Экологиялық жағдайды жақсарту және су ресурстарын басқару жөніндегі бірінші кезекті жоспарларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Франция Үкіметінің жеңілдікті займы қаражатының есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық жобалардың тізбесін Франция Үкіметіне ресми жолдасын.
3. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру кезінде осы қаулымен бекітілген жобаларды ескерсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Франция Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Жеңілдікті займ туралы келісімді қол қоюға дайындасын;
жыл сайын республикалық бюджеттік қалыптастыру кезінде бекітілген
тізбеге сәйкес жобаларды іске асыруға қаржы көздесін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 26 ақпандағы
N 179 қаулысымен
бекітілген
Франция Үкіметінің жеңілдікті займы қаражатының есебінен
қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі
__________________________________________________________________________
|N| Жобаның атауы | Жауапты атқарушы | Жобаның әзірленуі
|_|______________________________|_____________________|___________________
|1|Павлодар қаласындағы "Химпром"|Қазақстан Республика.|Техникалық-экономи.
| |АҚ-ында сынаптан айыру және |сының табиғи ресурс. |калық негіздемесі
| |сынаппен ластанудың ошағын |тар және қоршаған ор.|Дүниежүзілік Банк.
| |жою |таны қорғау министр. |тің зонт жобасының
| | |лігі |шеңберінде әзірле.
| | | |неді.
|_|______________________________|_____________________|___________________
|2|Вячеслав су қоймасынан Астана |Астана қаласының |Техникалық-экономика
| |қаласындағы сүзгі станциясына |әкімі |лық негіздемесі то
| |дейінгі су арнасының үшінші | |лық көлемде әзірле
| |тармағы | |нді.
|_|______________________________|_____________________|___________________
|3|Нұра-Есіл өзендерінің бассейн.|ҚазақстанРеспублика. |Техникалық-экономи
| |дерінің су ресурстарын |сының табиғи ресурс. |лық негіздемесі Дү.
| |басқару: |тар және қоршаған |ниежүзілік Банктің
| |Нұра-Есіл өзендерінің бассейн.|ортаны қорғау |зонт жобасының шеңб
| |дері үшін су ресурстарын бас. |министрлігі |ерінде әзірленеді.
| |қарудың мүмкіндіктерін зерде. | |
| |леу; | |
| |Нұра өзені табаны шөгінділері.| |
| |нің сынаппен ластануы | |
|_|______________________________|_____________________|___________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.