Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 наурыз N 326. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.15. N 1713 қаулысымен. ~P991713

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінде Төрағаның екі орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары, сондай-ақ 11 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етілсін.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301
               қаулысымен. P991301_
      4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 тамыздағы N 743 P990743_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 228-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 тамыздағы N 743

қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 
жылғы 17 қарашадағы N 1164  

P981164_

  қаулысы (Қазақстан Республикасының 
ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 42-43, 382-құжат).
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің
                                         1999 жылғы 30 наурыздағы
                                           N 326 қаулысымен
                                               бекітілген
     
          Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
          реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі
               (Монополияға қарсы агенттік) туралы
                               Ереже
     
                      1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, баға, бәсеке, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, сауда-өнеркәсіптік саясатты іске асыруға қолдау көрсететін, монополияға қарсы заңдардың орындалуын бақылайтын орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік заңды тұлға - мемлекеттік мекеме болып табылады, оның банкте шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі болады.
      Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Агенттікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда оның заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
      4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен актілер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.
      5. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 92.
      7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы - Қазақстан

Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау 
жөніндегі агенттігі.
     8. Агенттіктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Президенті 
білдіретін мемлекет болып табылады.
     Агенттікті құру туралы акт және осы Ереже оның құрылтай құжаттары 
болып табылады.
     9. Агенттіктің қызметі тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
     Агенттіке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау 
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға отыруға тыйым 
салынады.
     Егер Агенттіке заң актілерінде табыс әкелетін қызметтерді жүзеге 
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс мемлекеттік 
бюджеттің кірісіне жіберіледі.
     
               2. Агенттіктің негізгі міндеттері,
                    функциялары мен құқықтары
     
     10. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
     1) табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу;


      2) монополиялық қызметтің, нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау;
      3) мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылау;
      4) өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін бақылау;
      5) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша табиғи монополия субъектілерінің, нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің қызметі мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
      6) тұтынушылардың мүдделерін қорғау және тұрғын үй-коммуналдық реформалар жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
      11. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияшы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мемлекеттік регистрін, Нарықта үстем жағдайға, ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік тізілімін, Мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік регистрін қалыптастыру және жүргізу;
      2) табиғи монополияшы субъектілердің өніміне баға (тарифтер) немесе олардың шекті деңгейін белгілеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулеріне бағаларды реттеу;
      3) табиғи монополиялар саласында бағалар мен тарифтерді белгілеудің кемсітпейтін әдістерін әзірлеу және енгізу;
      4) табиғи монополияшы субъектілер өнімдерінің бағасы мен тарифтерінің өзгеру болжамын мемлекеттік бюджет пен индикативтік жоспар қажеттілігіне арнап әзірлеу;
      5) табиғи монополия субъектілерінің шығыстарын қалыптастырудың рәсімдері мен әдістерін әзірлеу және енгізу, олардың іс жүзіндегі шығыстарына бақылау жасау;
      6) мемлекеттік ұйымдар монополиялы түрде жүзеге асыратын қызмет көрсетулерге баға есептеудің методологиясын және баға белгілеудің ережесін әзірлеу;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи монополия субъектілерінің қызметі, бәсекені дамыту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Агенттіктің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер жөніндегі шешімдерінің жобаларын келісу;
      8) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен рынок және ондағы бәсекенің жай-күйі туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдар мен оларды қолданудың тәжірибесін жетілдіру туралы ұсыныстар дайындау және жолдау;
      9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына нормативтік құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіппен ұсыну;
      10) монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылау;
      11) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметіне тексеру жүргізу;
      12) табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      13) рынокке талдау жасау және үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау және тұтынушылар үшін қол жетерлік өзара алмастырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер рыноктардың шекарасын белгілеу;
      14) тауар және қаржы рыноктарында бәсекені дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
      15) табиғи монополия субъектілерінің мүлкін иеліктен алуды және сенімді басқаруға беруді келісу;
      16) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұрғын үй-коммуналдық реформаларды жүргізу мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;
      17) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылау;
      18) Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шет елдердің мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
      12. Агенттік өз міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:
      1) табиғи монополияшы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өніміне, мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің көрсететін қызметтеріне бағалар (тарифтер) немесе олардың ең жоғарғы деңгейін белгілеу;
      2) табиғи монополияшылардың өнімдеріне (жұмыстарына, қызмет көрсетулеріне) бағаларды өзгерту мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізу;
      3) табиғи монополияшы шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтар мен қызмет көрсетулерді сатып алуына тендерлер өткізуге қатысу;
      4) өз құзыретінің шегінде орындалуы міндетті шешімдер беру және нормативтік құқықтар актілер шығару;
      5) шаруашылық жүргізуші субъектілерді нарықта үстем жағдайға ие деп тану туралы шешім қабылдау;
      6) өз құзыретінің шегінде монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерге тексеру жүргізу және оларды қарауға, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      7) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпарат сұрату және алу;
      8) табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік баға тәртібін бұзулары нәтижесінде алған сомаларын бюджет кірісіне аудару туралы, сондай-ақ залалды (немесе) шығынды тікелей немесе бағалар мен тарифтерді уақытша төмендету жолымен өтеу туралы шешім қабылдау;
      9) тұтынушыларға табиғи монополия субъектісінің бағалар мен тарифтерді заңсыз көтеруінен болған шығындарын уақытша өтемдік (төмендету) бағаларын және тарифтерін белгілеу арқылы өтеу туралы шешім қабылдау;
      10) рынокте монополияшы немесе онда үстем жағдайға ие деп танылған шаруашылық жүргізуші субъектіні монополияға қарсы реттеу әдістері туралы шешімдер қабылдау;
      11) теріс пиғылды бәсекелестікті тоқтату және оның салдарын жою туралы нарықтық қатынастар субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
      12) Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Агенттік алқасының мәжілістерінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын тыңдау;
      13) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беру;
      14) Агенттік қызметінің барлық бағыттары бойынша, оның ішінде

тексерістер жүргізуге көмек көрсету үшін ғалымдар мен мамандардан, 
Агенттіктің, Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен 
ведомстволарының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың 
қызметкерлерінен сараптық кеңестер құру;
     15) тексерістер мен сараптамалар өткізуге басқа ұйымдардан мамандар 
тарту;
     16) монополияға қарсы заңдардың, мемлекеттік баға тәртібінің, 
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың бұзылуын жою 
мақсатында сотқа талап қою, оларды қарауда қатысу;
     17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша халықаралық 
шарттар мен келісімдерге қол қою;
     18) өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық 
органдарға беру;
     19) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де 
өкілеттіктерді жүзеге асыру.
     
                      3. Агенттіктің мүлкі
     
     13. Агенттіктің жедел басқару құқындағы оқшау мүлкі болады.
     Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады 
және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттіктің 
балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
     14. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
     15. Агенттіктің өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен 
алуға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
     Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке билік 
ету құқы берілуі мүмкін.
     
         4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
     


      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Агенттік төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      17. Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
      18. Осы мақсатта Агенттіктің төрағасы:
      1) бұйрықтар шығарады және қаулыларға қол қояды;
      2) өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін белгілейді;
      3) заңдарға сәйкес Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлерін және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен келісе отырып, аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті мен шығыстар сметасының шегінде штат кестесін бекітеді;
      5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметкерлердің штат саны лимитінің шегінде аумақтық органдардың құрылымын және бөлінетін қаржының шегінде оларды ұстау шығыстарының сметасын бекітеді;
      7) Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
      8) заңдарда белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
      9) сараптық кеңестердің жеке құрамын бекітеді;
      10) Агенттіктің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      19. Агенттікте құрамына Агенттік төрағасы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары және Төраға айқындайтын басқа да адамдар кіретін алқа құрылады. Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал жеке құрамын Агенттіктің төрағасы бекітеді.
      20. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы

кодексіне сәйкес монополияға қарсы заңдарды бұзушылықтар туралы істерді 
қарау үшін Агенттікте және оның аумақтық органдарында Әкімшілік комиссиясы 
құрылады.
     Агенттіктің Әкімшілік комиссиясының жеке құрамын Агенттіктің төрағасы 
бекітеді.
     21. Агенттіктің аумақтық органдары - облыстар мен Астана, Алматы 
қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау 
жөніндегі комитеттері болады, олар заңды тұлғалар болып табылады.
     
          5. Агенттікті қайта ұйымдастыру
                  және тарату
     
     22. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
     
     
                                 Қазақстан Республикасы
                                      Үкіметінің
                                 1999 жылғы 30 наурыздағы
                                   N 326 қаулысымен
                                       бекітілген
     
     Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
         және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің
                         Құрылымы
     
     Басшылық
     Табиғи монополияларды реттеу департаменті
     Монополияға қарсы заңдардың орындалуын қадағалау департаменті
     Бәсекені дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
     Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі
     
     

  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Умбетова А.       
     
     
     
      
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады