Ішкі істер министрлігінің Астана қаласында салынып жатқан объектілерін пайдалануға уақытында тапсыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
спорт кешенінің және Манас көшесі, 4 үйдегі әкімшілік ғимараттың құрылысын жүйе кәсіпорындарының құрылыс материалдарын, конструкцияларын және жұмыстары мен қызмет көрсетулерін барынша пайдалана отырып ішкі істер органдары жүйесінің құрылыс ұйымдарымен жүргізсін;
жұмыстарды жүргізуге спорт кешенінің құрылысы жөніндегі жоба-сметалық
құжаттаманың кезең-кезеңмен әзірленуіне қарай рұқсат етсін.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.08. N 1824
қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданылуға енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Умбетова А.