Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Жастар ісі және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 сәуір N 438

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1.Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Жастар ісі және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен Катар тарабымен келіссөздер жүргізу және уағдаластыққа қол жеткен жағдайда, қоса беріліп отырған жобаға принципті емес сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан осы Келісімге қол қою тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

 

келісім министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаевқа Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы

Жастар ісі мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:     

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады