Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 наурыз N 233. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.19. N 1754 қаулысымен. ~P991754

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туралы ереже;
      2) <*>
      3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      ЕСКЕРТУ.1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойылды - ҚР Үкіметінің
              1999.05.21. N 608 қаулысымен. P990608_
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне үш вице-министр, оның ішінде бір бірінші вице-министр ұстауға рұқсат етілсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608
              қаулысымен. P990608_
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301
               қаулысымен. P991301_

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі ведомстволарының ережелері мен құрылымдарын бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                  Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген


           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
            білім және спорт министрлігі туралы
                        Ереже

                 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) денсаулық сақтау, орта және кәсіптік білім, спорт және дене тәрбиесі салаларында Қазақстан Республикасының басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ.1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608
              қаулысымен. P990608_

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік заңды тұлға ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапын білдіруге құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ.3-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.21.
              N 608 қаулысымен. P990608_
      4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.
      5. Министрліктің штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі бекітеді (бұдан әрі - Министр). <*>

     ЕСКЕРТУ.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. 
             N 608 қаулысымен.  

P990608_

 
     6. Министрліктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 
4
<*>

     ЕСКЕРТУ.6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 
             қаулысымен.  

P990608_

 
     7. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
<*>

     8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. 
              N 608 қаулысымен.  

P990608_

 

     9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен 
жүзеге асырылады.
     Министрліктің өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау 
тұрғысынан басқа кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруіне 
тыйым салынады.
     Егер Министрлікке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге 
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кіріс мемлекеттік 
бюджеттің кірісіне аударылады.
     
      2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
     
     10. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды 
жүзеге асырады:


      1) денсаулық сақтауды, орта және кәсіби білімді, спорт пен дене тәрбиесін дамытудың тұжырымдамаларын, стратегияларын, мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді, заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      2) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім, спорт пен дене тәрбиесі саласында халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысады және оларға қол қояды;
      3) жалпы орта, алғашқы кәсіби, орта кәсіби білімнің, жоғары медициналық білімнің және спорт саласындағы білімнің мемлекеттік стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
      4) шетел несиелері мен инвестицияларын тарту мен пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) оқыту технологиясы саласында инновациялық саясат жүргізеді, орта білімді информатикаландыруды, бірінші кезекте мектептерді компьютерлендіруді, жаңа буын оқулықтарын шығаруды қамтамасыз етеді;
      6) жалпы орта, кәсіби-техникалық және арнаулы орта оқу орындарын мемлекеттік аттестациялауды жүзеге асырады;
      7) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асырады;
      8) жалпы орта, кәсіби-техникалық және арнаулы орта оқу орындарына арналған білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды әзірлейді және бекітеді, халықаралық шарттардың негізінде олардың баламдылығын анықтайды, орта және кәсіби білім, сондай-ақ жоғарғы медициналық білім туралы шетел құжаттарын Қазақстан Республикасының аумағында тану (нострификациялау) мәселелерін шешеді;
      9) денсаулық сақтауды, фармацевтік және медицина өнеркәсібін дамыту жөнінде шаралар әзірлейді, халыққа дәрі-дәрмек көмегін көрсетеді;
      10) мүдделі ұйымдармен бірлесе отырып республикалық халықаралық жарыстарды және спорттық кешенді шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
      11) өзіне заңдарда жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім, спорт және дене шынықтыру саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру;
      2) заңдарға сәйкес азаматтардың медициналық көмектің тегін кепілді көлемін алуын қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік оқу орындарында азаматтардың кепілді тегін орта білім алуын қамтамасыз ету;
      4) елде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуына бақылау жасау;
      5) медициналық және фармацевтік ғылымды жетілдіру;
      6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық, оқу және ғылыми-өндірістік базасын дамыту;
      7) кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
      8) денсаулық сақтау, жалпы және кәсіби білім, спорт және дене тәрбиесі салаларында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
      9) Министрлік құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
      12. Министрлік негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мынандай құқықтарды иеленеді:
      1) ведомстволық бағынысты мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын келісім-шарт негізінде қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      2) заңдарда көзделген жағдайларда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Министрлік қызметінің аясында жұмыс істейтін органдардың басшыларын қызметке тағайындауға келісім беру;
      3) Министрлік құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және лауазымды адамдардан ақпарат сұрату және алу;
      4) баспа қызметімен айналысу, ведомстволық журналдар, газеттер, басқа да баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын иелену;
      5) өз құзыретінің шегінде ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және

тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, олардың жарғыларын бекіту;
     6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
     7) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім, спорт және дене 
шынықтыру ұйымдарын инспекциялау;
     8) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда оларды 
ұстауға және мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуге бөлінген бюджеттік 
қаражаттың жоспарлануының орналастырылуы мен пайдаланылуының 
дұрыстығына, тиімділігіне тексерістер жүргізу;
     9) нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
     10) қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ Министрлік 
құзыретінің шегінде мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске 
асыру жөнінде салааралық және аймақаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
     11) денсаулық сақтау, орта және кәсіби білім спорт және дене 
шынықтыру саласындағы  жекешелендіруге қатысу;
     12) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
     
                  3. Министрліктің мүлкі
     
     13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен 
қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, 
сондай-ақ құны Министрліктің баласында көрсетілетін өзге де мүліктен 
тұрады.
     14. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
     15. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті дербес иеліктен алуға 
немесе оған басқа әдіспен билік етуге құқығы жоқ.
     Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде 
мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
     
           4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
     


      16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің үш орынбасары, оның ішінде бірінші вице-министрі болады, оларды Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
      18. Осы мақсатта Министр:
      1) өз орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері

басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
     2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлерін қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне 
тәртіптік жаза қолданады;
     4) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
     5) ведомстволар туралы ережелерді қоспағанда, Министрліктің 
құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     6) Министрлікті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда 
білдіреді;
     7) министрліктің Жұмыс регламентін бекітеді;
     8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     19. Министрлікте құрамына Министр, вице-министрлер, Комитет 
төрағалары, департамент директорлары кіретін алқа құрылады.
     
<*>

     Алқаның сандық және жеке құрамын министр бекітеді.
<*>

     Алқаның шешімдері хаттамалармен, қаулылармен ресімделеді және 
Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 
              қаулысымен.  

P990608_

 
     
          5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     


                                       Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген

     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
        білім және спорт министрлігінің
                   Құрылымы



      1. Басшылық

      2. Денсаулық сақтау комитеті (заңды тұлға құқығында)

      3. Орта және кәсіптік білім комитеті (заңды тұлға құқығында)

      4. Спорт және дене тәрбиесі комитеті (заңды тұлға құқығында)

      5. Экономика және қаржы департаменті

      6. Әкімшілік департаменті

      7. Министрліктің Астана қаласындағы өкілдігі
                                  Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген


     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт
       министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың
                          Тізбесі 
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27.
              N 1264 қаулысымен.  

P991264_

  
     ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.10.
              N 1364 қаулысымен.  

P991364_

  
     
     
               Денсаулық сақтау ұйымдары 
<*>

     
     1. Көлiктегi Мемсанэпидемқадағалаудың Ақмола аймақтық орталығы
     2. Арал обаға қарсы күрес станциясы
     3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
     4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
     5. Көлiктегi Мемсанэпидемқадағалаудың Батыс-аймақтық орталығы
     6. Қазақ республикалық лепрозорийi
     7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
     8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
     9. Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы
     10. Отан соғысының мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық 
госпиталь
     11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы 
     12. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы
     13. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана
     14. СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық 
орталығы
     15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдер туберкулез 
санаторийi
     17. "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийi
     18. Арнаулы медициналық қамтамасыз ету республикалық орталығы
     19. Қазақстан Республикасының әуе көлiгiнiң 
санитарлық-эпидемиологиялық 
станциясы
     20. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы 
     21. Орал обаға қарсы күрес станциясы
     22. Медициналық апат орталығы
     23. Сот медицинасы орталығы
     24. 
<*>

     25. Қазақстан Республикасы көлiктегi орталық 
санитарлық-эпидемиологиялық
станциясы
     26. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
     27. "Алатау" балалар клиникалық санаторийi
     28. "Здравоохранение Казахстана" журналының баспа үйi 
     29. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
     30. "Құрмет Белгiсi" ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу 
институты
     31. Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты
     32. Обаға қарсы қазақ ғылыми-зерттеу институты
     33. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы
жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханасы
     34. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы жанындағы
емдеу-еңбек шеберханасы
     35. А.Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталық 
     36. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
     37. Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы
     38. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
     39. 
<*>

     40. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы
     41. Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты
     42. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
     43. Кәсiби патология клиникасы
     44. Республикалық кәсiби аурулар клиникасы
     45. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу
орталығы
     46. Республикалық қан орталығы
     47. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
     48. Шығыс және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық 
есептегi ғылыми-практикалық орталығы
     49. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
     50. Республикалық емхана
     51. "Дәрi-Дәрмек" дәрiлiк құралдар орталығы
     52. Спорттық медицина және оңалту орталығы     
     52-1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт 
министрлiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 

<*>

     
                      Білім ұйымдары
     
     53.
<*>

     54. Ақмола экономикалық-қаржы колледжі
     55. Ақмола мемлекеттік медицина академиясы
     56. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы
     57. Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты
     58. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі
     59. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі
     60. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі
     61. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы
     62. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы
     63. С.Асфандияров атындағы қазақ мемлекеттік медицина университеті
     64. Қазақ ұлттық саз академиясы
     65. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
     66. Республикалық оқушылар сарайы
     67. Республикалық білім жүйесіндегі басшылар мен ғылыми-педагог 
кадрлардың біліктілігін арттыру институты
     68. Орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлайтын 
республикалық колледж
     69. Республикалық спорт колледжі
     70. К.Байсейітова атындағы республикалық музыка колледжі
     71. Білім беруді информатикаландырудың республикалық 
ғылыми-әдістемелік 
орталығы
     72. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
     73. Ақыл-ой және дене кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді 
әлеуметтік бейімдеу және кәсіптік-еңбекпен оңалту республикалық 
ғылыми-өнеркәсіптік орталығы
     74. Республикалық оқу-әдістемелік орталығы
     75. Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы
     76. Республикалық көркемсурет колледжі
     77. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі
     78. Семей мемлекеттік медицина академиясы 
     79. Семей экономикалық-қаржы колледжі
     80. Денсаулық сақтау қоғамдық мектебі
     81. Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
     82. Б.Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты
     83. Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты
     84. А.Жұбанов атындағы республикалық музыкалық қазақ орта 
мектеп-интернаты
     85. О.А.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған 
физика-математика мектеп-интернаты
     86. Х.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған 
республикалық мектеп-интернат
     87. К.Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған 
республикалық мектеп-интернат
     88. Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті тереңдетіп оқытылатын 
мектеп-интернаты
     89. Республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты
     89-1. Республикалық оқу-тәрбие орталығы 
<*>

     89-2. Оқу-ғылыми физика-технологиялық орталығы 
<*>

     
                      Спорттық-ұйымдар
     
     90. Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы
     91. Штаттық ұлттық командалар дирекциясы
     92. Спортшылардың допингке қарсы республикалық зертханасы
     93. Спорттың судағы түрлерінен олимпиадалық резерв республикалық 
мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
     94. Республикалық спорт резервін даярлау жөніндегі оқу-жаттығу 
орталығы
     95. Спорттың ойын және қысқы түрлері бойынша жоғары спорттық 
шеберлікке баулу жөніндегі республикалық мектеп
     96. Спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлікке 
баулу жөніндегі республикалық мектеп
     97. Спорттың қолданбалы түрлері бойынша жоғары спорттық 
шеберлікке баулу жөніндегі республикалық мектеп
     98. "Монтажник" спорт-сауықтыру кешені
     99. "Медеу" спорт кешені
     100. "Бутаковка" оқу-жаттығу кешені
     101. "Достық" оқу-спорт кешені
     102. Орталық жүзу бассейні
     
                   Басқа да мекемелер 
<*>

     
     103. Қазақстан медицина және денсаулық сақтау тарихы мұражайы
     104. Республикалық "Қазақбілімжабдықтау" КБЖ өндірістік 
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
     105. Мектеп жиһаздарын жасау және жөндеу жөніндегі республикалық 
бірлестік (шаруашылық жүргізу құқығында)
     106. Республикалық сауда-жабдықтау бірлестігі
     107. "Қазақспортжабдықтау" басқармасы
     108. Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана
     109. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана
     110. Республикалық арнаулы медициналық жабдықтау орталығы
     111. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және 
спорт министрлігінің шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы
     112. "Қазақстан мұғалiмі" газетiнiң редакциясы 
     113. "Учитель Казахстана" газетiнiң редакциясы
     114. "SPORT & KS" газетiнiң редакциясы
     115. "Қазақстан мектебі", "Қазақстан тарихы" журналының редакциясы
     116. "Бастауыш мектеп" журналының редакциясы
     117. "Отбасы және балабақша" журналының редакциясы
     118. "Қазақ тiлi мен әдебиеті" журналының редакциясы "Ұлағат" 
қосымшасы
     119. "Русский язык и литература в казахской школе" журналының
редакциясы
     120. "Информатика, физика, математика" журналының редакциясы
     


                                      Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына қосымша


            Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
                жойылған кейбір шешімдерінің
                         Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 P971556_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 455-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1656 P971656_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 473-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіур жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы N 256 P980256_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N9, 64-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 735 P980735_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 223-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау

министрлігінің Астана қаласындағы өкілдігінің мәселелері" туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі N 883 
  

P980883_

  қаулысының 4-тармағы.
     6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы 
N 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 898 қаулысы 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 32, 289-құжат).
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.    
     
                                     
     
     
     
     
     
     
     
 
     
     
     
     
     
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады