"Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Беларусь Республикасы азаматтарының құқықтық статусы және Беларусь Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық статусы туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 272

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Беларусь Республикасы

азаматтарының құқықтық статусы және Беларусь Республикасының аумағында

тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық статусы

туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                                 Жоба


              Қазақстан Республикасының Заңы


     Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы

     Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Беларусь

      Республикасы азаматтарының құқықтық статусы және Беларусь

   Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы

      азаматтарының құқықтық статусы туралы шартты бекіту жөнінде


     1996 жылғы 17 қаңтарда Минск қаласында жасалған Қазақстан

Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан

Республикасының аумағында тұрақты тұратын Беларусь Республикасы

азаматтарының құқықтық статусы және Беларусь Республикасы аумағында

тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық статусы

туралы шарт бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті




    Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы

   Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Беларусь

     Республикасы азаматтарының құқықтық статусы және Беларусь

  Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы

          азаматтарының құқықтық статусы туралы


                         Шарт


     Бұдан әрі қарай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен

Беларусь Республикасы

     олардың арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында,


 
       екінші мемлекет аумағында тұрақты тұратын бір мемлекет азаматтарының құқықтық статусына байланысты мәселелерді реттеу қажеттілігін мойындай отырып,
      өз азаматтарының мүддесі үшін екі Тараптың аумағында олардың тұруының теңдей жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
      1993 жылы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық жәрдем және құқықтық қарым-қатынастар туралы конвенцияның ережелерін еске ала отырып,
      өздері қатысушылары болып табылатын адам құқықтары туралы жалпы жұрт таныған халықаралық құжаттардан туындайтын олардың міндеттерін қуаттай отырып,
      төмендегілер жөнінде келісті:
 
                            1-бап
 
      1. Егерде ол осы екінші Тарап берген рұқсат негізінде оның аумағында тұрақты тұрып жатса және мұнымен бірге өз азаматтығы Тарабының аумағында тұрақты тұратын тұлға болып табылмаса, Осы Шарттың мақсаттары үшін бір Тараптың азаматы екінші Тараптың аумағында тұрақты тұрушы болып есептеледі.
      2. Осы Шартта:
      а) "азаматтық Тарап" екінші Тараптың аумағында тұрақты тұрушы бір Тараптың азаматы болып табылатын азаматтың Тарабын білдіреді;
      б) "тұру Тарабы" екінші Тараптың азаматы аумағында тұрақты тұратын Тарапты білдіреді.
 
                             2-бап
 
      1. Осы Шартқа сәйкес екінші Тараптың аумағында тұрақты тұрушы бір Тарап азаматының статусын куәландыратын, Тараптар мойындайтын куәлік тұру Тарабының құзыретті органдары беретін құжат немесе аталған тұлғаның азаматтық Тарап заңдарына сәйкес жеке басын немесе азаматтығын растайтын құжаттарда тұру Тарабының құзыретті органдары жасайтын белгілер, сондай-ақ дипломаттық және қызмет паспорттарын есептемегенде, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге құқық беретін құжаттар болып табылады.
      2. Тараптар осы баптың 1-тармағында аталған құжаттары және белгілер үлгілерімен, сондай-ақ осы Шартқа сәйкес екінші Тараптың аумағында тұрақты тұратын қандай адамдарға бір Тараптың азаматтық статусын беретіндігі туралы мәліметтермен алмасады. Аталған алмасулар Тараптардың консулдық мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
      3. Екінші Тараптың аумағында тұрақты тұратын бір Тарап азаматының оқуы, жұмысы, іс-сапары, әскери қызметі осы Шартпен анықталатын оның құқықтық статусына әсерін тигізбейді.
 
                          3-бап
 
      1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тараптың азаматы тұру Тарабының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, салт-дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
      2. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұрушы бір Тараптың азаматы азаматтық Тарабымен құқықтық байланысын сақтайды және олардың ұлттық заңдарына сәйкес екі Тараптың көмегі мен қорғауын пайдалана алады.
 
                          4-бап
 
      1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тараптың азаматы, осы Шартта белгіленген алып тастаулардан басқа, тұру Тарабының азаматтарындай құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады және міндеттерді орындайды.
      2. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тараптың азаматы төмендегі құқықтарды пайдаланбайды:
      а) тұру Тарабының ең жоғары мемлекеттік қызмет орындарына және мемлекеттік биліктің өкілді органдарына сайлау және сайлану;
      б) тұру Тарабы өткізетін бүкілхалықтық дауыс беруге (жалпы мемлекеттік референдумға) қатысу;
      в) тұру Тарабының дипломатиялық, қызметінде, қауіпсіздік органдарында, ішкі істер органдарында, атқару өкіметінің орталық және жергілікті органдарында, судьяның, прокурордың қызмет орнына жұмысқа тұра алмайды.
 
                          5-бап
 
      1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тараптың азаматына берілген азаматтық Тарап оқу орындарында мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттар олардың берілу мерзіміне қарамастан, тұру Тарабының аумағында танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар екінші Тарап аумағында тұрақты тұрушы бір Тараптың азаматына Тараптардың аумақтарында орналасқан оқу орындарына түсуге құқық береді және жұмысқа қабылдануда күші бар.
 
                          6-бап
 
      1. Тараптар өз заңдарына сәйкес екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тараптың азаматтарына осы азаматтарға тиесілі меншікті иелену, пайдалану және қолдану құқығына кепілдік береді.
      Екінші Тарап аумағында тұрақты тұрушы бір Тарап азаматтарының меншік сатып алуы тұру Тарабының заңдарымен реттеледі.
      2. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұрушы бір Тараптың азаматы, егерде

 

Тараптар арасындағы басқа келісім-шартта өзгесі көзделмеген болса, тұру

Тарабының қолданыстағы заңдарына сәйкес мемлекеттік меншікті

жекешелендіруге қатысады.


                               7-бап


     Тараптардың мемлекеттік шекарасын, оның ішінде үшінші мемлекеттермен

арадағы шекараларды кесіп өтуге құқық беретін құжаттарды өтініш жасаған

күннен бастап бір айдан кешіктірмей тұру Тарабының тиісті органдарымен

келісу бойынша тұру Тарабындағы азаматтық Тараптың консулдық мекемелері

береді.


                               8-бап



 
       1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тарап азаматының құқықтық қабілеті мен жұмыс істеу қабілеті тұру Тарабының заңдарымен белгіленеді.
      2. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тарап азаматының жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе қалпына келтіру істері бойынша, сондай-ақ екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын, хабарсыз жоқ болып кеткен бір Тарап азаматын тану туралы немесе қайтыс болды деп мәлімдеу туралы істер жөнінде және екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тарап азаматының қайтыс болған сәтін белгілеу туралы істер бойынша бір Тараптың құзыретті органдары екінші Тараптың тиісті мекемелеріне хабар береді.
 
                            9-бап
 
      1. Бала асырап алу немесе оны болдырмау, қамқоршылықты немесе шапағатшылықты белгілеу немесе болдырмау, егер екінші Тараптың аумағында тұрақты тұратын бір Тараптың азаматы бала асырап алушы, қамқоршы немесе шапағатшы болып табылған жағдайда, ал бала асырап алу немесе оны болдырмау, қамқоршылық немесе шапағатшылық белгілеу немесе оны болдырмауды жүзеге асыруға қатысы бар тұлға тұру Тарабының азаматы болып табылса, осы Тараптың заңдарымен реттеледі.
      2. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бір Тарап азаматына қатысты

 

бала асырап алу немесе оны болдырмау жүзеге асырылып жатса, қамқоршылық

пен шапағатшылық белгіленіп немесе оны болдырмау көзделгенде азаматтық

Тараптың заңдары қолданылады.


                         10-бап


     Тараптар арасында осы Шартты қолдануға немесе түсіндіруге байланысты

пайда болатын даулар консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.


                         11-бап


     Осы Шарт Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік

процедуралардың орындалғаны туралы бір-біріне мәлімдеген сәттен бастап

күшіне енеді.


                         12-бап


     Осы Шарт ол күшіне енген күннен бастап бес жыл бойында қолданыста

болады және әрбір ретте егер Тараптардың бір де бірі аталған мерзім

біткенше алты ай бұрын қарсылығы туралы хабарламаса, келесі бесжылдық

мерзімге өздігінен ұзартылады.


     Минск қаласында 1996 жылғы 17 қаңтарда екі дана болып, әрқайсысы

қазақ, беларус және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің

күші бірдей.


     Қазақстан Республикасы          Беларусь Республикасы

          үшін                             үшін



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.   






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады