жол көлігінің мүлігі деп есептеуге келісті.
      Осы Келісімде пайдаланылған түсініктер төмендегілерді білдіреді:
      "темір жол көлігінің мүлкі" - кәсіпорындар, олардың жеке объектілері, сондай-ақ осы Келісімге қол қою кезінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз республикасы темір жолдарының құрамына кіретін учаскелерде орналасқан мекемелер мен ұйымдардың мүлкі және жолаушылар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетеді, темір жолшылар мен олардың отбасыларына қызмет етеді. Осы Келісімнің қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерінің Тізімі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын N 1 Қосымшада келтірілген;
      "мүлікті басқару":
      кәсіпорындарға қатысты - осы мүлікті билеу мүлік иесінің немесе мүлік иесі уәкілдеген органның келісімімен жүзеге асырылатын қозғалмайтын мүліктен, қозғалмалы құрам мен контейнерлерден басқа кәсіпорынның балансындағы мүлікті иелену, пайдалану және билеу бойынша шаруашылық жүргізу құқығы;
      мекемелер мен ұйымдарға қатысты - мекемелер мен ұйымдарға бекітілген мүлікті иелену, пайдалану және билеу бойынша шұғыл басқару құқығы. Мекеме мен ұйымның смета бойынша бөлінген қаржысы есебінен алынған өзінің атына бекітілген мүлікті бөлектеуге немесе басқа әдіспен билеуге құқығы жоқ.
 
                       2-бап
 
      Темір жол көлігінің мүлігі өзін оның аумағында орналасқан мемлекеттің меншігі болып табылады.
      Темір жол көлігінің жаңадан салынған объектілері мен жаңадан сатып алынған жылжымалы мүлік өздері оның қаржысына салынған немесе сатып алынған мемлекеттің меншігі болып табылады.
      Темір жол құрамына кіретін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың жеке мүлігі мемлекет иелігінен алынбайды және жекешелендірілмейді.
 
                           3-бап
 
      Осы Келісімнің іс-әрекеті кезеңіне темір жолдарға бөлінген жерлер мен стансалар (жол бойының маңайын қосқанда), құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, қорғайтын және нығайтатын ағаш егістері және кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өзге де объектілері (бұдан әрі темір жол көлігінің жерлері деп аталады) осы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың пайдалануында болады.

 

     Темір жол көлігі кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының

өндірістік және әлеуметтік базасын дамытуға жер беру, сондай-ақ темір

жол көлігінің жерлерін пайдалану тәртібі олар аумағында орналасқан

мемлекеттің заңдарына сәйкес белгіленеді.


                       4-бап


     Жер салығы оның аумағында темір жол көлігінің жерлері орналасқан

мемлекеттің заңдарына сай белгіленеді.


                       5-бап



 
       Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қырғыз Республикасы темір жолдарының кәсіпорындарын, мекемелері мен ұйымдардың құру, қайта ұйымдастыру мен тарату, Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жолдарының кәсіпорындарын, мекемелері мен ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру мен тарату сиқты, олар аумағында орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес екі тараптың немесе олар өкілдеген мемлекеттік органдардың келісуі бойынша жүргізіледі.
      Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметін қаржыландыру олар құрамына енетін темір жолдар үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
 
                        6-бап
 
      Осы Келісімнің қызмет аясына қатысты темір жол учаскелері арқылы жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезінде темір жол тарифтерін қолдану тәртібі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын N 2 Қосымшада келтірілді.
 
                        7-бап
 
      Кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерінің еңбегі мен еңбек ақысының мәселелері осы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар темір жолдарының құрамына кіретін мемлекеттің заңдарына сәйкес реттеледі.
      Аталған кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ осы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне олар аумағында тұратын мемлекеттің азаматтары үшін белгіленген барлық әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің күші жүреді.
 
                        8-бап
 
      Осы Келісімнің қызмет аясына қатысты кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда сақтандыру қызметі өздері аумағында орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін.
 
                       9-бап
 
      Бір Тарап мемлекетінің аумағынан осы мемлекеттің аумағына, сондай-ақ бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші тарап мемлекетінің аумағына бір темір жол шектерінде орналасқан темір жол учаскелері арқылы тасымалданатын жүкті алып жүретін әскери күзеттің қарулы нарядтарын, сондай-ақ жолаушылар мен жүктер тасымалдарына байланысты жолаушы пойыздарына, жүктерге, алып жүретін тұлғаларға еріп жүретін милиция нарядтары мен әскери мен әскери нарядтарды (қарауылдарды) Тараптардың тиісті органдарына алдын-ала мәлімдеумен, жүктелген тапсырмаларды орындауға

 

нақты көмек көрсетумен, құзырлы органдардың қаруға берген құжаттарын

көрсеткен бойда жүзеге асырылады.


                     10-бап


     Осы келісімнің қолданылу аясына қатысты мәселелер бойынша

тараптардың арасындағы пікір алшақтықтары мен даулар екіжақты

келіссөздер жолымен шешіледі.


                     11-бап


     Осы Келісім Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертілуі немесе

толықтырылуы мүмкін.


                    12-бап



 
       Осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекетті процедураларды Тараптардың орындағаны туралы олардың соңғы мәлімдемелері түскен күнінен бастап күшіне енеді және Тараптардың біреуінің жазбаша түрде оның күшін тоқтатқысы келетіні туралы өзінің ниетін мәлімдеген күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.
      1997 жылғы 8 сәуірде Алматы қаласында, екі данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің де күші бірдей. Осы Келісімді түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.
 

     Қазақстан Республикасының         Қырғыз Республикасының

          Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін



                                     Қазақстан Республикасының



                                     Үкіметі мен Қырғыз Республикасының

                                     Үкіметі арасындағы темір жол көлігінің

                                     кәсіпорындары, мекемелері мен

                                     ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің

                                     ерекшеліктері туралы Келісімге




                                            N 1 Қосымша




 

     Қазақстан Республикасының темір жолдары құрамына кіретін

       Қырғыз Республикасы темір жолдарының учаскелері


     Республикалық Мемлекеттік "Қазақстан темір жолы" кәсіпорнының

құрамындағылар (барлығы 12 км):

     Күркіреу станциясы - Шөлдала станциясы - 12 км

     (Шымкент-Жамбыл желісі)


     Қырғыз Республикасы темір жолдарының құрамына кіретін

      Қазақстан Республикасы темір жолдарының учаскелері


     Қырғыз Республикасы темір жолдарының құрамындағылар (барлығы - 59 км):

     Қайыңды станциясы - Луговая станциясы -59 км

     (Бішкек-Луговая желісі)





                                    Қазақстан Республикасының



                                    Үкіметі мен Қырғыз Республикасының

                                    Үкіметі арасындағы темір жол көлігінің

                                    кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының

                                    қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері

                                    туралы Келісімге

                                          N 2 Қосымша



 
 
              Осы Келісімнің қызмет аясына қатысты
      темір жол учаскелері бойынша жолаушылар мен жүктер
               тасымалдары кезінде темір жол
                тарифтерін қолдану тәртібі
 
      N 1 Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жолаушылар мен жүктердің транзитті тасымалдары кезінде құрамына осы учаскелер енетін темір жолында күші жүретін тарифтер қолданылатын болады.
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қырғыз темір жол стансаларынан қарай Қазақстан Республикасының темір жол стансаларына және кері бағытта жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезінде Қазақстан Республикасының темір жолдарында күші жүретін тарифтер қолданылады.
      Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қырғыз темір жол стансаларынан және кері бағытта жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезінде Қырғыз Республикасының темір жолдарында күші жүретін тариф қолданылады.
      Аталған тасымалдар үшін төлем валютасы Тараптар мемлекеттеріндегі қолданыстағы ережелерге сәйкес белгіленеді.
      Осы келісімнің N 1 Қосымшасында көрсетілген темір жол учаскелерінің шектерінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде осы учаскелер аумағында орналасқан мемлекеттің ішкі тарифтері қолданылады. Бұл жағдайда тасымалдау үшін төлемдер аумағында төлемдер орындалатын мемлекеттің валютасымен алынады.
      Халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктер тасымалдарының төлемі қолданыстағы халықаралық Келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Жүктердің транзиттік тасымалдары үшін төлем Тәуелсіз Мемлекеттер

 

Достастығына қатысушы-мемлекеттердің тарифтік келісімдері шеңберінде жүзеге

асырылады.

     Тараптар Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағы

(Шеңгелді-Луговая желісі) арқылы жүктерді Қырғыз Республикасына

транзитті тасымалдау кезінде қазақстан жағы қолданыстағы транзиттік

тарифке (ТП МТТ) жеңілдіктер бере алады. Осыған орай жасалатын бағаны

кемітудің проценті "Қазақстен темір жолы" Республикалық Мемлекеттік

кәсіпорны мен "Қырғыз темір жолы" арасындағы жасалатын шарт бойынша

экономикалық мүмкіндік есептері негізінде әрбір фрахталық жылға белгіленеді.



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады