Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 сәуір N 355. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.20. N 1756 қаулысымен. ~P991756

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) туралы ереже;
      2) <*>
      3) Министрлік оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_
      2. Министрлікте төрт вице-министр болуға рұқсат етілсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
                қаулысымен. P991093_
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301
                қаулысымен. P991301_

      4. Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің "Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырсын.
      Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі аталған қайта ұйымдастыруға байланысты қажетті ұйымдастыру шараларын жүргізсін.
      5. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 P971641_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 469-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 ақпандағы N 64 қаулысы P980064_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж. N 4, 23-құжат).
      6. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Министрлік ведомстволарының ережелері мен құрылымдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің жобаларын белгіленген тәртіппен енгізсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 355 қаулысымен бекітілген

     Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар
             және туризм министрлігі туралы
                        Ереже



                 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көлік-коммуникация кешенінде және туризм саласында басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. <*>
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Туризм комитеті, Көлiктiк бақылау комитетi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Министрлікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапын білдіруге құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
                қаулысымен. P991093_
      4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар. <*>
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      6. Министрліктің заңды мекен-жайы:
      Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Көлiк,

коммуникациялар және туризм министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

        
     8. Министрлік туралы ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып 
табылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
               қаулысымен.  

P991093_

   
     9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен 
жүзеге асырылады.
     Министрлікке Министрліктің бақылау және қадағалау функциялары болып 
табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен 
шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ.
     Егер Министрлікке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге 
асыру жөнінде құқықтар берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс 
мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
     
                  2. Министрліктің функциялары, негізгі
                          міндеттері мен құқықтары
     
     11. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды 
жүзеге асырады:


      1) экономиканың және халықтың жүк, жолаушы тасымалына, байланыс және туризм қызмет көрсетулеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат пен стратегияны іске асыру;
      2) көлік-коммуникация кешенінің және туризм саласындағы қызметпен айналысатын заңды тұлғалардағы мемлекет үлесіне, пайларына және акциялар пакеттеріне иелік ету және оларды пайдалану жөніндегі функцияларды Үкіметтің шешімдері бойынша жүзеге асыру;
      3) көлік, коммуникациялық және туристік қызметтерді жүзеге асыратын объектілерді жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысу;
      4) өз құзыретінің шегінде көлік кешенін, коммуникацияларды және туризм саласын дамыту мен оның жұмыс істеуінің маңызды мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
      5) өз құзыретінің шегінде көлік-коммуникация кешені мен туризм қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптауды ұйымдастыруға қатысу;
      6) өз құзыретінің шегінде техникалық шарттар мен өзге де нормативтерді бекіту, сертификаттауды жүргізу, сондай-ақ көлік-коммуникация кешенінде белгіленген нормативтердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      7) <*>
      8) көлік, коммуникациялар және туристік қызмет көрсету рыногын қалыптастыру;
      9) мемлекеттік тапсырысты орналастыру, мемлекеттік тапсырысқа бөлінген қаражаттың пайдалануына бақылау жасауға қатысу;
      10) әуе кеңістігінің радиожиілік спектрінің пайдаланылуын, телекоммуникация желілері мен почта байланысының жұмысын, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілік құрылғыларының жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
      11) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
      12) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені қызметін және туризм саласын мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру;
      13) көлік-коммуникация кешенінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      14) сараптама және консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын ақысыз негізде, ал мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мамандарды ақылы негізде тарту;
      15) заңдарда өзіне жүктелген өзге де функциялар.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. N 1334
                қаулысымен. P991334_
      12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) көлік-коммуникация кешені мен туризм саласын дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені мен туризм саласының қызметін мемлекеттік реттеу және үйлестіруді заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
      3) көлік, ақпарат жүйелері мен туризм саласының қызмет көрсетулер рыногын қалыптастыруға, кәсіпкерлікке, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысу;
      4) тасымалдауларға, байланыс қызметтері мен туризм саласына деген мемлекеттік мұқтажына болжамдар әзірлеу және оны уақытылы сапалы қамтамасыз ету;
      5) көлік, байланыс және туристік қызмет көрсетулерін тұтынушылар құқықтарының сақталуына бақылау жасауға қатысу;
      6) көлік, байланыс және туризм салаларында заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
      7) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ көлік, байланыс және туризм салаларының кадрларын оқыту, даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу.
      13. Министрліктің өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру барысында заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:
      1) Министрліктің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректерді сұрату;
      2) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) көлік-коммуникация кешенінен кіретін және туризм саласындағы қызметпен айналысатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің уәкілетті органы болу, олардың жарғыларын бекіту, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыру;
      4) Үкімет шешімдері бойынша көлік-коммуникация кешені мен туризм саласындағы қызметпен айналысатын заңды тұлғалардағы мемлекеттік үлестеріне және акциялар пакеттеріне иелік ету және оларды пайдалану;
      5) өз қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын іріктеу және тағайындау, бірінші басшылармен заңдарға сәйкес келісім-шарттар жасасу;
      6) өз құзыретінің шегінде халықаралық ұйымдарда көлік-коммуникация кешені мен туризм саласының мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша халықаралық шарттарды әзірлеу мен жасасу;
      7) Министрлік ведомстволарының міндеттері мен функцияларына сәйкес келмейтін бұйрықтардың күшін жою және хаттарын кері қайтарып алу;
      8) мемлекеттік сатып алу процесінде тапсырысшы болу;
      9) заңдарда өзіне жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

                   3. Министрліктің мүлкі

      14. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
      15. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      16. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған басқа әдіспен билік етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

               4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      17. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады, оларды Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
      19. Осы мақсатта Министр:
      1) вице-министрлердің, департамент директорларының міндеттері мен

өкілеттіктері шеңберін белгілейді;
     2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды 
және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне 
тәртіптік жаза қолданады;
     4) Министрліктің актілеріне қол қояды;
     5) Министрлiктiң құрылымын және Министрліктің заңды тұлға болып 
табылмайтын құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
<*>

     6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің өкілі 
болады;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093         
               қаулысымен.  

P991093_

   
     20. Министрдің орынбасарлары Министр белгілеген қызметтері мен 
өкілеттіктерінің шегінде Министрліктің нормативтік емес сипаттағы 
бұйрықтарына қол қояды.
     21. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi 
орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын
Министр бекiтедi. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

   

             5. Министрлікті қайта ұйымдастыру мен тарату
     
     22. Министрлікті қайта ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген 
заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
       


                                      Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 355 қаулысымен бекітілген


      Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм
   министрлігі оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің
     функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып
         табылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің
                            Тізбесі

      Республикалық мемлекеттік автокөлік кәсіпорны
      Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорны
      "Республикалық арнайы байланыс торабы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "Өнеркәсіптікбайланыс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "Қазақ автомобиль жолы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      Шығыс Қазақстан су жолдары республикалық қазыналық кәсіпорны
      Павлодар су жолдары республикалық қазыналық кәсіпорны
      Семей су жолдары республикалық қазыналық кәсіпорны
      Атырау су жолдары республикалық қазыналық кәсіпорны
      Орал су жолдары республикалық қазыналық кәсіпорны
      Іле су жолдары республикалық қазыналық кәсіпорны
      Балқаш су жолдары республикалық қазыналық кәсіпорны
      "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      "Мемлекеттік авиациялық регистр (Мемавиарегистр)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі
                                       Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 355 қаулысымен бекітілген

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
       шешімдеріне енгізілетін өзгерістер



      1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 1249 P981249_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 412-құжат):
      1) 4-тармақтың күші жойылған деп танылсын;
      2) аталған қаулының 2-қосымшасының күші жойылған деп танылсын.
      2. "Қазақ автомобиль жолы" республикалық мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 
9 желтоқсандағы N 1266  

P981266_

  қаулысында;
     5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
     3. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 
Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1322  

P981322_

  қаулысында:
     1) қаулының атауындағы және мәтініндегі "Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм 
министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2)
<*>

     3)
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. N 1334          
              қаулысымен.  

P991334_

   
   
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Умбетова А.           
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады