Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 24 сәуір N 466. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.22. N 1347 қаулысымен. ~P011347

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 P990358_ қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Банктер мен басқа да уәкілетті ұйымдар беретін кассалық чектерде қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін ұсталған алымның сомасы көрсетіледі.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулық" туралы 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімін (6-қосымша) негізінде толықтырылады, онда ұсталған және аударылған алымдардың сомалары туралы есеп айырысу банктер мен уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасын жеке тұлғаларға сату жөніндегі әрбір операцияны тіркеуге міндетті.";
      2-қосымша қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру туралы нұсқаулық" туралы 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 
қаулысымен белгіленген нысандағы Сатып алынған және сатылған шетел 
валютасы тізілімін (6-қосымша) мынадай мазмұндағы бағанмен толықтыру 
ұсынылсын:
     "алым сомасы, теңгемен".
     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                       1999 жылғы 24 сәуірдегі
                                               N 466 қаулысына
                                                       қосымша
     
           Қолма-қол шетел валютасын сатып
       алғаны үшін алынатын алымды ұстау туралы
                   N Анықтама
     
        Кімге берілді:                    Кім берді:
  ___________________(СТТН)          ________________________
                                       (өкілетті банктің,
  _________________________         
  _________________________          ________________________
      (Тегі, аты-жөні)                банктік операциялардың

  _________________________          ________________________
 (сатып алушының жеке басын          жекелеген түрлерін жүзеге   
     
  _________________________          ________________________
  куәландыратын құжаттың               асыратын уәкілетті

  _________________________          ________________________
 сериясы, нөмірі және берілген         ұйымның атауы)
       күні)

  _________________________          ________________________
    (мекен-жайы)                        (орналасқан жері)

  ____________________________________________________________________
 | Шетел     | Сатып   | Шетел   |   Алым  | Алым   |   Қолма-қол     |
 |валютасының|алынған  |валютасын|салынатын|сомасы, |шетел валютасын  |
 |  түрі     |қолма-қол| сату    |  сома,  |теңгемен| сатып алу үшін  |
 |           | шетел   | бағамы, | теңгемен|        |  енгізілген     |
 |           |валютасы.|теңгемен |         |        |соманың жиыны,   |
 |           |  ның    |         |         |        |  теңгемен       |
 |           | сомасы  |         |         |        |                 |
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|
 |    1      |    2    |    3    | 4(2x3)  | 5(4х1%)|    6(4+5)       |
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|

       Уақыты ________________________
                 (күні, айы, жылы)

       Бас бухгалтер _________ (қолы)

       Кассир ________________ (қолы)

       М.О.

    
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.              
   
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады