Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 31 наурыз N 331

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1.1998 жылғы 3 қыркүйекте Астрахань қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі

арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



               Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

            Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы

                   Әскери ынтымақтастық туралы

                            Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 2, 23-құжат)

    (1999 жылғы 23 сәуірде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет)


     Бұдан әрi қарай Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi,

     халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып және екi мемлекеттiң

халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып,


 
       1992 жылғы 15-мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ережелерiн, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде әскери ынтымақтастық саласында қабылданған басқа да көп жақты құжаттарды назарға ала отырып,
      1996 жылғы 17-қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен

 

Беларусь Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шарт

ережелерiн басшылыққа ала отырып,

     әскери ынтымақтастықты кеңейтуге және екi мемлекет арасындағы осы

саладағы өзара түсiнiстiктi тереңдетуге ұмтыла отырып,

     төмендегiлер жөнiнде келiстi:


                             1-Бап


     Тараптар арасындағы әскери ынтымақтастық Қазақстан Республикасы

мен Беларусь Республикасының қорғаныс әлеуеттерiн нығайту мақсатында

жүзеге асырылады әрi егемендiк, тең құқықтылық және өзара тиiмдiлiк

принциптерiне негiзделедi.


                             2-Бап


     Тараптар әскери ынтымақтастықты төмендегідей:

     - халықаралық қауiпсiздiк және қорғаныс саясаты;

     - әскери құрылыс және қарулы күштердi реформалау;

     - әскери ғылым мен бiлiм;

     - әскердi даярлау ұстанымдарын әзiрлеу;

     - қарулы күштер қызметiн материалдық-техникалық жағынан

қамтамасыз ету;

     - қарулы күштер қызметiн құқықтық және әлеуметтiк қамтамасыз ету;

     - әскери медицина және әскери қызметшiлер мен олардың

отбасының денсаулығын сақтау;

     - мәдениет және спорт салаларында жүзеге асырады.


                           3-Бап


     Тараптар мынадай:

     - ресми сапарлар, жұмыс бабындағы кездесулер мен консультациялар;

     - бiрлескен әскери-ғылыми зерттеулер, оның iшiнде жаңа әскери

технологияларды жасау бойынша;

     - қару-жарақ пен әскери техниканы бiрлесiп әзiрлеу, өндiру

мен өзара жеткiзiп тұру;

     - әскери қызметшiлердi екi мемлекеттiң әскери оқу орындарында

оқыту, әскери-ғылыми және ғалым-педагог кадрларды бiрлесiп даярлау;

     - әскерлердi даярлау жөнiңдегi бiрлескен шараларды жүргiзу;

     - әскери-ғылыми, әскери-техникалық және әскери-құқықтық оның

iшінде конференциялар, семинарлар мен конкурстар жүргiзу жолымен ақпаратпен

алмасу;

     - әскери ынтымақтастық шеңберiнде мәдени және спорт шараларын жүргiзу;

     - әскери қызметшiлер мен олардың отбасын екi мемлекеттiң қарулы

күштерiнiң сауықтыру мекемелерiне жiберу;

     - өзара уағдаластық бойынша өзге де нысандарда ынтымақтастықты жүзеге

асырады.


                           4-Бап



 
       Тараптар әскери ынтымақтастықтың салалары мен бағыттарын iске

 

асыру мен дамытуды екi жақты келiсiмдер жасау жолымен жүзеге асырады.

     Тараптар осы Келiсiм ережелерiн тiкелей жүзеге асыру үшiн

Уәкiлеттi органдарды тағайындайды:

     Қазақстан жағынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс

министрлiгi;

     Беларусь жағынан - Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлiгi.


                           5-Бап


     Уәкiлетті орындар жыл сайын келесi жылға арналған әскери

ынтымақтастық жоспарын әзiрлейдi, ол ағымдағы жылдың 15 қарашасына

дейiн келiсiледi және бекiтiледi. Әскери ынтымақтастық жоспары

шаралардың атауын, оларды жүзеге асыру нысанын, өткiзу уақыты мен орнын,

жауапты органдарды, қаржыландыру көздерiн және басқа да мәселелердi

қамтиды.


                           6-Бап



 
       Тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы шараларды iске асыруға байланысты қаржылай шығыстарды өзаралық негiзде жүзеге асырады.
      Қабылдаушы Тарап делегация мүшелерiн жайғастыру мен тамақтандыру жөнiндегi шығыстарды өз мойнына алады, сондай-ақ өздерiнiң әскери-медициналық мекемелерiнде қажеттi медициналық көмектi және өз мемлекетi аумағында көлiктiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.
      Жiберушi Тарап:
      - өз делегация мүшелерiнiң қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң

 

аумағындағы сапар орнына баруы мен қайтар жолындағы жол жүру;

     - қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң аумағына бару үшiн

қажеттi құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi шығыстарды өз есебiнен

қамтамасыз етедi.

     Басқа мемлекеттiң әскери оқу орындарында мамандарды даярлауға

және техникалық көмек көрсету үшiн мамандарды жiберуге байланысты

қаржылай есептер жекелеген келiсiмдер мен контрактiлер жасау жолымен

жүргiзiледi.


                           7-Бап


     Тараптар әскери ынтымақтастық шеңберiнде алынған ақпараттың

сақталуын қамтамасыз етуге және келiсiлген құпиялық дәрежесiн сақтауға

мiндеттенедi.

     Тараптардың бiрi үшiншi тарапқа ақпаратты тек екiншi Тараптың

жазбаша мәлiмдемесiнен және оның жазбаша келiсiмiнен кейiн бере алады.


                          8-Бап



 
       Тараптар осы Келiсiмдi жүзеге асыруда туындауы мүмкiн даулар мен пiкiр алшақтықтарды келiсiмдер және консультациялар жолымен шешедi.
      Осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша хаттамалар жасау жолымен енгiзiлуi мүмкiн.
 
                           9-Бап
 
      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды орындағаны жайлы мәлiмдемелермен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды және егер Тараптардың ешқайсысы тиiстi мерзiмнiң аяқталуына алты ай қалғанға дейiн оның қолданысын тоқтататын ниетi туралы жазбаша мәлiмдемесе, оның қолданысы келесi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.

 

     Астрахань қаласында 1998 жылғы 3 қыркүйекте екі түпнұсқа данада,

әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық

мәтiннiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде Тараптар орыс тiлiндегi

мәтiндi басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының        Беларусь Республикасының

        Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін

     Мамандар:

       Қобдалиева Н.

       Омарбекова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады