"Индустрия паркі" ашық акционерлік қоғамы жүзеге асыратын Ауылдық
жерлерге арналған телекоммуникациялық жабдықтарды өндіру және
жетілдіру бағдарламасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының
1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы
туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1388
қаулысына мынадай
өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 3-қосымшада:
реттік нөмірі 13-жолдың 3-бағанындағы "Қазақтелеком" АҚ" деген
сөздер "Индустрия паркі" ААҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.