Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1995 жылғы 22 қарашада Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тәжік тарабын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдаған шешімі туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастықты
одан әрі дамыту және тереңдету туралы
Келісім
(2009 жылғы 1 қазанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2009 ж., № 5, 34-құжат)
Бұдан әрі қарай Тараптар ден аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қарым-қатынастар негіздері туралы шартты басшылыққа ала отырып,
экономикалық реформалар жүргізуді, шаруашылықты құрылымдық жағынан қайта құруды, екі елдің шаруашылық субъектілері арасындағы нарықтық қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар құруды маңызды деп санай отырып;
екі мемлекеттік және олардың халықтарының мүдделері үшін шаруашылық субъектілері арасындағы дәстүрлі шаруашылық, мәдени, ғылыми-технологиялық және өндірістік-техникалық байланыстарды жаңа сапалық негізде дамытуға ұмтыла отырып;
тең құқықты және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігерді біріктіру қажеттілігін түсіне отырып,
мына төмендегілер жөнінде уағдаласты:
1-Бап
Тараптардың экономикалық ынтымақтастығы өзара тиімді әріптестік, тең құқықтылық, халықаралық нормалар мен ережелерді мойындау қатынастарына негізделеді және екі мемлекеттің ұлттық мүдделерін ескере отырып, олардың меншік нысанына қарамастан шаруашылық субъектілері арасындағы тікелей бірлесіп қимылдау жолымен жүзеге асырылады.
Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптың мүдделеріне зиян шектіретін іс-әрекеттерге бармайды, ұзақ мерзімдік негізде ынтымақтастықты дамыту үшін шаруашылық субъектілеріне қолайлы жағдайлар жасайды.
2-Бап
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында өзара тауар айналысын арттыруды көтермелеу, сауда қатынастарына одан әрі бостандық беру, шаруашылық субъектілері үшін теңдей құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау жөнінде практикалық қадамдар қарастырады.
Тараптар өзара саудада тарифтік және тарифтік емес шектеулерді бірте-бірте азайту және алып тастау жөніндегі шараларды жүзеге асыратын болады.
3-Бап
Тараптар мынадай салаларда экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға баса көңіл бөлінеді деп санайды:
тау-кен өндіру,
түсті металлургия,
машина жасау кешені,
агроөнеркәсіп кешені,
энергетика,
жеңіл өнеркәсіп,
көлік және коммуникация.
4-Бап
Тараптар экономикалық интеграцияның ұзақ мерзімдік бағдарламаларын жасау және оларды жүзеге асыруды бақылау үшін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық қазақ-тәжік комиссиясын құрады.
5-Бап
Тараптар өндірістік кооперация саласында екі мемлекет кәсіпорындарының арасындағы тиімді өндірістік-технологиялық байланыстарды дамытуға көмектеседі, оларды рационалдық мамандандыруға, интеграциялауға, олардың өнімдерінің ішкі және дүниежүзілік рыноктардағы бәсекелестігін арттыруға жәрдемдесетін, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруды көтермелейтін болады.
6-Бап
Тараптар несие-қаржы ынтымақтастығы саласында өзара тиімді жобаларды қаржыландыру үшін, екі мемлекеттің экспорттық әлеуеттерін көтеру үшін коммерциялық, ұлттық және халықаралық банктерді, инвестициялық, қаржы және сақтандыру компанияларын тарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Тараптар ұлттық капиталдарды өндірістік, инвестициялық және коммерциялық салаларда пайдаланудың басқа да прогрессивтік нысандарын құруға және дамытуға жәрдемдесетін болады.
7-Бап
Тараптар барлық жерде өзара тауар айналымын ұлғайтуға, қол қойылған келісімдер мен хаттамаларды жүзеге асыруға, өз мемлекеттерінің аумағында екі Тараптың шаруашылық субъектілері үшін еркін сауда режимін құруға жәрдемдесетін болады.
8-Бап
Тараптар көлік және байланыс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді, өзаралық негізде екі ел арасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін және олардың аумағы арқылы транзит үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етеді.
9-Бап
Ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында Тараптар қорғаныс кәсіпорындарының өзара байланысын дамыту жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыратын болады және өзара тиімділік негізінде әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін шешуге әзір екендіктерін білдіреді.
10-Бап
Тараптар жұмыс орнын беру, еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік кепілдіктер мәселелерінде ұлттық немесе кез келген басқа белгілері бойынша екі мемлекет азаматтарын кемсітушілікке жол бермеуге міндеттенеді.
11-Бап
Тараптар табиғатты тиімді пайдалануға жәрдемдесетін болады, жалпы экологиялық проблемаларды шешуде келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда өзара көмек көрсетеді, экологиялық апаттардың және табиғат бүліншіліктерінің зардаптарын жоюға байланысты проблемалар кешенін бірлескен күш-жігерлермен шешуге міндеттенеді.
12-Бап
Тараптар осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану жөнінде даулар туындаған жағдайда оларды келіссөздер және консультациялар жолымен шешетін болады.
13-Бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшiн қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды Тараптардың орындағаны туралы соңғы мәлімдемені алған сәттен бастап күшіне енеді.
Келісімнің қолданысы Тараптардың біреуінің оның қолданысын тоқтататын ниеті туралы жазбаша мәлімдегенінен кейін алты ай өткен соң тоқтатылады.
14-Бап
Алматы қаласында 1995 жылғы 22 қарашада екі түпнұсқа данада, әрқайсысының күші бірдей қазақ, тәжiк және орыс тілдерінде жасалды.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруді орыс тіліндегі мәтіннің басым күші бар.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін