Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 188 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 4073 U984073_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне 3 қызметтік жеңіл автомобиль лимиті белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігін ұстауға республикалық бюджет жобасында қаражат қарастыратын болсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады