"Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 сәуір N 489

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы Консулдық

конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                         Жоба


                  Қазақстан Республикасының

                            Заңы


      Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы Консулдық

                   конвенцияны бекіту туралы


     1998 жылғы 21 қыркүйекте Бухаресте жасалған Қазақстан

Республикасы мен Румыния арасындағы Консулдық конвенция бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


             Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы

                        Консулдық конвенция


     Қазақстан Республикасы мен Румыния,

     екі мемлекеттің арасындағы достық қатынастарды дамытуға жәрдемдесу

ниетін басшылыққа ала отырып,

     экономика, сауда, ғылыми-техника, мәдениет және басқа салаларда

ынтымақтастықты нығайту мүддесін көздей отырып,

     өздерінің арасындағы консулдық қатынастарды реттеуге тілек білдіре

отырып,

     осы консулдық Конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегілер туралы

уағдаласты:


                             І Бөлім

                           Анықтамалар


                              1-бап

              Конвенцияда келтірілетін терминдердің мәні


     Осы Конвенцияда төменде келтірілген терминдердің мағынасы мынадай:


 
       1) "Консулдық мекеме" - бас консулдықты, консулдықты, вице-консулдықты және консулдық агенттікті білдіреді.
      2) "Консулдық округ" - консулдық функцияларды орындау үшін консулдық мекемеге бөлініп берілген консулдық орналасқан мемлекеттің аумағын білдіреді.
      3) "Консулдық мекеменің басшысы" - консулдық мекемені басқару тапсырылған адамды білдіреді.
      4) "Консулдық қызмет адамы" - консулдық мекеменің басшысын қоса алғанда, консулдық функцияны атқару тапсырылған кез келген адамды білдіреді.
      5) "Консулдық мекеме қызметкері" - консулдық мекемеде әкімшілік және техникалық функцияларды орындайтын адамды білдіреді.
      6) "Қызмет көрсетушi персоналдың қызметшiсi"- консулдық мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын адымды бiлдiредi.
      7) "Консулдық мекеме персоналының мүшесi"- консулдық қызмет адамдарын, консулдық мекеме қызметкерлерiн және қызмет көрсетушi персоналдың қызметшiлерiн бiлдiредi.
      8) "Жеке үй қызметшiсi"- консулдық мекеме персоналы мүшесiнiң жеке үй қызметiнде жүрген адамды ғана бiлдiредi.
      9) "Консулдық үй-жайлар" - олар кiмнiң меншiгi болып табылатындығына қарамастан, консулдық мақсаттар үшiн ғана пайдаланылатын, консулдық мекеме басшысының резиденциясын қоса алғанда, үйдi немесе үйдiң бiр бөлiгiн, сондай-ақ осы үйге немесе үйдiң бiр бөлiгiне қызмет көрсететiн жер учаскесiн бiлдiредi.
      10) "Консулдық архивтер"- қызмет бабындағы барлық хат-хабарларды,

 

шифрларды, құжаттарды, кiтаптарды, iс жүргiзудiң техникалық құралдарын,

сондай-ақ оларды сақтауға арналған жабдықтарды бiлдiредi.

     11) "Кеме"- әскери кеменi қоспағанда, өкiлдiгiн жiберген

мемлекеттiң жалауымен жүзетiн кез келген кеменi бiлдiредi.

     12) "Әуе кемесi"- әскери ұшу аппараттарын қоспағанда, мемлекетте

тiркелген және сол мемлекеттiң айырым белгiлерi бар кез келген

азаматтық ұшу аппаратын бiлдiредi.


                            II БӨЛIМ

                      Консулдық қатынастар


                             2-бап

                  Консулдық мекеменiң ашылуы



 
       1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет орналасқан мемлекеттегi консулдық мекемесiн осы мемлекеттiң келiсiмiмен ғана аша алады.
      2. Консулдық мекеменiң орналасатын жерi, оның класы және консулдық округ - өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады.
      3. Консулдық мекеменiң орналасқан жерiне, оның класына немесе консулдық округына қатысты кез келген кейiнгi өзгертулер де өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен орналасқан мемлекеттiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалуға тиiс.
 
                          3-бап
             Консулдық патент пен экзекватура
 
      1. Консулдық мекеме басшысын тағайындағанға дейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет аталған адамды орналасқан мемлекеттiң консулдық мекеменiң басшысы ретiнде танитындығына келiсiм алатынына дипломатиялық жолмен көзiн жеткiзуге тиiс.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған келiсімдi алған соң өкiлдiгiн жiберген мемлекет өз дипломатиялық өкiлдiгi арқылы орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне консулдық патент жiбередi.
      Консулдық патентте консулдық мекеме басшысының аты-жөнi, оның қызметi, ол өз мiндеттерiн атқаратын консулдық округ және консулдық мекеменiң орналасқан жерi көрсетiледi.
      3. Консулдық мекеме басшысы орналасқан мемлекеттiң өзiне беретiн экзекватурасын алысымен өз мiндеттерiн атқаруға кiрiседi. Оған экзекватура мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде берiледi.
      4. Орналасқан мемлекет экзекватура бергенге дейiн консулдық мекеме басшысына оның өз мiндеттерiн атқаруына уақытша келiсiм бере алады. Бұл орайда оған осы Конвенцияның барлық ережелерi қолданылады.
      5. Консулдық мекеме басшысын түпкiлiктi, оның iшiнде уақытша таныған сәттен бастап орналасқан мемлекет бұл туралы консулдық округ шегiнде өкiметтiң тиiстi органдарын хабардар етедi және консулдық мекеме басшысы өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
 
                            4-бап
                   Консулдық мекеме басшысының
                  функцияларын уақытша орындау
 
      1. Егер консулдық мекеменiң басшысы қандай да бiр себептерге байланысты өз функцияларын орындай алмаса немесе егер консулдық мекеме басшысының қызмет орны уақытша бос болса өкiлдiгiн жiберген мемлекет орналасқан мемлекеттегі аталған немесе басқа консулдық мекеменің консулдық қызмет адамына немесе осы мемлекеттегi өзiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң дипломатиялық персоналы мүшелерiнiң бiрiне консулдық мекеменi уақытша басқару үшiн уәкiлеттiк бере алады.
      2. Консулдық мекемені уақытша басқаратын адамның аты-жөні орналасқан мемлекеттік Сыртқы істер министрлігіне алдын ала хабарланады.
      3. Консулдық мекемені уақытша басқаратын адам осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес консулдық мекеме басшысына берілетін дәл сондай құқықтарды, жеңілдіктерді және иммунитеттерді пайдаланады.
 
                           5-бап
            "Persons non grata" деп танылатын адамдар
 
      1. Орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамы "персона нон грата" болып табылатындығы немесе консулдық мекеме қызметкері не болмаса қызмет көрсететін персонал қызметшісі қолайсыз тұлға болып табылатындығы туралы дипломатиялық жолмен өкілдігін жіберген мемлекетке кез келген уақытта хабарлай алады. Мұндай жағдайда өкілдігін жіберген мемлекет осы адамды кері шақырып алуға не оның қызметін тоқтатуға тиіс.
      2. Егер өкілдігін жіберген мемлекет ақылға қонымды мерзім ішінде осы міндетті орындамайтын болса, онда орналасқан мемлекет егер әңгіме консулдық мекеме басшысы туралы болса экзекватураны немесе өзгедей рұқсатты кері шақырып алады немесе егер әңгіме консулдық қызмет адамы, консулдық мекеме қызметкері немесе қызмет көрсететін персонал қызметшісі туралы болса белгілі бір адамды консулдық мекеме персоналының мүшесі деп танудан бас тартатындығын дипломатиялық жолмен өкілдігін жіберген мемлекетке ескертеді.
      3. осы баптың 1 және 2-тармақтарында айтылатын кез келген жағдайда орналасқан мемлекет өз шешімін дәлелдеуге міндетті емес.
 
                             6-бап
               Тағайындау, келу және кету туралы
             консулдық орналасқан мемлекетке мәлімдеу
 
      Орналасқан мемлекеттің Сыртқы істер министрлігіне немесе Министрлік атаған органға мыналар:
      1. Консулдық персонал мүшелерін тағайындау, олардың келуі немесе консулдық мекемеде олардың қызметін тоқтату туралы және олардың консулдық мекемедегі жұмысы кезінде болуы мүмкін, олардың мәртебесіне ықпал ететін басқа да барлық өзгерістер туралы,
      2. Консулдық мекеме персоналы мүшесінің отбасы мүшесі болып табылатын немесе онымен бірге тұрақты тұратын адамның келуі немесе түпкілікті келуі туралы, сондай-ақ тиісті жағдайларда белгілі бір адамның осындай отбасы мүшесі болғандығы немесе отбасы мүшесі болуын тоқтатқандығы туралы,
      3. Жеке үй қызметшілерінің келуі немесе түпкілікті кетуі туралы және тиісті жағдайларда олардың осындай сипаттағы қызметін тоқтатқандығы туралы,
      4. Консулдық мекеме персоналының мүшелері немесе жеңілдіктер мен иммунитеттерге құқығы бар жеке үй қызметшілері сипатында, орналасқан мемлекетте тұрып жатқан адамдарды жалға алу және жұмыстан шығару туралы мәлім етіледі.
 
                               7-бап
                Тұлғаны куәландыратын құжаттарды беру
 
      1. Орналасқан мемлекеттің өкімет органдары әрбір консулдық қызмет адамына оның жеке басы мен қызметін куәландыратын құжатты тегін береді.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесі консулдық мекеме қызметкерлеріне, қызмет көрсететін персонал қызметшілеріне және жеке үй қызметшілеріне де қатысты, бұл орайда осы адамдардың консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары болмауы және осы мемлекетте тұрақты

 

тұрғылықты орны болмауы сияқты шарттар сақталады.


                          8-бап

          Консулдық қызмет адамдарының азаматтығы


     Консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрғылықты орны жоқ және

осы мемлекетте өзінің қызмет бабындағы міндетінен басқа табыс көздері

болып табылатын ешқандай өзге қызметті атқармайтын, өкілдігін жіберген

мемлекеттің азаматтары ғана консулдық қызмет адамдары бола алады.


                            ІІІ Бөлім

                     Консулдық функциялар


                            9-бап

                 Консулдық мекеменің функциялары


     Консулдық мекеменің функциялары мыналардан тұрады:


 
       1. Консулдық орналасқан мемлекетте халықаралық құқық нормаларына сәйкес өкілдігін жіберген мемлекеттің, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау,
      2. Экономика, сауда, мәдениет және ғылым салаларында сондай-ақ туризм саласында мемлекеттер арасындағы игі қатынастарды дамытуға, осы аталған және басқа салаларда олардың арасындағы достық байланыстарды нығайтуға одан әрі жәрдемдесу.
 
                        10-бап
                Консулдық қорғау мен көмек
 
      1. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына қажетті консулдық қорғау мен көмек көрсетуге, олармен қарым-қатынас жасауға, кеңестер беруге және егер қажеттілік туындаса консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес немесе екі мемлекет арасындағы қолданылып жүрген келісімдерге сәйкес өзінің құзыретімен олардың құқықтарын қорғауға көмек көрсетуге құқығы бар.
      2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы да қандай да бір шектеусіз консулдық қызмет адамымен байланыс жасауға және оның қабылдауында болуына құқығы бар.
 
                       11-бап
             Консулдық функцияларды орындау
 
      1. Консулдық функцияларды орындау өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық қызмет адамына жүктеледі.
      2. Консулдық мекеме функцияларын орындау қажеттігі жағдайында бұл функциялар орналасқан мемлекеттегі өкілдігін жіберген мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналы мүшелеріне жүктелуі мүмкін, бұл орайда дипломатиялық персонал мүшелерінің құқықтары мен міндеттері сақталады.

 

     Консулдық функцияларды орындау жүктелген дипломатиялық персонал

мүшесінің аты-жөні орналасқан мемлекеттің Сыртқы істер министрлігіне

алдын ала хабарлануға тиіс.

     3. Консулдық функция консулдық округ шегінде орындалады. Одан

тысқары жерлерде консулдық қызмет адамы өз функцияларын консулдық

орналасқан мемлекеттің келісімімен ғана орындай алады.


                         12-бап

               Консулдық орналасқан мемлекеттің

              өкімет орындарымен өзара іс-қимылы


     1. Консулдық қызмет адамы осы Конвенцияда жазылған өз

функцияларын орындау мәселелері бойынша:

     - консулдық округтың құзыретті жергілікті өкімет орындарына,

     - консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары қаншалықты мүмкіндік

берсе, соншалықты деңгейде консулдық орналасқан елдің орталық өкімет

орындарына шығуына құқығы бар.


                       13-бап

             Үшінші мемлекеттердің мүдделерінде

              консулдық функцияларды орындау


     Консулдық орналасқан мемлекеттің келісімімен консулдық қызмет

адамы үшінші мемлекеттердің мүдделерінде консулдық функцияларды орындауға

құқығы бар.


                       14-бап

           Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарын есепке алу


     1. Консулдық қызмет адамы консулдық округтегі өкілдігін жіберген

мемлекеттің азаматтарын есепке алуды жүргізуге құқығы бар.

     2. Консулдық қызмет адамы жүргізетін есепке алу - өкілдігін

жіберген мемлекеттің азаматын шетелдіктерді тіркеу мәселелері бойынша

консулдық орналасқан мемлекеттік заңдары талап ететін

формальдылықтарды сақтау қажеттілігінен босатпайды.


                       15-бап

              Консулдық орналасқан мемлекеттің

              өкімет орындары алдындағы өкілдік



 
       1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің соттары мен басқа да өкімет орындары алдында өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының тиісті өкілдігін қамтамасыз ету үшін консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес шаралар қолдануға құқығы бар. Ол өз мемлекеті азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, егер мұндай құқықтары болмауына немесе басқа да дәлелді себептер бойынша олар өздерінің мүдделері мен құқықтарын уақтылы қорғай алмаған жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес уақытша шаралар қабылдануы үшін іс-әрекет жасай алады.
      2. Консулдық қызмет адамы сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматына қатысты мәселені қарауды осы туралы азамат хабар алғанға дейін және жеке өзі немесе өкілі арқылы қатысуға нақты мүмкіндік алғанға дейін істі кейінге қалдыру туралы соттарға немесе өкімет орындарына өтініш айтып шығуына құқығы бар.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген өкілдік - мүдделері қорғалатын адамдар өзінің уәкілдерін тағайындаған немесе өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды өзіне алған уақытта тоқтатылады.
 
                     16-бап
        Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарын қорғау
 
      1. Консулдық орналасқан мемлекеттің органдары өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматын қамауға алғандығы немесе өзгеше нысанда ұстағандығы туралы консулдық қызмет адамына мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ қамауға алынған немесе ұсталған уақыттан бастап үш күннен кешіктірместен хабарлайды.
      2. Консулдық қызмет адамы сотты күтіп қамауда отырған немесе өзгеше нысанда ұсталған азаматтың хат-хабарларын не болмаса басқа да жөнелту түрлерін консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес алуға және оған құқықтық көмек көрсету мен өкілдік ету үшін қажетті шаралар қолдануға құқығы бар.
      Консулдық қызмет адамы қамауда отырған немесе өзгеше нысанда

 

ұсталған не болмаса консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарында

ескерілген шарттармен түрмеде жазасын өтеп жатқан өкілдігін жіберген

мемлекеттің азаматына қамауға алынған немесе ұсталған уақыттан бастап

бес күн өтісімен барып-шығуға және қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

     3. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары

өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматына осы бапта ескерілген

консулдық қызмет адамымен қатынас жасау құқығы туралы кідіріссіз

хабарлауға тиіс.


                     17-бап

        Паспорттар мен визаларға қатысты функциялар


     Консулдық қызмет адамының:

     1) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарына паспорттар мен басқа

да осыған ұқсас құжаттар беруге, сондай-ақ оларды қалпына келтіруге,

ұзартуға, жоюға және оларға түзетулер енгізуге;

     2) өкілдігін жіберген мемлекетке баруға немесе оның аумағы арқылы

өтуге тілек білдірген адамдарға келу және транзиттік өту визаларын беруге

құқығы бар.


                     18-бап

           Азаматтық және азаматтық хал актілерін

           тіркеу мәселелері жөніндегі функциялар


     Консулдық қызмет адамы:

     1) азаматтық мәселелер жөніндегі өтініштерді қабылдауға,

     2) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының тууы немесе өлімі

туралы тиісті құжаттарды тіркеуге және беруге,


 
       3) егер өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдары мүмкіндік берсе, ал консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары оған қайшы келмесе некені тіркеуге құқығы бар.
      4) консулдық қызмет адамы, егер мұны консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары талап етсе, консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарына тууды, некені және өлімді консулдықта тіркеу жүргізілгендігі туралы хабарлайды.
      5) осы баптың 1,2,3-тармақтарының ережелері мүдделі адамдарды консулдық орналасқан елдің заңдары талап ететін формальдылықтарды сақтау міндетінен босатпайды.
      6) егер консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдары консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында жіберген мемлекеттің азаматы қайтыс болғандығы туралы хабар алған жағдайда олар бұл туралы тиісті консулдық мекемеге кідіріссіз хабарлауға тиіс.
 
                     19-бап
     Қамқоршылық пен қорғаншылыққа қатысты функциялар
 
      1. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматына консулдық орналасқан мемлекетте қамқоршы (curatori) немесе қорғаншы (curatela) тағайындау үшін және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа тағайындалатын адамдардың аты-жөндерін ұсыну үшін консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарына шығуға құқығы бар.
      2. Егер консулдық орналасқан мемлекеттегі өкімет орындарына

 

өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматына қамқоршылық немесе

қорғаншылық тағайындау жөніндегі шаралар қабылдануы тиіс екендігі

белгілі болса, олар бұл туралы мүмкіндігінше қысқа мерзімде консулдық

қызмет адамына хабарлайды.


                      20-бап

             Нотариалдық функциялар


     1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына

сәйкес:

     - өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының өтініштерін

қабылдауға, жасауға және куәландыруға,


 
       - өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының мүліктеріне қатысты өсиеттер мен басқа да құжаттарды қабылдауға, жасауға және куәландыруға,
      - консулдық орналасқан мемлекеттегі жылжымайтын мүлікке арналған құқықтарды белгілеуге, иелігінен алуға немесе шектеуге қатысты құжаттарды қоспағанда, өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының басқа да заң актілеріне байланысты құжаттарын қабылдауға, жасауға және куәландыруға,
      - өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары дайындайтын құқықтық сипаттағы актілер мен құжаттардағы қойылған қолдар мен мөрлерді куәландыруға,
      - құқықтық сипаттағы актілер мен құжаттардың көшірмелерін, аудармаларын және қысқаша жазбаларын куәландыруға,
      - өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына тиесілі немесе олардың атына бағытталған құқықтық сипаттағы актілер мен құжаттарды сақтау үшін қабылдауға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында келтірілген функциялар консулдық мекемеде немесе егер мүдделі адам дәлелді себеп бойынша консулдық мекемеге келе алмаса, басқа орында жүзеге асырылуы мүмкін.
 
                         21-бап
           Мүліктік мәселелер жөніндегі функциялар
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында қайтыс болған жағдайда соңғы мемлекеттің өкімет орындары қайтыс болған адамның мүлкіне қатысты, мұрагерлер мұрагерлік құқықтан айырылғандар туралы, сондай-ақ өсиеттің бар екендігі туралы өздерінде бар барлық ақпаратты мейлінше қысқа мерзімде өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесіне табыс етеді.
      2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы мұрагер немесе мұрагерлік құқықтан айырылған адам болып табылған жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары консулдық мекемеге консулдық орналасқан мемлекетте мұра ашылғандығы туралы мейлінше қысқа мерзімде хабарлайды.
      3. Егер консулдық мекеме 1 және 2-тармақтарда көрсетілген мүлік туралы ақпаратты консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындарынан бұрын алған жағдайда ол бұл туралы мейлінше қысқа мерзімде аталған өкімет орындарына хабар береді.
      4. Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары осы баптың 1 және 2-тармақтарында ескерілген мүлікке қатысты оны сақтау немесе анықтау мақсатында өздерінің қандай шаралар қабылдағаны немесе қабылдағалы жатқаны туралы мейлінше қысқа мерзімде консулдық мекемеге хабарлайды.
      5. Консулдық қызмет адамы сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес:
      - өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының мүліктік құқықтарын қорғау мәселелерімен айналыса алады,
      - өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына оларға тиесілі ақшаны және басқа да меншікті табыс етуді бақылай алады.
      6. Егер консулдық орналасқан мемлекетте жеке өзі болмаған немесе таныстырылмаған, өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматына тиесілі ақша немесе басқа да меншік (не болмаса меншікті сатуға қатысты құжаттар) осы азаматқа табыс ету үшін консулдық мекемеге берілсе консулдық мекеме осы ақшаны немесе басқа да меншікті қабылдап алады, бұл орайда осы барлық мүлік белгіленген мерзімде көрсетілуге тиіс және консулдық орналасқан елдің заңдарында ескерілген барлық салықтар (баждар) төленеді не олардың төленетіндігі, сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдарының келісімімен осы мемлекеттен өкілдігін жіберген мемлекетке ақшаның немесе басқа да меншіктің берілетіндігі кепілдендірілуге тиіс.
      7. Егер өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы осы мемлекетте уақытша болуы немесе оның аумағы арқылы транзитпен өтуі кезеңінде қайтыс болса оның ақшасы мен жеке заттары уақытша негізде және қандай да бір формальдылықтарсыз консулдық мекемеге беріледі.
      Өкілдігін жіберген мемлекетке жеке заттарын алып кету және ақшасын аудару (консулдық орналасқан мемлекетте сатып алынған және елден алып шығуға тыйым салынған заттарды қоспағанда) консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесі осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес өзіне берілген ақшаны немесе меншікті алғанын айғақтайтын құжатты өкімет орындарына немесе мүдделі адамдарға береді.
      9. Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы консулдық орналасқан мемлекетте мүлікті сатып алу мен мұрагерлік мәселелерінде консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары сияқты дәл сондай құқықтарды пайдаланады.
      10. 20-баптың ережелері, олар осы баптың ережелеріне қайшы келмеген жағдайда қайтыс болған адамның мүліктері жөнінде консулдық мекеменің құқықтары мен функцияларына да қатысты қолданылады.
 
                             22-бап
               Теңізде жүзу жөніндегі функциялар
 
      1. Консулдық қызмет адамы айлақта немесе басқа да зәкірлік тұрақты өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесіне мейлінше қолдау мен көмек көрсетуге құқығы бар.
      2. Консулдық қызмет адамы кемеге жағалаумен еркін қатынас жасауға рұқсат етілген бойда кеме бортына көтеріле алады, ал кеменің капитаны мен экипаж мүшелері консулдық қызмет адамымен қатынаса алады.
      3. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесіне, осы кеменің капитаны мен экипаж мүшелеріне қатысты өзінің функцияларын орындауды талап ететін кез келген мәселелер бойынша консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарынан көмек сұрай алады.
      4. Консулдық қызмет адамы:
      - консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарының құқықтарына нұқсан келтірместен өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесінің жолда және аймақтардағы тұрақ уақытысында орын алған кез келген оқиғаны тергеуге, кеменің капитаны мен экипаждың кез келген мүшесінен жауап алуға, кеменің құжаттарын тексеруге, кеменің жүзуі мен баратын орнына қатысты өтініштерді қабылдауға, сондай-ақ кеменің айлаққа кіруіне, шығуына және онда болуына жәрдемдесуге,
      - консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарының құқықтарына нұқсан келтірместен кемедегі еңбек шарттарына қатысты дауларды қоса алғанда, капитан мен экипаждың кез келген мүшесі арасындағы әр алуан дауларды шешуге, өйткені бұл өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарында көзделеді,
      - кеменің капитанын немесе экипаждың кез келген мүшесін ауруханада емдеу жөнінде және кері қайтару жөнінде шаралар қабылдауға,
      - кемелерге қатысты өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарында көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты алуға, жасауға немесе куәландыруға,
      - өкілдігін жіберген мемлекеттің жалауы астында жүзу құқығы үшін, сатып алынған немесе жасалған кемеге өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкес уақытша куәлік беруге құқығы бар.
      5. Консулдық орналасқан мемлекеттің кемелері немесе басқа да өкімет органдары өкілдігін жіберген мемлекет кемесінің бортында қандай да бір мәжбүрлеу іс-әрекетін қолға алуға немесе қандай да бір ресми тергеуді бастауға ниеттенген жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдары бұл туралы консулдық қызмет адамына хабарлайды. Мұндай хабарландыру консулдық қызмет адамы осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысына қатыса алуы үшін осындай іс-әрекеттер басталғанға дейін жасалады. Егер консулдық қызмет адамы қатыса алмаса, онда оның бойынша консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдары орын алған мәселеге қатысты толық ақпаратты оған табыс етеді.
      Консулдық қызмет адамы кеме капитанынан немесе экипаждың кез келген мүшесінен жағалауда консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдары жауап алған жағдайда да хабарланатын болады.
      Осы тармақтың ережелері әдеттегі паспорттық, кедендік және санитарлық бақылауға, сондай-ақ капитанның өтініші немесе келісімі бойынша қолға алынған кез келген іс-әрекетке қолданылмайды.
      6. Егер өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесі консулдық орналасқан мемлекетте апатқа ұшыраса, қайраңға отырып қалса немесе жағалауға шығып қалса не болмаса қандай да бір басқа да аварияға ұшыраса немесе өкілдігін жіберген мемлекет азаматының меншігі болып табылатын, аварияға ұшыраған кеме жүгінің бір бөлігін құрайтын кез келген зат консулдық орналасқан мемлекеттің жағалауынан немесе жағалауына жақын жерден табылған не болмаса осы мемлекеттің айлағына жеткізілген жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдары мейлінше қысқа мерзімде бұл туралы консулдық қызмет адамын хабардар етеді. Олар сондай-ақ кеме экипажы мүшелерін, жолаушыларды, жүктерді, кеме бортындағы өзге де мүліктерді және кемеге тиесілі немесе кемеден бөлінген оның жүгінің бір бөлігін құрайтын заттарды құтқару жөніндегі қолға алынған шаралар туралы консулдық қызмет адамын хабардар етеді.
      7. Консулдық қызмет адамы мұндай кемеге оның экипаж мүшелері мен жолаушыларына мейлінше көмек көрсете алады; осы мақсатпен ол консулдық мекеме орналасқан өкімет органдарына шыға алады, олар өз кезегінде консулдық қызмет адамына қажетті көмек көрсететін болады.
      Консулдық қызмет адамы кемені жөндеу жөнінде шаралар қолдана алады немесе осындай шараларды жүзеге асыруда өзіне көмек көрсету үшін не болмаса өкімет органдары осындай шараларды қабылдауы немесе қабылдауды жалғастыруы үшін консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдарына шыға алады.
      8. Егер апатқа ұшыраған кеме немесе осындай кемеге тиесілі кез келген зат консулдық орналасқан мемлекеттің жағалауынан немесе жағалауға жақын жерден табылатын болса не болмаса осы мемлекеттің айлағына жеткізілсе және кеме капитаны да, меншік иесі де, оның агенті де, тиісті сақтандырушылар да осындай кемені немесе затты сақтау немесе оған билік ету жөнінде шаралар қабылдауға шамасы келмесе, онда консулдық қызмет адамы меншік иесінің атынан осындай мақсаттар үшін меншік иесінің өзі қабылдайтындай шаралар қабылдауға уәкілетті деп саналады. Бұл ереже тиісінше кеме жүгінің бір бөлігін және өкілдігін жіберген мемлекет азаматының меншігі болып табылатын кез келген затқа қолданылады.
      9. Егер апатқа ұшыраған үшінші мемлекет кемесі жүктерінің бір бөлігін құрайтын кез келген зат өкілдігін жіберген мемлекет азаматының меншік иесі болып табылса және консулдық орналасқан мемлекеттің жағалауынан немесе жағалауға жақын жерден табылса не болмаса осы мемлекеттің айлағына жеткізілсе және кеме капитаны да, заттың меншік иесі де, оның агенті де тиісті сақтандырушылар да осындай затты сақтау немесе оған билік ету жөнінде шаралар қабылдауға шамасы келмесе, онда консулдық қызмет адамы меншік иесінің атынан меншік иесінің өзі қабылдайтындай шаралар қолдануға уәкілетті.
 
                    23-бап
         Әуе кемелеріне қатысты функциялар
 
      Осы Конвенцияның 22-бабының ережелері екі мемлекет арасындағы

 

басқа да қолданылып жүрген келісімдер үшін нұқсан келтірместен

тиісінше әуе кемелеріне де қолданылады.


                   24-бап

         Басқа да консулдық функциялар


     Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекет өзіне 

жүктеген, осы Конвенцияда көрсетілмеген басқа да консулдық

функцияларды, егер осы функциялар туралы хабарлануға тиіс консулдық

орналасқан мемлекет оларды орындауға рұқсат берген немесе қарсылығы

болмаған жағдайда орындай алады.


                         IV Бөлім

             Артықшылықтар мен иммунитеттер


                       25-бап

            Консулдық мекеме жұмысын қамтамасыз ету



 
       Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің қалыпты қызметіне арналған жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды, сондай-ақ консулдық мекеме персоналының мүшелері өз функцияларын орындауы және осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалануы үшін шаралар қабылдайды.
 
                        26-бап
           Мемлекеттік ту мен елтаңбаны пайдалану
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің елтаңбасы және өкілдігін жіберген мемлекеттің тілі мен консулдық орналасқан мемлекеттің тілінде жазылған консулдық мекеменің атауы бар консулдық тақта консулдық мекеменің ғимаратына бекітіледі.
      2. Консулдық мекеменің ғимаратына, консулдық мекеме басшысының резиденциясына, сондай-ақ ресми функцияларды орындау кезінде пайдаланылатын көлік құралдарында өкілдігін жіберген мемлекеттің туы ілінеді.
      3. Осы баппен берілген құқықтарды пайдалану кезінде консулдық орналасқан елдің заңдары, ережелері, нормалары мен әдет-ғұрпы сақталуға тиіс.
 
                       27-бап
              Үй-жайларды сатып алу
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекет белгілейтін шарттарға және нысанға сәйкес жер учаскелерін, ғимаратты немесе ғимараттың бір бөлігін меншігіне сатып алуға немесе жалға алуға, ғимараттар тұрғызуға және консулдық үй-жайларды, сондай-ақ консулдық мекеме персоналы мүшелерінің тұрғын үй-жайларын жайғастыру үшін жер учаскелерін көріктендіруге мүмкіндігі бар.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет 1-тармақта көрсетілген мақсаттар үшін өкілдігін жіберген мемлекеттің жер учаскелерін, ғимаратты немесе ғимараттың бір бөлігін сатып алуына көмек көрсетеді не болмаса өкілдігін жіберген мемлекеттің басқаша нысанда үй-жайлар сатып алуына жәрдемдеседі.
      3. Осы баптың ережелері тиісті жер учаскелері, ғимарат немесе ғимараттың бір бөлігі орналасқан ауданда қолданылатын құрылыс және қалалық жоспарлау жөніндегі консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін сақтау қажеттігінен өкілдігін жіберген мемлекетті босатпайды.
 
                        28-бап
                Жеке басына тиіспеушілік
 
      1. Консулдық қызмет адамдары, консулдық қызметкерлері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері жеке басына тиіспеушілік құқығын пайдаланады. Олар қандай да бір нысанда болсын қамауға алынуға немесе ұсталуға жатпайды. Бұл ережелер осы Конвенцияның 45-бабында аталған адамдарға қолданылмайды.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамдарына, қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиісті құрметпен қарауға және олардың жеке басына, бостандығына немесе абырой-беделіне қандай да бір нұқсан келтірудің алдын алу үшін барлық тиісті шараларды қабылдауға міндетті.
 
                              29-бап
                 Консулдық үй-жайлар мен консулдық мекеме
                басшысының резиденциясына қол сұқпаушылық
 
      1. Консулдық үй-жайлар мен консулдық мекеме басшысының резиденциясына қол сұғылмайды.
      2. Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекеме басшысының осы мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі басшысының немесе осылардың бірі ретінде тағайындалған адамның келісімінсіз консулдық үй-жайға кіре алмайды.
      Тап осы ереже консулдық мекеме басшысының резиденциясына да қатысты қолданылады.
      3. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет консулдық үй-жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және консулдық үй-жайларға зорлықпен кіру мүмкіндігінің немесе оларға зақым келтірудің, сондай-ақ консулдық мекеменің абырой-беделіне нұқсан келтіруге қабілетті кез келген іс-әрекеттің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
      4. Қандай да бір адамға тиесілі екендігіне қарамастан көлік құралдарына қоса алғанда, өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық функцияларын орындау үшін пайдаланылатын меншік реквизициялауға, басып алуға немесе консулдық мекеменің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін басқа да нысандағы ықпал етуге жатпайды, көлік құралдары бұған консулдық басшысы немесе дипломатиялық өкілдік басшысы келісім берген жағдайлардан басқа реттерде консулдық мекемеден тыс жерлерде консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары тарапынан тінтуге жатпайды.
 
                         30-бап
            Өкілдігін жіберген мемлекеттің
        консулдық мекемесін салықтар мен алымдардан босату
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесі консулдық орналасқан мемлекетте:
      - қызмет көрсетудің нақты түрлері үшін төлемдерді қоспағанда, өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесінің меншігі болып табылатын немесе өзі не болмаса оның атынан жалға алынатын және консулдық мақсаттар үшін немесе консулдық мекеменің консулдық қызмет адамдары, консулдық мекеме қызметкерлері және қызмет көрсету персоналының қызметшілері үшін пайдаланылатын жер учаскелеріне, ғимаратқа немесе ғимараттың бір бөлігіне,
      - егер өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесі тек консулдық мақсаттар үшін ғана сатып алатын болса, жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікті сатып алуға қатысты мәмілелерге және құжаттарға,
      - өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесінің меншігінде,

 

иелігінде немесе пайдалануында бар және консулдық мақсаттар үшін ғана

пайдаланылатын көлік құралдарын қоса алғанда, кез келген жылжымалы

мүлікке арналған мемлекеттік немесе жергілікті кез келген салықтар мен

алымдардан босатылады.


                           31-бап

             Консулдық архивтерге қол сұғылмаушылық


     Консулдық архивтер кез келген уақытта және олардың орналасу орнына

қарамастан қол сұғылмайды деп танылады.


                          32-бап

                   Қарым-қатынас еркіндігі



 
       1. Консулдық мекеменің консулдық орналасқан мемлекетте немесе басқа да мемлекеттерде өкілдігін жіберген мемлекеттің үкіметімен, дипломатиялық өкілдіктерімен және консулдық мекемелерімен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ол үшін консулдық орналасқан мемлекет қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Консулдық мекеме байланыстың барлық әдеттегі түрлерін, шифрларды, дипломатиялық және консулдық курьерлерді, дипломатиялық және консулдық вализдерді пайдалана алады.
      2. Байланыстың әдеттегі құралдарын пайдаланған жағдайда консулдық мекемеге де дипломатиялық өкілдікке қолданылатын тарифтер қолданылады.
      Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттің келісімімен ғана радиотаратқыш құралын орнатады және пайдалана алады.
      3. Байланыстың қандай құралдарын пайдаланатындығына қарамастан олардың ресми сипатын көрсететін, көзге түсетін сыртқы белгілері бар консулдық мекеменің консулдық вализдері мен қызмет бабындағы хат-хабарларына қол сұғылмайды, олар консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарының бақылауына жатпайды және ұсталмайды.
      4. Консулдық курьер консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты түрде тұрмайтын, өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы болуға тиіс. Консулдық курьер консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында өзінің міндеттерін орындау кезінде консулдық орналасқан мемлекеттік қорғауында болады және дипломатиялық курьерлер сияқты тап сондай құқықтарды, артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдаланады.
      5. Консулдық вализ кеменің немесе ұшақтың командиріне сеніп тапсырыла алады. Бұл командир вализді құрайтын орындардың саны көрсетілген ресми құжатпен жабдықталады, бірақ ол консулдық курьер болып саналмайды. Консулдық қызмет адамы консулдық вализді кеменің немесе ұшақтың командирінен тікелей және кедергісіз қабылдап алады, сондай-ақ оған осындай вализді береді.
 
                            33-бап
                   Жүріп-тұру еркіндігі
 
      Консулдық қызмет адамының, консулдық қызметкердің немесе қызмет

 

көрсетуші персоналы қызметшісінің келуге тыйым салынған немесе

шектелген аудандардан басқа консулдық орналасқан мемлекеттің аумағы

бойынша еркін жүріп-тұру құқығы болады.


                           34-бап

                   Консулдық алымдар мен баждар


     1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында -

өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес

консулдық алымдарды өндіріп алады.

     2. Бұл алымдарға консулдық орналасқан мемлекеттің тарапынан салықтар

салынбайды.


                         35-бап

          Консулдық қызмет адамының юрисдикциядан иммунитеті



 
       1. Консулдық қызмет адамының консулдық орналасқан мемлекеттің қылмыстық юрисдикциясынан иммунитеті болады. Оның сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі юрисдикциядан да иммунитеті болады, бұған:
      - егер консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің атынан консулдық мақсаттар үшін иеленбейтін болса ғана, консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында орналасқан жеке жылжымайтын мүлікке қатысты,
      - өкілдігін жіберген мемлекеттің атынан емес, жеке адам ретінде өсиетті орындаушы, мұрагерлік мүліктің қорғаншысы, мұрагер немесе мұрагерлік құқығынан айырылушы сипатында іс-қимыл жасайтын консулдық қызмет адамының мұрагерлік әрекеттеріне қатысты,
      - өкілдігін жіберген мемлекеттің өкілі ретінде өзіне тікелей немесе жанама түрде міндеттемелер алмаған, консулдық қызмет адамы жасасқан шарттан туындайтын,
      - жол көлігі құралдары себеп болған, консулдық орналасқан мемлекеттегі жазатайым оқиғаның салдарынан шеккен зиян үшін үшінші тарапқа қатысты азаматтық талаптар жатпайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының жоғарыда аталған тармақшаларына жататын жағдайларды қоспағанда, консулдық қызмет адамына қатысты қандай да бір орындау шаралары қабылданбайды, бұл орайда тиісті шаралар олардың жеке басына немесе олардың тұрғын үй-жайларына қол сұқпаушылықты бұзбайтындай жолмен ғана қабылданады.
 
                         36-бап
         Консулдық мекеме қызметкерінің
            юрисдикциядан иммунитеті
 
      Консулдық мекеме қызметкерінің консулдық орналасқан мемлекетте қылмыстық юрисдикциядан иммунитеті болады. Оның сондай-ақ осы Конвенцияның 35-бабында көрсетілген азаматтық және әкімшілік істер бойынша өзінің қызмет бабындағы міндеттерін орындауға байланысты іс-әрекеттері үшін ғана консулдық орналасқан мемлекеттің юрисдикциясынан иммунитеті болады. Бұл ережелер осы Конвенцияның 45-бабында аталған

 

адамдарға қолданылмайды.


                       37-бап

         Қызмет көрсететін персонал қызметшісінің иммунитеті


     Қызмет көрсететін персонал қызметшісінің өзінің қызмет бабындағы

міндеттерін орындауға байланысты іс-әрекеттері үшін ғана консулдық

орналасқан мемлекеттің қылмыстық, әкімшілік және азаматтық

юрисдикциясынан иммунитеті болады. Бұл ережелер осы Конвенцияның

45-бабында аталған адамдарға қолданылмайды.


                       38-бап

         Отбасы мүшелерінің юрисдикциядан иммунитеті


     Консулдық қызмет адамдарына, консулдық мекеме қызметкерлеріне


және қызмет көрсетуші персонал қызметшілеріне қатысты осы Конвенцияның 35,36 және 37-баптарында көзделген иммунитеттер тиісінше олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де қолданылады.
 
                         39-бап
                     Куәгерлік жауап беру
 
      1. Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет органдары қылмыстық және әкімшілік процестерде куәгерлік жауап беруді сұрап, консулдық қызмет адамына, консулдық мекеме қызметкеріне немесе қызмет көрсету персоналының қызметшісіне өтініш айта алады. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің соттары мен басқа да өкімет органдары алдында жауап беруден бас тарта алады және бұл орайда оған қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.
      2. Консулдық мекеме қызметкері мен қызмет көрсету персоналы қызметшісінің қызмет бабындағы міндеттерін орындауға байланысты мәселелерді қоспағанда, куәгерлік жауап беруден тас тартуға құқығы жоқ.
      3. Консулдық мекеме персоналының мүшелерінен куәгерлік жауап алатын өкімет орындары олардың қызмет бабындағы жұмысына қатысты істеріне араласудан тартынуға тиіс. Бұл мүмкін болған және оған келісім берілген мұндай жауап берулер консулдық мекемеде немесе

 

консулдық мекеме персоналы мүшелерінің тұрғын үй-жайларында ауызша

немесе жазбаша нысанда жүргізілуі мүмкін, бірақ бұл процесс осы

адамның өзінің қызмет бабындағы міндеттерін орындауына кедергі келтірмеуі

тиіс.

     4. Куәгердің жауабын беруге келісім берген консулдық қызмет адамы

анттың орнына салтанатты уәде беруге құқығы бар.


                         40-бап

             Мәжбүрлі түрдегі міндеткерліктен және

                 басқа да міндеттерден босату


     1. Консулдық мекеме персоналының мүшелері және олармен бірге

тұратын отбасы мүшелері консулдық орналасқан мемлекетте мәжбүрлі

түрдегі міндеткерліктің барлық түрлерінен босатылады.

     Бұл баптың ережелері осы Конвенцияның 45-бабында аталған адамдарға

қолданылмайды.


                       41-бап

            Консулдық мекеме персоналының мүшелерін

                 салықтар мен алымдардан босату



 
       1. Консулдық мекеменің консулдық қызмет адамдары мен қызметкерлері, сондай-ақ олармен бірге тұрып жатқан өздерінің отбасы мүшелері консулдық мекеме орналасқан мемлекетте мемлекеттік және жергілікті барлық салықтар мен алымдардан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген босатулар:
      - әдетте тауарлар немесе қызмет көрсетулердің бағасына кіргізілетін жанама салықтарға,
      - консулдық орналасқан мемлекеттегі жеке жылжымайтын мүлікке арналған салықтарға және алымдарға,
      - осы Конвенцияның 43-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттегі мұрагерлікке және мүліктер сатып алуға арналған салықтарға және алымдарға,
      - жалақымен қатар консулдық орналасқан мемлекеттегі қаржы көздерінен алынған жеке табыстарға арналған салықтарға және алымдарға,
      - мәмілелер мен құжаттарға, осындай мәмілелерге байланысты салынатын немесе өндіріліп алынатын баждардың барлық түрлерін қоса алғанда, осы мәмілелерге қатысты салықтарға және алымдарға,
      - қызмет көрсетудің нақты түрлері үшін төлемдерге қатысты қолданылмайды.
      3. Қызмет көрсету персоналының қызметшілері өздерінің қызмет бабындағы міндеттерін орындағаны үшін алатын жалақысына қатысты консулдық орналасқан ел өндіріп алатын барлық салықтарды төлеуден босатылады.
      4. Кірістері консулдық орналасқан елдегі табыс салығынан босатылмайтын жеке қызмет көрсету персоналын пайдаланатын консулдық мекеме персоналының мүшелері осы адамдардың табыс салығын төлеу тәртібіне қатысты консулдық орналасқан мемлекеттегі заң ережелерін құрметтеуге тиіс.
      5. Бұл баптың 1 және 3-тармақтарының ережелері осы Конвенцияның 5-бабында аталған адамдарға қолданылмайды.
 
                            42-бап
            Кедендік бақылау мен баждан босату
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекетке кедендік бақылаусыз және консулдық орналасқан мемлекет мүлікті әкелуге және шығаруға салатын баждар мен басқа да төлемдерді төлеместен консулдық орналасқан мемлекетте сақтағаны, тасымалдағаны және осындай қызмет түрлері үшін алымдарды есептемегенде, консулдық мекеменің қызмет бабында пайдалануына арналған автомобильдерді қоса алғанда, барлық заттарды әкелуге, ал кейінірек алып шығуға рұқсат етіледі.
      2. Консулдық қызмет адамына кедендік бақылаусыз, консулдық орналасқан мемлекетте мүлікті әкелуге және шығаруға салынатын баждар мен алымдарды төлеместен өзінің жеке пайдалануына немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің пайдалануына арналған автомобильдерді қоса алғанда консулдық орналасқан мемлекетке багажын, жеке заттарын және басқа да бұйымдарды әкелуге, ал кейінірек алып шығуға рұқсат етіледі.
      3. Консулдық мекеменің қызметкері немесе қызмет көрсету персоналының қызметшісі олардың жұмысқа бастапқы тағайындалуына байланысты әкелінетін заттарға қатысты осы баптың 2-тармағында көрсетілген құқықтарды пайдаланады.
      4. Осы бап консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарымен әкелуге және алып шығуға тыйым салынған заттарды консулдық орналасқан мемлекетке әкелуге немесе одан алып шығуға рұқсат беру ретінде қарастырылмайды.
      5. Консулдық қызмет адамының жеке багажы кедендік тексеруге жатпайды. Жеке багажы осы баптың 2-тармағында айтылған заттарды қоспағанда, онда қандай да бір заттар бар деп күдіктенуге елеулі себептер болған немесе консулдық орналасқан елдің заңдары мен ережелері бойынша әкелуге немесе алып шығуға тыйым салынған не болмаса карантинге жататын заттар болған жағдайда ғана тексерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тексеру осы консулдық қызмет адамының немесе оның отбасы мүшесінің қатысуымен жүргізіледі. Егер консулдық қызмет адамы жеке багажын тексеруге келісім беруден бас тартса, багаж кейін қайтарылады.
 
                        43-бап
        Қайтыс болған консулдық персонал мүшесінің мүлкі
 
      Консулдық персоналдың мүшесі немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:
      - консулдық орналасқан елде сатып алынған, қайтыс болған кезінде сыртқа шығаруға тыйым салынған заттарды қоспағанда, қайтыс болған адамның жылжымалы мүлкін сыртқа алып кетуге рұқсат береді,
      - егер мүлік қайтыс болған адамның консулдық орналасқан елде консулдық персоналдың мүшесі немесе отбасы мүшесі сипатында болуына байланысты консулдық орналасқан мемлекетте тұрған болса қайтыс болған адамның жылжымалы мүлкі кез келген салықтар мен алымдардан босатылады.
 
                          44-бап
                Иммунитеттерден бас тарту
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекет консулдық мекеме персоналы мүшесінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің юрисдикцияға байланысты иммунитетінен бас тартуы мүмкін. Бас тарту барлық жағдайларда да белгілі бір жазбаша нысанда мазмұндалуы тиіс. Азаматтық істер бойынша юрисдикцияға байланысты иммунитеттен бас тарту шешімді орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуды білдірмейді, ол үшін ерекше бап тарту талап етіледі.
      2. Осы Конвенцияның 35,36, 37 және 38-баптарына сәйкес консулдық

 

орналасқан мемлекетте юрисдикцияға байланысты иммунитетті пайдаланатын

консулдық қызмет адамы немесе басқа адам иммунитетті пайдалана алатын

іс бойынша талап қойған жағдайда оның негізгі талапқа тікелей

байланысты кез келген қарсы талапқа қатысты юрисдикцияға байланысты

иммунитетке сілтеме жасауға құқығы жоқ.


                        45-бап

            Артықшылықтар мен иммунитеттерге

                 қатысты ерекшеліктер


     39-баптың 2-тармағын және 43-бапты қоспағанда осы Конвенцияда

көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер консулдық персоналдың

мүшелеріне, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, егер

бұл адамдар консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылса

немесе онда тұрақты түрде тұратын болса, қолданылмайды.


                           46-бап

              Иммунитеттер мен артықшылықтардың

        қолданылу мерзімінің басталуы мен аяқталуы



 
       1. Консулдық қызмет адамы, консулдық мекеме қызметкері немесе қызмет көрсететін персонал қызметшісі өзінің міндеттеріне кірісу мақсатымен консулдық орналасқан елдің шекарасын кесіп өткен сәттен бастап немесе ол консулдық орналасқан мемлекетте өзінің қызметіне кіріскен сәттен бастап осы Конвенцияда көзделген иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланады.
      2. Осы баптың 1-тармағы қолданылатын отбасы мүшелерінің адамдары осы Конвенцияда олар үшін көзделген иммунитеттер мен артықшылықтарды:
      - консулдық қызмет адамы, консулдық мекеме қызметкері немесе қызмет көрсететін персонал қызметшісі осы баптың 1-тармағына сәйкес иммунитеттер мен артықшылықтарға арналған құқық алған сәттен бастап,
      - егер олар консулдық орналасқан мемлекетке кейінірек келетін болса, онда консулдық орналасқан мемлекеттің шекарасын кесіп өткен сәттен бастап,
      - олардың отбасы мүшелері болған сәтінен бастап пайдаланады.
      3. Консулдық қызмет адамының, консулдық мекеме қызметкерінің немесе қызмет көрсететін персонал қызметшісінің қызмет бабындағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін оның иммунитеттері мен артықшылықтары, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары консулдық орналасқан елден тысқары шыққан сәттен бастап немесе ол қызметтен босатқаннан кейін ақылға қонымды уақыт өткеннен кейін тоқтатылады.
      4. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары консулдық қызмет адамының, консулдық мекеме қызметкерінің немесе қызмет көрсететін персонал қызметшісінің отбасы мүшелері болып саналмайтын сәттен бастап тоқтатылады. Алайда егер осы адам консулдық орналасқан мемлекетте ақылға қонымды мерзім ішінде тастап шығуға міндеттеме алса, ол консулдық орналасқан елден сыртқа кеткенге дейін иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланады.
      5. Консулдық қызмет адамы, консулдық мекеме қызметкері немесе қызмет көрсететін персонал қызметшісі қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелері осы Конвенцияда берілген иммунитеттер мен артықшылықтарды консулдық орналасқан мемлекетті тастап шыққан сәтке дейін немесе осы мақсат үшін бөлінген ақылға қонымды мерзім аяқталғанға дейін пайдалануды жалғастырады.
 
                           47-бап
           Үшінші адамдарға келтірілген зияннан сақтандыру
 
      Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттер берілетін барлық адамдар кез келген жол көлігі құралын, кемені немесе ұшақты пайдалануға байланысты үшінші адамдарға келтірілуі мүмкін зиянды сақтандыруға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерінде көзделген кез келген талапты сақтауға міндетті.
 
                         48-бап
                 Дипломатиялық персонал мүшелерінің
                 консулдық функцияларды орындауы
 
      Консулдық орналасқан мемлекетте дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналы мүшесінің консулдық функцияларды орындау оның дипломатиялық иммунитеттері мен артықшылықтарына нұқсан келтірместен жүзеге асырылады. Тап осындай шарт консулдық мекемені уақытша басқаратын дипломатиялық өкілдіктің мүшесіне де қолданылады.
 
                          49-бап
              Консулдық орналасқан елдің заңдарын сақтау
 
      1. Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттер берілген барлық адамдар өздерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне нұқсан келтірместен консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін құрметтеуге және оның ішкі істеріне араласудан бас тартуға міндетті.
      2. Консулдық қызмет адамдарына, консулдық қызметкерлерге және

 

қызмет көрсететін персонал қызметшілеріне берілген жеңілдіктерді,

артықшылықтар мен иммунитеттерді олар өздерінің ресми функцияларын

орындау мақсатында ғана пайдаланады.

     3. Консулдық үй-жай консулдық мақсаттарға ғана пайдаланылады.

     4. Консулдық архивтерде ресми сипаттағы құжаттар мен заттар ғана

сақталады.


                         50-бап

             Құрметті консулдарды тағайындау


     Құрметті консулдарды тағайындау кезінде әрбір мемлекет 1963 жылғы

консулдық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының тиісті баптарын

басшылыққа алатын болады.


                         V Бөлім

                  Қорытынды қаулылар


                        51-бап


     Бекітілуі, күшіне енуі және қолданыс мерзімінің аяқталуы



 
       1. Осы Конвенция бекітілуге жатады және бекіту грамоталарымен алмасқан соң отызыншы күні күшіне енеді және белгісіз мерзімге күшінде қала береді.
      2. Әрбір мемлекет екінші мемлекетке алты ай бұрын жазбаша нысанда хабарландыру тапсырып, кез келген уақытта Конвенцияның күшін жоя алады. Мұндай жағдайда күшін жою сәтінен бастап алты ай өткен соң Келісім өзінің қолданысын тоқтатады.

 

     Бухарест қаласында 1998 жылғы 21 қыркүйекте әрқайсысы қазақ,

румын және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық

мәтіндердің күші бірдей.

     Қазақ және румын тілдеріндегі мәтіндерді түсіндіру барысында

пікір алшақтығы туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін қолданылады.


     Қазақстан Республикасы үшін        Румыния үшін



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.    






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады