Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 сәуір N 360

      Қазақстан экономикасының бәсеке қабілетін қалпына келтіру, елдің сыртқы сауда тепе-теңдігін жақсарту, оның алтын валюта резервін ұлғайту және экономикалық өсуді қайта бастауға алғышарттар жасау мақсатында, сондай-ақ Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдарына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылдың 5 сәуірінен

 

бастап ұлттық валюта - теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режиміне

көшуі туралы шешімі мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық

атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын түпкілікті іс-шараларды жүзеге

асырсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады