Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 сәуір N 394. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.20. N 983 қаулысымен. ~P010983

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже;
      2) <*>
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне үш вице-министрі болуына рұқсат етілсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкілдіктерін құруға рұқсат етілсін.

     4.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301  
               қаулысымен.  

P991301_

 

     5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымшаға сәйкес кейбір 
шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     


                                            Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген


              Қазақстан Республикасының Еңбек және
              халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                   (Еңбекәлеуметмині) туралы
                           Ереже

                      1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомствосы болады: Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілсе, Министрлік мемлекет атынан өкілдік етуге құқығы бар.
      4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесі, 2.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (Еңбекәлеуметминi)" 
мемлекеттiк мекемесi.
<*>

     Министрліктің құрылтай құжаты осы Ереже болып табылды.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

 
     
     8. Министрліктің қызметі тек мемлекеттік бюджеттің есебінен 
қаржыландырылады.
     Министрлікке Министрліктің функциясына жататын міндеттерді 
орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық 
қарым-қатынастарға кіруге тыйым салынады.
     Егер Министрлікке заң актілерінде кіріс әкелетін қызметті жүзеге 
асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кіріс 
республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
     
        2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары
                     және құқықтары
     
     9. Министрліктің негізгі міндеттері:


      еңбек, халықты жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халыққа атаулы қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік стратегияны іске асыру;
      зейнетақы реформасын іске асыру, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру, оның орындалуын үйлестірушілік-әдістемелік қамтамасыз ету;
      кедейлікті төмендету, халықтың тұрмыс деңгейін және табысын жоғарылату мен еңбекке ақы төлеуді нормалауды және жетілдіруді ұйымдастыру бойынша шаралар әзірлеу және іске асыру;
      әлеуметтік нормативтер мен стандарттар әзірлеу және бекіту;
      халықты атаулы әлеуметтік қорғау, отбасын, аналарды, балаларды, мүгедектерді және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың басқа топтарын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
      еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру, еңбекті қорғау және халықты жұмыспен қамту туралы заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау болып табылады.
      10. Министрліктің заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын функциялары мыналар болып табылады:
      әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру, еңбек дауларын шешуге қатысу;
      медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің және мүгедектерді сауықтырудың мемлекеттік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету, оларға протездік-ортопедиялық көмек көрсету жөніндегі шаралар;
      еңбек рыногы және бос жұмыс орындары бойынша республикалық деректер базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстарды талдау, болжау және еңбек рыногының жай-күйі туралы халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат беру;
      жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық деректер базасын құру және қолдау мәселелерін қамтитын халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу;
      еңбек рыногының қажеттігіне сәйкес және нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу;
      инвестициялық бағдарламалар бойынша ұсыныстарды қарағанда еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын құру қажеттігі туралы ұсыныстар енгізу;
      әлеуметтік еңбек мәселелері бойынша аймақтық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
      Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және көмек көрсету;
      еңбекақының ең аз мөлшері, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін есепті көрсеткіштің мөлшері туралы, әлеуметтік жәрдемақылар, өтемақылық төлемдер жүйесін жетілдіру, халықтың табысын инфляциядан қорғау туралы ұсыныстар енгізу;
      кедейлік өлшемдерін анықтау, халықтың ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерін есептеудің әдістемесін әзірлеу, ең төмен күнкөріс деңгейін есептеудің сараптамасын жүргізу;
      әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және шаралар қабылдау;
      мемлекеттік қызметшілерден басқа, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді жетілдіру;
      еңбекке ақы төлеуді тарифтік және аймақтық реттеу;
      еңбекті нормалауды ұйымдастыру, тарифтік-біліктілік анықтамалықтарының, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарының және Жұмысшылар мен қызметшілер мамандықтарының жіктеуші негізінде мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік органдардың және мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын басқа да ұйымдардың қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын белгілеу;
      зейнетақы реформасын іске асыру жөніндегі саясатты жасауға және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан (бұдан әрі - Мемлекеттік орталық) зейнетақы төлемдерін тағайындау;
      Мемлекеттік орталықтан мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты және жасына қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
      Мемлекеттік орталықтан зейнетақы есептеудің әдістемесін жасау және олардың азаматтарға, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын азаматтарға төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мөлшерін, тағайындау шарттарын және төлеу тәртібін өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      зейнетақы реформасын ақпараттық қолдау;
      ұйымдармен еңбекті қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау және оны үйлестіру;
      аймақтық бағдарламаларды және еңбек жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту жөніндегі ережелерді әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, еңбек жағдайлары және оны қорғаудың жай-күйі мен жақсарту жөніндегі шаралар туралы жыл сайынғы баяндамаларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;
      еңбектің қауіпсіз жағдайларын құқықтық және нормативтік қамтамасыз ету;
      халықтың әртүрлі санаттары мен топтарының әлеуметтік-демографиялық қажеттіліктерін ескере отырып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік ұйымдарды дамыту, олардың қызметін үйлестіру және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
      еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, заңдарда белгіленген тәртіппен осы мәселелер бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен консультациялар және келіссөздер жүргізу;
      еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында ақпараттық технологияларды, ақпаратты өңдеу жүйелерін енгізу;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың және кіші бағдарламалардың әкімшісі функцияларын атқару;
      Қазақстан Республикасының заңдарымен министрлікке жүктелген басқа да функцияларды ұйымдастыру.
      11. Министрліктің негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды атқару үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай құқықтары болады:
      Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа да материалдарды сұрату;
      Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында заңдардың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру;
      мүдделі министрліктермен және ведомстволармен мемлекеттік қызметшілерден басқа бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің шарттары мен тәртібін келісу;
      Қазақстан Республикасының Білім, денсаулық сақтау және спорт министрлігімен келісе отырып, әйелдердің және 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегіне шек қойылатын, зиянды және еңбек жағдайы ауыр өндірістердің, кәсіптер мен жұмыстардың тізбелерін бекіту;
      еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілерді, сондай-ақ еңбекті қорғау жұмыстарын жүргізу жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық талаптарды қабылдау;
      еңбек жөніндегі нормаларды, Жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (БТБА), Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын (БА), Жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының жіктеуішін (КЛЖ), еңбекті ұйымдастыру, нормалау және оған ақы төлеу мәселелері жөніндегі нұсқаулықтарды, түсіндірмелерді, ұсыныстарды бекіту;
      әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары бойынша облыстық

және салалық (тарифтік) келісімдерді тіркеу және олардың орындалуын 
бақылауды жүзеге асыру;
      еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың 
сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
     шетелдік жұмыс күшін тартумен, сондай-ақ жұмыс күшін Қазақстан 
Республикасынан шетелге шығарумен байланысты қызметті лицензиялау;
     шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге белгіленген квота 
шегінде рұқсат беру;
     бюллетеньдер, журналдар және басқа да басылымдар шығару;
     заңдарда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
     
                   3. Министрліктің мүлкі
     
     12. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшау мүлкі болады.
     13. Министрліктің мүлкі республикалық меншікке жатады.
     14. Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті өздігінше иеліктен 
алуға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге қақылы емес.
     Министрлікке мүлікке билік ету құқығы заңдарда белгіленген 
жағдайларда және шектерде берілуі мүмкін.
     
              4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
     
     15. Министрлікті Министр басқарады.


      Министрді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері болады.
      16. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
      17. Министр:
      вице-министрлердің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
      Министрліктің, ведомстволық республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      әкімдер қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын облыстық (Астана және Алматы қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтарын белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асырады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
      бұйрықтар шығарады;
      Министрлiктiң құрылымын және Министрліктің ведомстволар туралы ережелерінен басқа құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; <*>
      белгіленген еңбекақы қорының және қызметкерлер санының шегінде

Министрліктің шығыстар сметасын штаттық кестесін бекітеді;
     заңдарда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек 
көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
     өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер 
қабылдайды.
     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

 
     
     18. Министрлікте Министрдің жанынан құрамына Министр, 
вице-министрлер, ведомстволардың басшылары, құрылымдық бөлімшелерінің 
басшылары кіретін консультативтік-кеңесші орган - Министрліктің алқасы 
құрылады.
     
<*>

     Алқаның жеке және сандық құрамы және ол туралы ереже Министрдің 
бұйрығымен бекітіледі.
<*>

     Алқаның шешімдері хаттамалармен ресімделеді.
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

 
     
                5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
                                       


                                      Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген


      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
         қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың
                         Тізбесі

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық протездеу эксперименттік зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Петропавл медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Семей медициналық стационары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы тәжірибелік-эксперименттік протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Петропавл тәжірибелік-эксперименттік протез-ортопедия кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).

     "Семей протез-ортопедия бұйымдарын шығару жөніндегі 
тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігінің Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     
                           Қазақстан Республикасы
                           Үкіметінің 1997 жылғы
                             9 сәуірдегі
                            N 394 қаулысымен
                              бекітілген
                            
         Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
             жойылған кейбір шешімдерінің
                      Тізбесі
     


      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 P971636_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 466-құжат);
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы N 125 P980125_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 6, 33-құжат);
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 тамыздағы N 728 P980728_ қаулысының, 1,2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 219-құжат);
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 1342 P981342_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 453-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады