Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 26 сәуір N 475 Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.15. N 1713 қаулысымен. ~P991713

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі туралы ереже;
      <*>
      Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі

агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен. 

P991093_

  
     2. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301  
               қаулысымен.  

P991301_

 
     3. Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау жөніндегі 
агенттігінің төрағасына бір орынбасары болуға рұқсат етілсін.
     4. "Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау жөніндегі 
агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1998 жылғы 13 мамырдағы N 433  

P980433_

  қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 14, 124-құжат) күші жойылды деп 
танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 475 қаулысымен бекітілген


          Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті
              қолдау жөніндегі агенттігі туралы
                           Ереже
                  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн, шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ заңмен көзделген шектерде салааралық үйлестiру мен басқа да арнайы атқару және шешiм шығару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары бар, мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
      4. Агенттiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар нысанында актiлер шығарады.
      5. Агенттіктің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
      473000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 2.
      7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi республикалық мемлекеттiк мекеме (Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгі).
      8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

      2. Агенттiктiк негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде, оның iшiнде оған қаржылық, техникалық және көмектердiң өзге де түрлерiн көрсету мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және шаралар қабылдау;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      3) Қазақстан Республикасында және аймақтарда шағын кәсiпкерлiктiң даму үрдiстерiне талдау жасау, шағын кәсiпкерлiктi дамытуға кедергi жасайтын факторларды анықтау;
      4) несие, инвестициялық және сауда саясатын, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне қатысты жекешелендiру саясатын қалыптастыруға қатысу;
      5) шағын кәсiпкерлiктi қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      11. Агенттiк заңдарға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды ұйымдастырады және үйлестiреді;
      2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және Yкiметке ұсынады;
      3) мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн түрлi мемлекеттiк тапсырыстар мен бағдарламаларды орындауға тартудың тәртiбiн айқындауға қатысады;
      4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрленiмдер мен технологияларды пайдалануының жеңiлдiктi жағдайларын жасау туралы ұсыныс дайындайды;
      5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң заемның және басқа да қаражаттың есебiнен жүзеге асырылатын инвестициялық және инновациялық қызметiн реттеу жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
      6) шағын кәсiпкерлiк саласында кадрларды даярлау қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      7) республиканың аймақтарында шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдеседi;
      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қоғамдық ұйымдарын (одақтарын, ассоциацияларын, конгрестерiн) ұйымдастыруға қолдау көрсетедi және олармен iс-қимыл жасасады;
      9) шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      10) жергiлiктi атқарушы органдарға шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi шараларды әзiрлеуде және iске асыруда жәрдем көрсетедi;
      11) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне байланысты проблемаларды шешуде - өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
      12) шағын кәсiпкерлiктiң жай-күйi мен оны мемлекеттiк қолдаудың тиiмдiлiгiне талдау жасайды;
      13) шағын кәсiпкерлiктiң даму үрдiстерiн анықтау және шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау бағдарламаларының тиiмдiлiгiн айқындау үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сауалнама ұйымдастырады, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өзектi мұқтаждарын анықтайды;
      14) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiндегi заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметін шағын кәсiпкерлiктi қолдау жүйесiнiң кемшiлiктерiн жою жөнiнде қабылданған шаралар; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзушылықтар; Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiндегi актiлерiнiң iске асырылу барысы туралы хабардар етедi, сондай-ақ олардың тиiсiнше орындалмауына кiнәлi лауазымды тұлғаларды республиканың заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзедi;
      16) мемлекеттiк органдарға қарау үшiн анықталған жолсыздықтарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау туралы актiлерiнiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгiзедi;
      17) мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың және азаматтардың өтiнiштерiн қарайды, шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi жөнiнде қорытындылар ұсынады;
      18) Yкiмет пен тиiстi мемлекеттiк органдарға шағын кәсiпкерлiктi қолдауды қамтамасыз ету мақсатында салық салу жүйесiн жетiлдiру қаржы және несие саясатын өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      19) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты жекешелендiру саясатын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      20) шағын кәсiпкерлiктi дамытуға және қолдауға бағытталған қаржы қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
      21) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды зерделеу мен талдауды жүзеге асырады;
      22) шағын кәсiпкерлiктi қаржылық, техникалық және инвестициялық қолдауды, оның сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады, шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесетiн шетелдiк әрiптестермен ғылыми-техникалық және өндiрiстiк-коммерциялық байланыстар орнатуға ықпал етедi;
      23) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      12. Агенттiк негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен өз құзыретiнiң шегiнде:
      1) мемлекеттiк мекемелер мен өзге де ұйымдардан шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      2) шағын кәсiпкерлiктiң дамуына қатысты мәселелер жөнiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды тексерудi жүзеге асыруға, олардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер, құжаттар, анықтамалар және өзге де материалдар алуға;
      3) Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiнде, сондай-ақ анықталған шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау жөнiндегi заңдардың бұзылуын жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабардар етуге;
      4) шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған нормативтiк құқықтық

актiлердiң жобаларын әзiрлеуге;
     5) сарапшыларды тартуға, коммерциялық емес ұйымдармен, уақытша 
шығармашылық ұжымдармен шағын кәсiпкерлiктiң проблемалары жөнiнде 
талдаулық шолулар мен болжамдар дайындау жөнiнде шарттар жасасуға; 
     6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге 
асыруға құқылы.
     
                    3. Агенттiктiң мүлкi
     
     13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     14. Агенттiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. Агенттiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен  
шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     
                4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
     


      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Агенттік төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бір орынбасары болады.
      17. Агенттіктің төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауаптылықта болады.
      18. Агенттіктің төрағасы осы мақсатта:
      1) өз орынбасары мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері

басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
     2) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде 
Агенттіктің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза 
қолданады;
     4) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
     5) Агенттiктің құрылымын және Агенттiктiң құрылымдық бөлімшелері 
туралы ережені бекітеді;
<*>

     6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан 
өкілдік етеді;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093         
              қаулысымен.  

P991093_

  
     
              5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     


                                   Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 475 қаулысымен бекітілген


         Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті

           қолдау жөніндегі агенттігінің
             қарауындағы ұйымдардың
                  Тізбесі
     
     
     "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы
     
     
   Оқығандар:
 Қобдалиева Н.
 Омарбекова А.     
         
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады