Соттардың Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 386-бап 1-бөлігін және 387-бап 3-бөлігін қолдануы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 21 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 30.06.2000 N 9 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 30.06.2000 N 9 қаулысымен.

      Соттардың ҚР АІЖК-нің 386-бап 1-бөлігін және 387-бап 3-бөлігін қолдануы кезінде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

      1. ҚР АІЖК-нің 387-бап 3-бөлігіне сәйкес материалдық не іс жүргізу құқық нормаларының тек едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғаруларын, қаулыларын қадағалау тәртібінде қайта қарауға негіз болып табылатынына қадағалау сатысындағы соттардың назары аударылсын.

      Бұндай бұзушылықтарға заңсыз сот актісін шығаруға әкеліп соқтыратын АІЖК-нің 365-бабында көрсетілген материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбау, сондай-ақ процессуалдық құқық нормаларын бұзушылықтар: істі оны қарауға құқы жоқ судьяның қарауы, АІЖК-нің сот ісін жүргізу тілі туралы нормаларының сақталмауы, соттың іске қатысуға шақырылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселесін шешуі, сот актісінде судья қолының болмауы немесе сот актісінде көрсетілген емес, басқа судьяның қол қоюы, істе сот мәжілісі хаттамасының болмауы жатады.

      Басқа процессуалдық бұзушылықтар орын алған жағдайда соттың маңызы бойынша дұрыс шешімін, ұйғаруын немесе қаулысын тек қана формалдық пікірлер бойынша қайта қарауға болмайды.

      2. Тараптардың процессуалдық қызметі салдарымен байланысты зерттеу кезіндегі дәлелдердің толық болмауы, егер сот істі дұрыс шешу үшін заңмен көзделген шараларды қолданса, онда ол сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауға әкеп соқтыратын бұзушылық болып танылмайды.

      3. Іске қатысушы адамдардың бірінің, сот мәжілісінің уақыты мен орны туралы хабардар етілмей, істі қарауға қатыспай қалуы, егер бұл заңсыз шешім шығаруға себеп болса, сот актісін қадағалау тәртібінде қайта қарауға әкеп соқтырады.

      4. Егер облыстық немесе оған теңестірілген сот төралқасы мүшелерінің аудандық және оған теңестірілген соттың заңды күшіне енген шешімін, ұйғаруын, қаулысын қайта қарауға негіз жоқ деген қорытындысы болса, ал Жоғарғы Соттың сот алқасының судьясы немесе төралқасы мүшелері қайта

     

      жазылған қадағалау шағымын қарау нәтижесінде сот актісін қайта қарау

      туралы қорытынды жасаса, онда ол АІЖК-нің 368-бабының 1-тармағына сәйкес

      шағымды қарау үшін іспен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сот

      төралқасына жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының төрағасы

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы,

      Пленум хатшысы

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады