Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 маусым N 848

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы" 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 P990431_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 130-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Таңбалауға жататын отандық және импорттық өндірістегі

акцизделетін тауарларды (1 және 2-қосымшаларға сәйкес) сату  1999 
жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен ғана:
     1) акцизделетін тауарларды өндірушілерге - 1999 жылдың 1 шілдесінен 
бастап;
     2) акцизделетін тауарларды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын 
заңды және жеке тұлғаларға - 1999 жылдың 1 тамызынан бастап жүзеге 
асырылады деп белгіленсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі және 
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

    Оқығандар:
   Орынбекова Д.
   Кобдалиева Н.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады