Құрылыс кешені кәсіпорындарының қаржы-экономикалық жағдайын тұрақтандыру және құрылыс материалдарының ішкі рыногын қорғау, құрылыс саласы ұйымдарының инвестицияларды игеруге қатысуын ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің қатысуымен ішкі рынокты қорғау мақсатында:
1) үш ай мерзімде көлемін конкурстық негізде отандық өндірушілер қамтамасыз етуі мүмкін құрылыс материалдарын, бұйымдарды және конструкцияларды әкелуге кеден бажының ставкаларын қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізсін;
2) екі ай мерзімде, экономикалық негіздер болған кезде, 1995 жылғы 6 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Кеден одағы туралы келісімнің 5-бабының 1-тармағына сәйкес, белгіленген тәртіппен олардың импортына сандық шектеуді енгізу үшін құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциялардың тізбесін дайындасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі және құзыретті органдар кәсіпорындарды басқаруға, пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге, концессияға беруге және мемлекеттік көздердің есебінен немесе мемлекеттік кепілдігімен толық немесе ішінара қаржыландырылатын құрылыс объектілерін салуға шарттар (келісімшарттар) жасасу кезінде, белгіленген тәртіппен, шарттарға құрылыс-монтаж жұмыстарын отандық мердігерлік ұйымдардың басымдықты орындауы жөніндегі талаптарды енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі экономиканың басым секторларында және жер қойнауын пайдалануда қызмет жүзеге асырушы инвесторлармен келісімшарттар жасасу кезінде инвесторлардың құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін отандық мердігерлік ұйымдарды тарту жөніндегі міндеттемелерді қабылдауын көздесін.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп бір ай мерзімде республиканың құрылыс объектілеріне шетелдік мамандар мен жұмысшыларды тартудың тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі екі ай мерзімде:
1) құрылыс-монтаж ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіпорындарды жекешелендіру жөніндегі жекелеген шешімдерінің негізінде, кредиторлардың талаптарын қағанаттандыруды тоқтата тұрудың нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешектерді кезең-кезеңмен өтеу жөнінде ұсыныс енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына отандық тауарлар үшін бұл тауарларды бюджеттің қаражаты есебінен сатып алған жағдайларда қосылған күнге салық салу жөнінде импортталатын тауарлармен бірдей жағдайлар жасау бөлігінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
6. Құрылыс-монтаж ұйымдарының банктік шоттарына түскен қаражатты бағыттаудың мынадай тәртібі белгіленсін:
60 проценті - өз мұқтаждарына (жалақыны, жеке адамдардан табыс салығын, әлеуметтік салықты қоса алғанда);
40 проценті - бюджетке басқа да міндетті төлемдерге.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі 1996 жылғы 22 наурыздағы Үкіметаралық шартқа сәйкес құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын өндіруді қолдаудың республикалық секторлық бағдарламасына ұсынған несиелік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ басқа да көздерден сыртқы заемдарды құрылыс кешені үшін тарту жөніндегі жұмысты жандандырсын.
8. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқаруға уәкілеттік берілген органдар мен мемлекеттің қатысуымен басқа да заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне, қоса беріліп отырған нысан бойынша, мемлекеттің меншігі болып табылатын өндірістік мақсаттағы құрылысы аяқталмаған және пайдаланылмайтын объектілер туралы ақпарат ұсынсын.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі алынған ақпаратты инвесторларға заттай гранттар беру туралы мәселені шешу кезінде пайдалансын.
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі жоғарыда көрсетілген объектілерді одан әрі пайдаланудың мүмкіндігін қарасын және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныс енгізсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 сәуірдегі
N 486 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік меншік болып табылатын өндірістік мақсаттағы аяқталмаған құрылыс пен пайдаланылмайтын объектілер туралы
Ақпарат
____________________________________________________________________
| № |Объектінің атауы, |Салынған жылы|Жобалық |Құрылыстың алаңы, |
|Р/с|орналасқан жері |мен басталуы |қуаты, |қабаты, конструк. | | N | | |өнімділі.|циялық шешімі көр.| | | | |гі |сетілген қысқаша |
| | | | |тізбесі |
|___|__________________|_____________|_________|__________________|
|___|__________________|_____________|_________|__________________|
|___|__________________|_____________|_________|__________________|
таблицаның жалғасы __________________________________________________
|1991 жылғы |Объектілер мен құр. |Оларды одан |
|бағадағы жоба |ылыстардың дайындық |әрі пайдалану|
|бойынша |проценті |жөніндегі |
|ҚМЖ-ның құны | |ұсыныстар |
|______________|_____________________|_____________|
|______________|_____________________|_____________|
|______________|_____________________|_____________|