Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 320 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14. N 765 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.14.  N 765  қаулысымен.  

      Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" 1996 жылғы 14 қарашадағы  N 1389  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 46, 450-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының 1-қосымшасында:

"8703       Жеңіл автомобильдер және басқа   2, бірақ двигатель
            да моторлы көлік құралдары       көлемінің 1 текше
            (медициналық мақсаттарға         см үшін 0,1 ЭКЮ-
            арналған автомобильдерді         ден кем емес"
            қоспағанда)     

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"8703       Жеңіл автомобильдер және басқа   10, бірақ двигатель
            да моторлы көлік құралдары       көлемінің 1 текше см
            (медициналық мақсаттарға         үшін 0,1 ЕВРО-дан
            арналған автомобильдерді             кем емес".
            қоспағанда)

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының Кеден тарифіндегі өзгеріс туралы белгіленген тәртіппен құлақтандырсын.

      3. осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады