Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 270

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорынның негізгі міндеттері ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын сынау және қорғау, сорттық ресурстарды жетілдіру және өндіріске енгізу үшін жаңа перспективалы сорттарды көбейту жөніндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір айлық мерзім ішінде:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады