"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Облыстың (Астана және Алматы қалалары) әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері екі апталық мерзім ішінде Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялар туралы ережені бекітсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 2 наурыздағы
N 194 қаулысымен
бекітілді
Облыстың (Астана мен Алматы қалалары) әкімінің
жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі
комиссия туралы
Үлгі ереже
І. Жалпы ережелер
1. Облыстың (Астана мен Алматы қалалары) әкімінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің (бұдан әрі - әкімнің) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, әкімнің шешімі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі кешенді аймақтық (облыстық, қалалық және аудандық) бағдарламаларды қалыптастыру;
2) отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық қолдау жөніндегі өзге де іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
3) халықтың денсаулық жағдайын, ана мен баланы қорғауды, отбасының тыныс-тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық шарттарын қайта өркендету процестеріне кешенді талдау жүргізу;
4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы мәселелері жөніндегі ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
5) әйелдердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарға өкілдігін кеңейтуге жәрдемдесу;
6) әйелдерді тарта отырып шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны іске асыруға қатысу;
7) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;
8) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепте жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
10) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектілерін неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдармен өзара іс-қимыл жасау;
11) өз құзыретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу;
12) функциялары жөнінен, осындай төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.
ІІІ. Комиссияның өкілеттігі
4. Комиссияның өз құзыретінің шегінде:
1) өзінің отырыстарына әкімге тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тыңдауға;
2) белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар, материалдар және ақпарат сұратуға;
3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың жол берілген бұзылуы фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туралы ұсыныс енгізуге;
4) белгіленген тәртіппен Комиссияның отырыстарын дайындауға, тексерулерге және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде қоғамдастықтың беделді және кәсіби даярланған өкілдерін тартуға;
5) функциялары бойынша осындай төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға;
6) әйелдердің арасынан кандидатураларын басшы лауазымдарға ұсынуға жәрдемдесуге;
7) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге ұйымдарға статистикалық, талдаулық, әдістемелік және өзге ақпараттық материалдар жолдауға құқылы;
8) Комиссия азаматтардың келіп түскен өтінімдерін қараудың, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларының қорытындысы бойынша, мәні бойынша шешім қабылдау үшін, тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына материалдар жолдай алады.
IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия өз қызметін осы Үлгі ережеге сәйкес әкім бекіткен Ереженің негізінде жүзеге асырады.
6. Комиссияны, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасымен келісім бойынша, әкім тағайындайтын төраға басқарады.
Комиссияның төрағасының орынбасары бола алады.
7. Комиссияға, әдетте жергілікті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссиялардың сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім белгілейді.
8. Комиссиялардың отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
9. Комиссия шешімді Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса құқық күші бар болып саналады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
10. Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияның қызметіне басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) Комиссияның отырысының күн тәртібін жасайды;
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша отырыстарға оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
4) Комиссия мүшелерінің қатарынан Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
5) тоқсан сайын әкім мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;
6) әкімнің шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
V. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
11. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, функциясын әкімнің аппараты құрылымдық бөлімшелерінің бірі орындайтын, оның хатшылығы жүзеге асырады.