Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы әскери-ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келісім Бұдан әрі қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі,
әскери-техникалық және экономикалық мүдделерді, әскери-техникалық базаны, интеграциялық экономикалық байланыстарды және өзара қарым-қатынастардың болашағын ескере отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-Бап
Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастықты қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, өндіру, жеткізу, жаңғырту, жөндеу, кәдеге жарату мен жою, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау саласындағы, сондай-ақ техникалық қамтамасыз етуде қолайлы жағдайларды жасау саласындағы өзара қолайлы және өзара тиімді ынтымақтастық деп есептейтін болады.
2-Бап
Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастықты:
- қарулы күштерді қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі түрлерімен, жинақтаушы бұйымдармен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауда өзара техникалық көмек көрсету;
- қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, өндіру, жеткізу, пайдалану мен жөндеу саласында өнеркәсіптің қорғаныс салаларын интеграциялауды қайта қалпына келтіру мен дамыту;
- Тараптардың патенттік құқын сақтау мақсатында жүзеге асырады.
3-Бап
Тараптар мыналарды әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері деп есептейді:
- қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, өндіру, жеткізу, пайдалану,
жаңғырту мен жөндеу саласында кәсіпорындарды дамытуға өзара техникалық көмек көрсету; - Тараптар үшін тиімді тапсырыстар жүйесін және әскери-техникалық құжаттамаларды жүргізу; - әскери өндірісті конверсиялауда өзара техникалық көмек көрсету; - қарулы күштерді стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдар; - әскери техникалық мүлікті өндіруді лицензиялық негізде немесе инвестицияларды тарту жолымен ұйымдастыру; - тікелей жеткізілімдерді ұйымдастыру; - Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес әскери-техникалық ақпаратпен алмасу. 4-Бап Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастықты үйлестіру үшін уәкілетті органдарды тағайындайды: - Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; - Грузиядан - Грузияның Қорғаныс министрлігі. 5-Бап
Тараптар осы Келісім нормаларын түсіндіру мен қолдануға қатысты даулар туындаған жағдайда оларды келіссөздер мен консультациялар жолымен шешеді.
Уәкілетті органдар осы Келісімге өзара уағдаластық бойынша осы Келісімнің 6-бабында көзделген тәртіпке сәйкес олар күшіне енгеннен кейін оның ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамалармен ресімделетін толықтырулар мен өзгертулер енгізе алады.
6-Бап
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаны жайлы соңғы мәлімдеме түскен күннен бастап күшіне енеді.
Осы келісім 5 жылдық мерзімге жасалды және егер Тараптардың ешқайсысы
кезекті бес жылдық мерзімнің аяқталуына кемінде бір жыл қалғанға дейін оның күшін жою туралы өзінің тілегін жазбаша мәлімдемесе, ол келесі бес жылдық кезеңге өзінен-өзі ұзартылады. Алматы қаласында 1997 жылғы 11 қарашада екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ екі мәтіннің де күші бірдей. Осы Келісім ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін қолданылатын болады. Қазақстан Республикасының Грузия Үкіметі Үкіметі үшін үшін Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.