Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 2 сәуір N 358. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.10.22. N 1347 қаулысымен. ~P011347

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ заң күші бар Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы 1999 жылдың 12 сәуірінен бастап күшіне енеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.04.06. N 373
               қаулысымен. P990373_
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                            Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысымен бекітілген


     Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып
      алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны
               төлеудің тәртібі туралы
                      Ереже
     
                1. Жалпы ережелер
     
     1. Осы Ереже жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында қолма-қол 
шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасын және алым 
сомасын республикалық бюджеттің кірісіне төлеудің тәртібін белгілейді.
     
               2. Алым төлеушілер
     
     2. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валюталарын 
теңгеге сатып алатын Қазақстан Республикасының азаматтары, шет 
мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалардың 
қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымды төлеушілер 
болып табылады.
     
        3. Ставка және алымды есептеудің тәртібі
     
     3. Алым ставкасы осы Ереженің 4-тармағына сәйкес айқындалатын есептеу 
базасының 0-проценті мөлшерінде белгіленеді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.02. N 1849 
              қаулысымен.  

P991849_

 
     4. Мынадай операцияларды жүргізгенде:
     1) қолма-қол шетел валютасын қолма-қол теңгеге сатып алғанда;


      2) дебеттік төлем карточкалары бойынша жеке тұлғалар алған (сатып алған) қолма-қол шетел валютасын жабу үшін банктік шоттағы теңге түріндегі қаражатты банк конвертациялағанда;
      3) теңгемен деноминацияланған төлем құжаттарын пайдалана отырып, қолма-қол шетел валютасын сатып алғанда теңгемен төленетін сома алымды есептеу базасы болып табылады.

         4. Алымды төлеудің тәртібі мен мерзімдері

      5. Алымды ұстап қалуды жеке тұлғалар қолма-қол шетел валютасын сатып алған сәтте банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті басқа да ұйымдар (бұдан әрі - уәкілетті ұйымдар) жүзеге асырады.
      Жеке тұлға теңгедегі дебеттік төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол валютасын алған (сатып алған) кезде, алымды төлем карточкасының эмитенті болып табылатын банк, клиенттің банктік шотынан ақша есептен шығарылған (алынған) күні ұстайды.
      Банктер мен басқа да уәкілетті ұйымдар беретін кассалық чектерде қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін ұсталған алымның сомасы көрсетіледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.04.24. N 466
               қаулысымен. P990466_
      6. Алым сомаларын банктер мен уәкілетті ұйымдар алым ұсталған операциялық күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Егер операциялық күн демалыс немесе мереке күніне тура келсе, операциялық күн деп демалыс немесе мереке күнінен кейінгі жұмыс күнін есептеу керек.
      7. Алымды ұстап қалатын банктер мен уәкілетті ұйымдар тіркелген жері бойынша салық органдарына ұсталған және аударылған сомалар туралы тоқсан сайын, тоқсанның екінші айының 15 күніне дейін, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп береді. Есептің екінші данасы банкте немесе уәкілетті ұйымдарда қалады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулық" туралы 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 P970295_ қаулысымен бекітілген Сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімін (6-қосымша) негізінде толықтырылады, онда ұсталған және аударылған алымдардың сомалары туралы есеп айырысу банктер мен уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасын жеке тұлғаларға сату жөніндегі әрбір операцияны тіркеуге міндетті. <*>
      Алымды ұстайтын банктер мен уәкілетті ұйымдар жеке тұлғаның талап етуі бойынша оған ұстаған алым сомасы туралы 2-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтаманы беруге міндетті. Анықтама екі данада беріледі. Бірінші данасы қолма-қол шетел валютасын сатып алушыға беріледі. Екінші данасы банкте немесе уәкілетті ұйымда қалады.
      Қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымды ұстағаны

туралы анықтамалар тігілген және нөмірленген түрде оларды тіркеген күннен 
бастап толық бес жыл бойы сақталады.
     Берілген анықтамалар Ұсталған алым сомасы туралы анықтамаларды тіркеу 
кітабында тіркеледі, олар мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
     1) анықтаманың реттік нөмірі;
     2) берілген күні;
     3) сатып алушының аты-жөні;
     4) сатып алушының жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі 
мен берілген күні, СТТН;
     5) қолма-қол шетел валютасын сатып алу үшін енгізілген теңгенің 
сомасы;
     6) ұсталған алымның сомасы.
     Анықтаманың реттік нөмірі Анықтамаларды тіркеу кітабына сәйкес 
көрсетіледі.
     Әрбір есепті кезең (тоқсан) үшін Анықтамаларды тіркеу кітабында 
қорытынды жасалады.


      Анықтамаларды тіркеу кітабы қолмен толтырылатын жағдайда оның беттері нөмірленуі, баумен тігіп байлануы және басшының қолымен және банктің немесе уәкілетті ұйымның мөрімен расталуы керек.
      Анықтамаларды тіркеу кітабын электрондық көздерде жүргізген кезде оның беттері әрбір есепті кезең бойынша басып шығарылады, басшының қолымен және банктің немесе уәкілетті ұйымның мөрімен расталады, нөмірленеді және түптелген күйінде сақталады.

     Анықтамаларды тіркеу кітабындағы парақтардың саны банктің немесе 
уәкілетті ұйымның басшының және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.
     Анықтамаларды тіркеу кітабы онда соңғы жазба ресімделген күннен 
бастап бас жыл бойы сақталады.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ 2-абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.04.24. N 466
              қаулысымен.  

P990466_

    
     
           5. Алымды төлеу тәртібін бақылау және оны
                  бұзғаны үшін жауапкершілік
     
     8. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген операцияларды жүзеге 
асыратын банктер мен уәкілетті ұйымдар Қазақстан Республикасы 
Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 
туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 заң күші бар Жарлығына сәйкес алым 
сомасының республикалық бюджеттің кірісіне толық және уақтылы аударылуы 
үшін жауап береді.
     9. Алым сомасының бюджетке толық және уақтылы төленуін бақылауды 
Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары жүзеге асырады.
     
                                             1-қосымша
     
     ________________________   ______________________
             (СТТН)               (аудан, қала)
     
     ________________________   бойынша салық комитеті
        (орналасқан жері)       ______________________
                                  (ұсыну мерзімі)
     
     ________________________
            (телефоны)        
     
     ________________________   ______________________
      (банктік деректемесі)     (іс жүзінде ұсынылғаны)
     
         Қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін
            алынатын алымның ұсталған сомаларының
       _________ жылдың ____________________ тоқсаны бойынша
                        (кезеңі көрсетілсін)
                          Есебі
     
     _____________________________________________________________
    |Рет |   Көрсеткіштер               |     Сома,               |
    | N  |                              |    теңгемен             |
    |____|______________________________|_________________________|
    |1.  |Қолма-қол шетел валютасын     |                         |
    |    |сатып алу - барлығы           |                         |
    |____|______________________________|_________________________|
    |2.  |Бюджетке енгізілуге жататын   |                         |
    |    |алымның сомасы - барлығы      |                         |
    |____|______________________________|_________________________|
    |3.  |Бюджетке іс жүзінде енгізілді |                         |
    |    | - барлығы                    |                         |
    |____|______________________________|_________________________|
    |4.  |Қосымша төленуге тиістісі:    |                         | 
    |    |қайтарылуға тиістісі:         |                         |
    |____|______________________________|_________________________|
     
     Ұйымның басшысы:                  Салық органының қызметкері:
     
     _________ (қолы)                        ____________ (қолы)
     
     Бас бухгалтер:
     
     __________ (қолы)
     
     Тапсырған:                           Қабылдап алған:
     
     __________ (қолы)                    ______________ (қолы)
     
     Орындаушының аты-жөні, телефоны      ______ жылғы "__"_____
     

                                                 2-қосымша
     
     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1999.04.24. N 466
              қаулысымен.  

P990466_

         
     
           Қолма-қол шетел валютасын сатып
       алғаны үшін алынатын алымды ұстау туралы
                   N Анықтама
     
        Кімге берілді:                    Кім берді:
  ___________________(СТТН)          ________________________
                                       (өкілетті банктің,
  _________________________         
  _________________________          ________________________
      (Тегі, аты-жөні)                банктік операциялардың

  _________________________          ________________________
 (сатып алушының жеке басын          жекелеген түрлерін жүзеге   
     
  _________________________          ________________________
  куәландыратын құжаттың               асыратын уәкілетті

  _________________________          ________________________
 сериясы, нөмірі және берілген         ұйымның атауы)
       күні)

  _________________________          ________________________
    (мекен-жайы)                        (орналасқан жері)

  ____________________________________________________________________
 | Шетел     | Сатып   | Шетел   |   Алым  | Алым   |   Қолма-қол     |
 |валютасының|алынған  |валютасын|салынатын|сомасы, |шетел валютасын  |
 |  түрі     |қолма-қол| сату    |  сома,  |теңгемен| сатып алу үшін  |
 |           | шетел   | бағамы, | теңгемен|        |  енгізілген     |
 |           |валютасы.|теңгемен |         |        |соманың жиыны,   |
 |           |  ның    |         |         |        |  теңгемен       |
 |           | сомасы  |         |         |        |                 |
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|
 |    1      |    2    |    3    | 4(2x3)  | 5(4х1%)|    6(4+5)       |
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|
 |___________|_________|_________|_________|________|_________________|

       Уақыты ________________________
                 (күні, айы, жылы)

       Бас бухгалтер _________ (қолы)

       Кассир ________________ (қолы)

       М.О.

         
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Омарбекова А.          
     
     
     
     
     
     
     
     
     

             
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады