Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 сәуір N 441

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес және Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес білім және мәдениет мекемелеріне есімдер

 

берілсін.

     2. 2-қосымшаға сәйкес білім мекемелері қайта аталсын.

     3. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қаржыландыру 1999 жылға

арналған бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелерге - бағдарламалардың

әкімшілеріне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады

деп белгіленсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы

                                              Үкіметінің

                                        1999 жылғы 21 сәуірдегі

                                             N 441 қаулысына

                                              1-қосымша


         Атақты тарихи тұлғалардың, белгілі мемлекет және қоғам

       қайраткерлердің, көрнекті ғалымдардың, халық жазушыларының,

     еңбек сіңірген ұстаздардың есімдері берілген білім және мәдениет

                     мекемелерінің тізбесі


                       Ақтөбе облысы бойынша


     Ақтөбе қаласындағы арнайы әскери оқуға бейімделген

мектеп-интернатқа - тархан Есет батырдың есімі;

     Мұғалжар ауданындағы Знаменск орталау мектебіне - белгілі педагог

Ысқақ Мұхамеджановтың есімі;


                     Алматы облысы бойынша;



 
       Алматы қаласындағы облыстық N 4 мектеп-интернатқа - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор Ибрагим Нүсіпбаевтың есімі;
      Ұйғыр ауданы Кіші Дихан ауылындағы орта мектепке - Қазақстан Республикасының "Халық қаһарманы" Мөрдин Таиповтың есімі;
      Қарасай ауданындағы N 87 Қарағайлы орта мектебіне - белгілі педагог Рахым Сәрсенбиннің есімі;
      Жамбыл ауданындағы N 3 Қарғалы орта мектебіне - Қазақстан

 

Республикасының халық әртісі, композитор Әсет Бейсеуовтің есімі;

     Кербұлақ ауданындағы Голубиновқа орта мектебіне - белгілі ғалым,

профессор Жамбыл Тобаяқовтың есімі;

     Кербұлақ ауданындағы Қызылжар орта мектебіне - белгілі ғалым,

профессор Жомарт Жапаровтың есімі;

     Ұйғыр ауданындағы Кетпен орта мектебіне - белгілі ұйғыр ақыны,

педагог Мәшүр Жалиловтың есімі;

     Райымбек ауданындағы N 1 Кеген көп салалы "Дәстүр" мектеп-лицейіне -

белгілі педагог Өжек Жаңабаевтың есімі;


                   Атырау облысы бойынша


     Махамбет ауданындағы Махамбет орта мектебіне - Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері,

профессор Есенбай Ағелеуовтің есімі;


               Батыс Қазақстан облысы бойынша


     Орал педагогикалық колледжіне - Алаш қозғалысы басшыларының бірі,

30-шы жылдардағы қуғын-сүргіндердің құрбаны Жаһанша Досмұхамбетовтың есімі;


               Жамбыл облысы бойынша


     Қордай ауданындағы N 4 Қордай орта мектебіне - белгілі қоғам

қайраткері Балжан Бөлтірікованың есімі;


             Қызылорда облысы бойынша


     Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға - халық жазушысы, көрнекті

ақын Әбділда Тәжібаевтың есімі;

     Сырдария ауданындағы N 36 Тереңөзек орта мектебіне - Әбділда

Тәжібаевтың есімі;


 
       Сырдария ауданындағы N 210 Тереңөзек орталау мектебіне -

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Оспан Әбілпаттаевтың

есімі;

     Жалағаш ауданындағы N 123 дарынды балаларға арналған мектепке -

мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің есімі;

     Қармақшы ауданындағы N 121 Жосалы орта мектебіне - майдангер-ақын

Әбзәли Егізбаевтың есімі;

     Қазалы ауданындағы N 92, Пірімов орта мектебіне - мемлекет және

қоғам қайраткері Қазмұхамед Құлетовтың есімі;

     Қазалы ауданындағы N 226 Жаңақазалы мектеп-гимназиясына - белгілі

педагог Бердікен Мергенбаевтың есімі;


                  Маңғыстау облысы бойынша


     Бейнеу ауданындағы Бейнеу өнер мектебіне - күйші-композитор

Құлшар Бақтыбайұлының есімі;


 
       Жаңаөзен мұнай және газ колледжіне - алғашқы қазақ геологтарының бірі, қуғын-сүргіндердің құрбаны Оразмағамбет Тұрмағамбетұлының есімі;
 
               Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
 
      Созақ ауданындағы Шаға орталау мектебіне - белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың есімі;
      Кентау қаласындағы N 22 кәсіптік-техникалық мектепке - Қазақстан

 

Республикасы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің еңбек сіңірген

шебері Файзулла Нұрпейісовтің есімі;

     Отырар ауданындағы N 4 Шәуілдір лицей-интернатына - көрнекті

мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

     Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылдық округіндегі жаңадан ашылған

орталау мектепке - осы мектептің негізін қалаушылардың бірі Талғат

Оспановтың есімі;


                   Алматы облысы бойынша


     N 165 техникалық лицейге - Қазақстан Республикасының еңбек

сіңірген мұғалімі, білім беру ісінің ірі ұйымдастырушысы Әмір Бимендиннің

есімі.


                                    Қазақстан Республикасы

                                    Үкіметінің

                                    1999 жылғы 21 сәуірдегі

                                    N 441 қаулысына

                                      2-қосымша  


     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1428

              қаулысымен.


P991428_





            Қайта аталуға жататын білім мекемелерінің

                          тізбесі


                 Алматы облысы бойынша


     Ақсу ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп - "Мамания"

орта мектебі;

     Панфилов ауданындағы Владимир Ильич Ленин атындағы орта мектеп -

Әулиеағаш орта мектебі;

     Сарқанд ауданындағы Надежда Крупская атындағы орта мектеп - Ақын

Сара атындағы орта мектеп;


 
       Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті - Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;
      Қарасай ауданындағы Максим Горький атындағы орта мектеп - аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп;
      Қарасай ауданындағы Николай Чернышевский атындағы орта мектеп - Кеңес Одағының Батыры, көрнекті ғалым Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп;
      Қарасай ауданындағы Михаил Калинин атындағы орта мектеп - белгілі ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов атындағы орта мектеп;
      Қарасай ауданындағы Дмитрий Фурманов атындағы орта мектеп - Қарасай батыр атындағы орта мектеп;
      Қарасай ауданының Каменка ауылдық округіндегі Сергей Королев атындағы орта мектеп - білім беру ісін ұйымдастырушылардың бірі Сейділдә Көпбаев атындағы орта мектеп;
      Қарасай ауданының Елтай ауылдық округіндегі Владимир Ильич Ленин атындағы орта мектеп - қоғам және мемлекет қайраткері Мәсімхан Бейсебаев атындағы орта мектеп;
      Қарасай ауданының Бірінші Май ауылдық округіндегі Николай Островский атындағы орталау мектеп - Қайнар орталау мектебі;
      Қарасай ауданындағы Николай Некрасов атындағы орта мектеп - көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафин атындағы орта мектеп;
      Қарасай ауданының Үлкен Алматы ауылдық округіндегі Аркадий Гайдар атындағы орта мектеп - ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы орта мектеп;
      Кербұлақ ауданындағы Амангелді Иманов атындағы орта мектеп - белгілі сахна шебері Тоқсын Құлыбеков атындағы орта мектеп;
 
               Маңғыстау облысы бойынша
 
      Форт-Шевченко қаласындағы Сергей Миронович Киров атындағы орта мектеп - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, белгілі педагог Есбол Өмірбаев атындағы орта мектеп;
      Маңғыстау ауданындағы Владимир Ильич Ленин атындағы орта мектеп - Ұштаған орта мектебі;
 
            Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
 
      Ордабасы ауданының Қажымұқан ауылдық округіндегі "Коммунизм" орта мектебі - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Қалдыбай Бектаев атындағы орта мектеп;
      Ордабасы ауданының Қажымұқан ауылдық округіндегі N 11 "Социалистік қоғам" бастауыш мектебі - Қызылсеңгір бастауыш мектебі;
      Ордабасы ауданының Төрткүл ауылдық округіндегі Владимир Ильич Ленин атындағы орта мектеп - Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп;
      Ордабасы ауданының Төрткүл ауылдық округіндегі Қызылту орталау мектебі - Төрткөл төбе орталау мектебі;
      Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округіндегі "Луч Октября" орталау мектебі - Ақбұлақ орталау мектебі;
      Ордабасы ауданының Шұбар ауылдық округіндегі Октябрь орталау мектебі - Жусансай орталау мектебі;
      Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округіндегі Павлов атындағы орталау мектеп - тарихшы-ғалым Мұхамед Хайдар Дулати атындағы орталау мектеп;
      Ордабасы ауданының Қараспан ауылдық округіндегі "Комсомол" орталау мектебі - Тәуке хан атындағы орталау мектеп;
      Ордабасы ауданының Жеңіс ауылдық округіндегі "Спутник" орта мектебі - белгілі ақын Өтебай Тұрманжанов атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округіндегі N 14 Серго Орджоникидзе атындағы орта мектеп - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор Мардан Сапарбаев атындағы орта мектеп;
      Төле би ауданындағы "Коммунизм" орта мектебі - Сарқырама орта мектебі;
      Түлкібас ауданының Арыс ауылдық округіндегі Сергей Миронович Киров атындағы орта мектеп - 30-шы жылдардағы қуғын-сүргіндердің құрбаны, тілші-ғалым, педагог Ордабай Ағыбаев атындағы орта мектеп;
      Шардара қаласындағы Надежда Крупская атындағы орта мектеп - Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орта мектеп;
      Арыс ауданының Дермене аулдық округіндегі "Прогресс" орталау мектебі - белгілі әдебиет зерттеушісі, профессор Бейсенбай Кенжебаев атындағы орта мектеп;
      Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылдық округіндегі Максим Горький атындағы орта мектеп - Елшібек батыр атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданының Сайрам ауылдық округіндегі N 1 Михаил Калинин атындағы орта мектеп - өзбек ақыны Юсуф Сареми атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданының Сайрам ауылдық округіндегі N 17 Владимир Ильич Ленин атындағы орта мектеп - өзбек ақыны Атай атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округіндегі N 8 Владимир Маяковский атындағы орта мектеп - Мәртебе орта мектебі;
      Сайрам ауданының Манкент ауылдық округіндегі N 11 Надежда

 

Крупская атындағы орта мектеп - Манкент орта мектебі;

     Сайрам ауданының Манкент ауылдық округіндегі "Қызыл жұлдыз" орта

мектебі - Аққала орта мектебі;

     Сайрам ауданының Жібек жолы ауылдық округіндегі N 80 Карл Маркс

атындағы орталау мектебі - Машат орталау мектебі;

     Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округіндегі Владимир Ильич

Ленин атындағы орта мектеп - Байқоңыр ғарыш айлағының негізін

қалаушылардың бірі Қален Тоқмұхамедов атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласындағы N 10 Федор Клоков атындағы орта мектеп -

Ақпан батыр атындағы орта мектеп;


              Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров

атындағы орта мектеп - ағартушы-демократ Әбдікәрім атындағы Шыңғыстай орта

мектебі.




   Оқығандар:     

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.      














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады