Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі N 380 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Астық экспортының мүмкіндіктерін кеңейту және экспорттаушылардың мүдделерін қорғау, астық рыногының инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 441-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулыға қосымшада: 
      "кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларында тауарлардың сақталғаны үшін кеден алымы" деген жолдар "СЭҚ ТН (ТМД) коды 1001-1109 тауарлардан басқасы тәулігіне тауардың кедендік құнының 0,2% деген сөздермен толықтырылсын. 
       ЕСКЕРТУ. 1 тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 669  қаулысымен.  
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (келісім бойынша) бір ай мерзім ішінде элеваторлардың астық қолхаттарын кепіл құжаты ретінде пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны енгізудің мүмкіндігін қарасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісілген ұсыныс енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады