"Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 492

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты

бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                              Жоба


          Қазақстан Республикасының Заңы


     Кеден одағы мен Біртұтас эконимикалық кеңістік туралы

                 шартты бекіту туралы


     1. 1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған Кеден одағы

мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шарт бекітілсін.

     2. Осы заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті



                Кеден одағы және біртұтас

              экономикалық кеңістік туралы

                        Шарт


     Бұдан былай Тараптар деп аталатын осы Шартқа қатысушы мемлекеттер;


 
       Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шартты, бұдан былай 1996 жылғы 29 наурыздағы Шарт деп аталады, оны іске асыру жөніндегі бұрын жасалған келісімдерді Басшылыққа ала отырып, сондай-ақ интеграцияны басқару органдары қабылдаған шешімдерді Ескере отырып;
      Еркін сауда туралы, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай тәртібі туралы, Кеден одағы туралы, ұлттық валюталардың өзара өтімділігі мен олардың бағамдарын тұрақтандыруды қамтамасыз ету туралы, қос салық салуды және табыстар мен капиталға салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы Тараптар арасында қол қойылған келісімдерді орындай отырып;
      Қалыптасқан өндірістік және ғылыми-технологиялық байланыстарды, экономиканың өзара тәуелділілігін және өзара толықтыратынын негізге ала отырып;
      Әлеуметтік прогресс және халықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында анағұрлым тығыз интеграцияны дамытуға, қатысушы мемлекеттердің экономикаларын жақындастыруға жаңа серпін беруге бекем бел байлап;
      Қазіргі кедергілер мен шектеулерді жою келісілген іс-қимылдарды, мемлекеттердің нарықтық қатынастарының үйлесімді дамуын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге тең жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызуды талап ететінін тани отырып;
      Мемлекеттер мен халықтарды байланыстыратын достық қатынастарды қуаттай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының, 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Экономикалық одақ құру туралы шарттың принциптеріне, халықаралық құқықтың нормалары мен принциптеріне сүйеніп, мемлекеттер мен халықтардың гүлденуін қамтамасыз етуге тілек білдіре отырып;

 

     Тараптардың Дүниежүзілік сауда Ұйымының мүшелері болуға ұмтылысын

Ескере отырып;

     Мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын құрмет тұта

отырып және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға кепілдік бере отырып;

     Кеден одағын қалыптастыруды аяқтауға және Біртұтас экономикалық

кеңістік құруға бекем бел байлағандығын білдіре отырып, төмендегілер

туралы келісті:


              І тарау. Ұғымдар мен терминдер


                         1-бап


     Осы Шарттың мақсаттары үшін төменде келтірілетін ұғымдар мен

терминдердің мынадай мағынасы бар:


 
       1) Біртұтас экономикалық кеңістік - нарықтық принциптерге және үйлестірілген құқықтық нормаларды қолдануға негізделген экономиканы реттеудің бір үлгідегі тетіктері жұмыс істейтін, бірыңғай инфрақұрылымы бар және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, сондай-ақ жұмыс күшінің еркін айналысын қамтамасыз ететін келісілген салық, ақша-несие, валюта-қаржы, сауда және кеден саясаты жүргізілетін, Тараптардың аумақтарынан тұратын кеңістік;
      2) біртұтас кеден аумағы - Тараптар Ортақ кеден тарифін белгілеген, тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылатын, бір жүйеге келтірілген кеден ережелері жұмыс істейтін, кеден қызметтерін бірыңғай басқару қамтамасыз етілген және ішкі кеден шекарасында кедендік бақылау алынып тасталған, Тараптардың кедендік аумақтарынан тұратын аумақ;
      3) ортақ (ішкі) рынок - біртұтас кеден аумағындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы;
      4) ортақ кеден тарифі - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарына үшінші елдерден әкелінетін тауарларға қолданылатын, әкелінуіндегі кеден баждарының бірыңғай ставкаларының келісілген тізбесі;
      5) ішкі кеден шекарасы - бір мезгілде екінші Тараптың кедендік

 

аумағының шектері болып табылатын, Тараптардың әрқайсысының кедендік

аумағының шектері;

     6) сыртқы кеден шекарасы (сыртқы периметрі) - Кеден одағына

кірмейтін мемлекеттердің аумақтарын Кеден одағына қатысушы

мемлекеттердің аумақтарынан бөлетін, осы мемлекеттердің біртұтас кеден

аумағының шектері;

     7) жанама салықтар - қосымша құнға салынатын салық және тауарлар

мен көрсетілетін қызметтерге арналған акциздер.


                  ІІ тарау. Жалпы ережелер


                           2-бап



 
       Осы Шарттың ережелеріне сәйкес Тараптар Кеден одағын

 

қалыптастыруды аяқтау және соның негізінде Біртұтас экономикалық

кеңістік құру туралы өздеріне міндеттеме алады.


                           3-бап


     Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастырудың негізгі

мақсаттары мыналар болып табылады:

     тауарлардың, қызмет көрсетудің, капитал мен еңбектің ортақ (ішкі)

рыногының тиімді жұмыс істеуі;

     халықтардың тұрмыс деңгейін арттыру мүддесінде Тараптардың

экономикасын құрылымдық қайта құруды тұрақтылықпен дамытуға жағдайлар

туғызу;

     келісілген салық, ақша-несие, валюта-қаржы, сауда, кеден және тариф

саясатын жүргізу;

     біртұтас көліктік, энергетикалық және ақпараттық жүйелерді дамыту;

     экономиканың басым салаларын, өндірістік және

ғылыми-технологиялық кооперацияны дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету

шараларының ортақ жүйесін жасау.


                         4-бап


     Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастырудың аса маңызды

принциптері мыналар болып табылады:

     кемсітпеушілік принципі;

     өзара тиімділік принципі;

     өзара көмек, еріктілік, тең құқылық, қабылдаған міндеттемелер

үшін жауапкершілік, ашықтық сияқты ортақ (әмбебап) принциптер.


                           5-бап


     Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды

интеграцияны басқарудың төмендегідей органдары қамтамасыз етеді:

     - Мемлекетаралық Кеңес,

     - Үкімет басшыларының Кеңесі,

     - Интеграциялық Комитет,

     - Парламентаралық Комитет.


 
       Интеграцияны басқарудың әрбір органы осы орган туралы Ережеде белгіленген өкілеттіктерінің шеңберінде жұмыс істейді.
      Мемлекетаралық Кеңестің шешімі бойынша интеграцияны басқарудың басқа да органдары құрылуы мүмкін.
 
                               6-бап
 
      Қатысушы мемлекеттер Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі экономикалық саясатты 1996 жылғы 29 наурыздағы Шарттың ережелеріне, Тараптар арасында жасалған келісімдердің және оны іске асыру жөніндегі қабылданған шешімдерге сәйкес келіседі.
      Тараптар осы Шарттың мақсаттарына қол жеткізуге қатер төндіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттен тартынуға міндеттенеді.
 
                            7-бап
 
      Біртұтас экономикалық кеңістік кезең-кезеңімен қалыптасады. Кезеңдердің ұзақтығын, осы кезеңдердің әрқайсысындағы іс-шаралардың жиынтығын және оларды іске асыруды Мемлекетаралық Кеңес айқындайтын болады.
      Бір кезеңнен екінші кезеңге көшу осы Шарттың ерекшелігі бар мақсаттарына іс жүзінде қол жеткізуге және ол бойынша Тараптар қабылдаған міндеттемелердің орындалуына байланысты болады.
      Алғашқы кезең Кеден одағын және біртұтас кеден аумағын

 

қалыптастыруды аяқтауды мақсат етеді.

     Екінші кезең тауарлардың, қызмет көрсетудің, капитал мен еңбектің

ортақ (ішкі) рыногын қалыптастыруды, ортақ экономикалық саясат

жүргізуді және бірыңғай инфрақұрылымды құруды, Біртұтас экономикалық

кеңістіктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Тараптардың заңдарын

үйлестіруді аяқтауды қамтитын Біртұтас экономикалық кеңістікті құруды

көздейді.

     Экономикалық ынтымақтастықтың келесі кезеңдерінде Тараптар

негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлерін келісуге ұмтылатын

болады.


       ІІІ тарау. Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау

           І бөлім. Тауарлармен еркін сауда режимі


                        8-бап



 
       Тараптар өзара сауда-саттықта еркін сауда туралы Тараптар арасындағы қолданылып жүрген екі жақты және көп жақты келісімдердің негізінде алып тастауларсыз және шектеулерсіз тауарлармен еркін сауда режимін толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді.
 
                         9-бап
 
      Тараптар тауарлармен еркін сауда режимінде жұмыс істеудің төмендегідей мақсаттарын жариялайды:
      а) бір Тараптың кедендік аумағынан шыққан және екінші Тараптың кедендік аумағына әкетілетін (әкелінетін), сондай-ақ Тараптардың кедендік аумағында еркін айналысқа арналған тауарларға қатысты тарифтік және сандық шектеулерді қолданбау;
      б) жанама салықтарды өндіріп алудың бірыңғай жүйесін қолдану;
      в) жалпыға бірдей қабылданған нормалар мен ережелерге немесе ұлттық заңдарына сәйкес бір Тараптың екінші Тараптан тауарлар әкелуіне қатысты қорғау шараларын уақытша қолдануына ештеңе де кедергі келтірмейді;
      г) Тараптардың келісімінсіз олардың бір-біріне өзара жасайтынынан анағұрлым қолайлы сауда режимін осы Шарттың қатысушысы болып табылмайтын кез келген үшінші мемлекетке жасамауы;
      д) шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекетінен туындаған немесе жалпы мемлекеттік және аумақтық органдардың араласуынан туындаған бәсекелестікті шектеуді - бұл Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара саудасына қаншалықты ықпал ететін болса, соншалықты деңгейде жою;
      е) екінші Тараптың кедендік аумағынан шығатын ұқсас тауарлармен салыстырып қарағанда Тараптардың бірінің кедендік аумағынан шығатын тауарға қатысты тікелей немесе жанама түрде кемсітушілікке әкеліп соғуы мүмкін шектеу не фискальдық сипаттағы қандай да болсын шараларды (оның ішінде ұжымдық) Тараптардың өзара қолданбауы.
 
                          10-бап
 
      Тараптар өз аумақтарындағы жергілікті не аймақтық сипаты бар және тауарлармен еркін сауда жасау режимінің қалыпты жұмыс істеуіне қиындық келтіретін әкімшілік, фискальдық кедергілерді жою үшін қажетті күш-жігер жұмсайды.
      Аталмыш Шарттың осы бабының мақсаттары үшін келуге, болуға, жұмысқа, фирмалар, компаниялар құруға, жеке және заңды тұлғалардың қызмет көрсетуін жүзеге асыруға қатысты Тараптардың ұлттық заңдарын қолдануына ештеңе де кедергі келтірмейді. Бұл орайда олар режимді осы Шартқа байланысты кез келген Тарап алатын артықшылықтың күшін жоюға немесе шектеуге әкеліп соқпайтындай сипатта қолданады.
 
      ІІ бөлім. Тауарлардың сыртқы саудасын реттеу
 
                      11-бап
 
      Тараптар Кеден одағы туралы келісімдер жөніндегі міндеттемелері шеңберінде және осы шарттың күшіне енетін күні Тараптар арасында қолданылып жүрген, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай тәртібі туралы екі жақты келісімдерде көзделген нормалар мен

 

ережелерді үйлестіру арқылы сыртқы сауда қызметін реттеудің бірыңғай

тәртібін белгілейді.


                     12-бап


     Сыртқы сауда қызметін реттеудің бірыңғай тәртібі және оның

үйлесімді сипатта өзгеруі мен толықтырылуы жөніндегі келісілген

шешімдерді қабылдау мынадай салаларды қамтиды:

     1) сыртқы сауда қызметін тарифтік реттеу;

     2) үшінші елдермен сауданы реттеудің тарифтік емес шаралары;

     3) үшінші елдермен қарым-қатынаста сауда режимін белгілеу;

     4) үшінші елдермен сыртқы сауда операцияларына жанама салық салу;

     5) сыртқы сауда операцияларын валюталық реттеу.


                         13-бап



 
       Тараптар Үкімет басшылары кеңесінің "Кеден одағы туралы келісімдерге қатысушы мемлекеттердің ортақ кеден тарифі туралы" 1998 жылғы 22 қаңтардағы N 2 Шешімін дамыту үшін тиісті келісімдер жасасады.
      Тараптар, үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік жеңілдіктердің және тарифтік артықшылықтардың келісілген жүйесін, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің бірыңғай тәртібін қоса алғанда қолданады.
      Тараптар барабар күші бар кедендік баждарды, салықтарды және алымдарды өндіріп алу мен олардың түсімдерінің тәртібі жекелеген келісімдермен анықталатын болады деп уағдаласты.
      Жоғарыда аталған келісімдерді әзірлеу кезінде Тараптар қабылданған шешімдерді және осы мәселелер бойынша екі жақты сондай-ақ көп жақты негізде Тараптар қол жеткізетін кейінгі уағдаластықтарды ескеретін болады.
 
                          14-бап
 
      Тараптар үшінші елдермен сауда-саттық жасауда тарифтік емес реттеу шараларының бірыңғай тәртібін қолдануды сақтайды және осы мақсаттарда 1997 жылғы 22 қазанда Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді толық көлемде қолданады.
      Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай тәртібі Тараптардың қару-жарақпен, әскери техникамен және әскери мақсаттағы өзге де өнімдермен, ядролық материалдармен, жабдықтармен, арнайы ядролық емес материалдармен және тиісінше технологиялармен, сондай-ақ Кеден одағын қалыптастыру кезіндегі тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 5-бабында көрсетілген қосарланған мақсаттағы тауарлармен және технологиялармен сауда-саттығына қолданылмайды. Осы мақсатта Тараптар жеке Келісім жасасады.
 
                            15-бап
 
      Үшінші елдермен тауарлармен сауда-саттық жасауға қатысты Тараптар бірыңғай сауда режимін кезең-кезеңімен белгілеу жөнінде келісілген іс-қимыл қолданады.
      Уақытша шектеулер енгізу немесе оларды алып тастауды қоса алғанда, үшінші елдерге қатысты сауда режимін өзгертуді, тауарлармен сауда-саттықта тарифтік және тарифтік емес шектеулерді енгізуді не алып тастауды Тараптар, әдетте, бір мезгілде жүргізеді. Осы мақсатта Тараптар тиісті хаттамаларға қол қояды.
      Тараптардың бірінің еркін сауда режимі туралы келісімі бар елдермен сауда-саттығы болса, ол Тарап осы Шарттың басқа да Тараптарымен еркін сауда режиміндегі тауарларды алып тастау және шектеу тізбесін не сауда режимдерінің қалыптасқан сәйкессіздігінен туындайтын өтемақылардың нысандарын келіседі.
      Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылу жөніндегі Тараптардың дербес келіссөздері, олардың халықаралық экономикалық және қаржылық құрылымдарға кірігу процесі сауда режимдерін кезең-кезеңімен үйлестіруді қамтамасыз етудегі ұмтылыстарында еңсерілмес кедергі болмауға тиіс.
      Келіссөздер айқындамаларын қажетті деңгейде келісуге қол жеткізу мақсатында Тараптар 1997 жылғы 3 маусымдағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезіндегі Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық сауда келіссөздері туралы хаттамасында және Мемлекетаралық Кеңестің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 27 шешімінде көзделген тұрақты консультациялар тетігін тиімді пайдаланатын болады.
 

                                16-бап



 
 
       Тараптар үшінші елдермен сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алудың бірыңғай жүйесін қолданады.
      Экспортталатын және импортталатын тауарларға арналған жанама салықтардың ставкалары ұлттық өндіріс тауарларына салынатын осы тақылетті ставкалардан артық болмайды.
      Тараптар үшінші елдермен сауда-саттықта тауар тағайындалатын елдің принципін негізге алып, жанама салықтарды өндіріп алуға көшеді.
      Үшінші елдермен сауда-саттықта тауарлар әкелу және әкету кезінде Тараптар қосымша құнға арналған ставкаларға және одан салық өндіріп алудың тәртібіне, сондай-ақ акциздік тауарлар жөніндегі акциздерге қатысты бөлігінде жеке дара салық жеңілдіктерін беруден тартынатын болады.
      Үшінші елдердің тауарларымен сауда операцияларын жүзеге асыратын резиденттерге және резидент еместерге салық ставкаларын қолдануға және салықтарды өндіріп алуға, берілетін салық жеңілдіктеріне қатысты Тараптардың кез келгені екінші Тараптан ақпарат талап етуге және оны отыз күнтізбелік күн ішінде алуға құқылы.
 
                            17-бап
 
      Тараптар төлем балансының ағымдағы және күрделі операциялары жөніндегі басқа да ақпаратты қоса алғанда, осы салада қатысушы мемлекеттердің қолданылып жүрген заңдарының мониторингіне, орталық (ұлттық) банктердің арасындағы тұрақты ақпарат алмасуға негізделген сыртқы сауда операцияларын валюталық реттеудің келісілген тәртібін қолданады.
      Одан әрі Тараптар валюталық бақылаудың ортақ жүйесін қолдану туралы жеке келісімді талдап жасайды.
 
                           18-бап
 
      Тараптар сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай тәртібі Тараптардың ағымдағы және ұзақ мерзімді сыртқы сауда-саттықтағы, экономикалық мүдделерін және әлеуеттерін ескере отырып, заңдарды бір жүйеге келтіру деңгейіне қарай белгіленетін болады деп қуаттайды.
      Осы Шарттың 12-бабында көрсетілген салаларда сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай тәртібінің барлық өзгерістер мен толықтырулары Тараптар үкіметтері шешімдерінің жобалары кезеңінде Тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
      Тараптар жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға және ережелерге сәйкес үшінші елдермен сауда-саттықта жеке дара уақытша шектеулер енгізуге құқылы.
      Мұндай шаралардың уақытша сипаты болады және Тараптар белгілеген рәсімдерге сәйкес қолданылады.
 
                              19-бап
 
      Тараптар алып тастауларсыз және шектеулерсіз өзара негізде еркін сауда режимін орнықтыру үшін маңызды негіз және қажетті шарт ретінде сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай тәртібін қолдануды қарастырады.
      Осы Шарттың 11-18 баптарында көзделген сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай тәртібі режимінен Тараптардың бірінің шығуын Тарап немесе Тараптар осы Тарапқа қатысты алып тастауларсыз және шектеулерсіз еркін сауда режимінің қолданысын тоқтату туралы мәселені қозғау үшін негіз ретінде қарастыруы мүмкін.
 
                3 бөлім. Кеден одағы
                      20-бап
 
      Тараптар Кеден одағын қалыптастыруды аяқтауды қамтамасыз етудегі өздерінің ұмтылысы еркін сауда режимінің жұмыс істеуінің базасына, сыртқы сауда қызметін реттеудің бірыңғай тәртібін кезең-кезеңімен орнықтыруға және Кеден одағы туралы келісімнің принциптері мен ережелерінен туындайтын міндеттемелерді орындауға негізделеді деп қуаттайды.
 
                       21-бап
 
      Тараптар жалпы жұрт таныған халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес сауда-экономикалық бірлестік ретінде Кеден одағын құрады, оның құрамында мыналар болады:
      а) біртұтас кеден аумағы;
      б) ортақ кеден тарифі;
      в) осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзара

 

сауда-саттықта қандай да болсын тарифтік және тарифтік емес шектеулерге

(лицензиялауға, квоталауға) жол бермейтін режим;

     г) ішкі кеден шекараларында кедендік бақылауды жеңілдету және

кейінірек одан бас тарту;

     д) шаруашылық жүргізудің жан-жақты нарықтық принциптеріне және

үйлестірілген экономикалық заңдарға негізделетін экономикалар мен

сауданы реттейтін бір үлгідегі тетіктер;

     е) басқару органдары;

     ж) бірыңғай кеден саясатын және бірыңғай кеден режимдерін қолдану.

     Кеден одағын қалыптастыру кезеңінде оның атқарушы органы

Интеграциялық Комитет болып табылады.


                            22-бап



 
       21-бапта көзделген ережелерді орындағаннан кейін бірыңғай кеден аумағына үшінші елдерден әкелінген және қатысушы елдердің бірінде еркін айналыс үшін шығарылған тауарлардың ішкі кеден шекаралары арқылы орын ауыстыруы шектелмейтін болады.
      Тараптар үшінші елдерден шығатын тауарларға қатысты кедендік ресімдеу мен бақылаудың нормалары мен ережелерін бір жүйеге келтіреді және ішкі кеден шекараларында кедендік ресімдеу мен бақылауды жеңілдету және кейін оларды алып тастау туралы тиісті құжаттарға қол қояды.
      Кеден одағының ішкі шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетін тауарларды кедендік ресімдеу кезінде Тараптар 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі туралы хаттаманы басшылыққа алатын болады және одан әрі ішкі кеден шекараларында тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды алып тастайды. Осы мақсатта Тараптар тиісті құжаттарға қол қояды.
 
                         23-бап
 
      Тараптар жалпы жұрт таныған нормалар мен ережелерді ескере отырып, Кеден одағын қалыптастыруды аяқтаудың уақыт шектерін қосымша уағдаластықтарымен айқындайды.
      Үшінші елдермен сауда режимдерін орнатқан жағдайда Тараптар Кеден

 

одағын қалыптастыратын Тараптардың пайдасына анағұрлым қолайлы

режимнен алып тастау жолымен бір-біріне артықшылық берілетін режимді

қамтамасыз етеді.


                           24-бап


     Тараптар Тараптардың кедендік аумақтарын ол үшін қажетті құқықтық,

экономикалық және халықаралық жағдайлар жасауды аяқтағаннан кейін

біртұтас кеден аумағына біріктіруді қамтамасыз етеді.

     Осы мақсатта Тараптар біртұтас кеден аумағының жұмыс істеу

тетіктерін реттейтін Кеден одағын құруды аяқтау туралы шарт жасасуға

уағдаласты.


          ІV тарау. Біртұтас экономикалық кеңістік құру

           4 бөлім. Ортақ экономикалық саясат және

                      инфрақұрылымды дамыту

                           25-бап



 
       Тараптар өндірістік әлеуетті тиімді пайдалануды, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды, тиімділігі жоғары өндірістерді қолдауды, монополияға қарсы, салықтық және қаржылық келісілген саясат жүргізуді, сондай-ақ Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде адал ниетті бәсекелестік үшін жағдайлар туғызуды қамтамасыз ететін қатысушы мемлекеттер экономикаларының негізгі бағыттарын және оларды құрылымдық қайта құру кезеңдерін келіседі.
 
                            26-бап
 
      Тараптар осы Шартқа қатысушы мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасайды, өздерінің басымдық берілетін салалары мен өндірістерін келісілген мемлекеттік қолдауды, қорғаныс кешені кәсіпорындарын тиімді түрде конверсиялауды және реформалауды жүзеге асырады.
 
                             27-бап
 
      Кейбір кәсіпорындарға немесе тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісіне анағұрлым қолайлы жағдайлар жасау жолымен бәсекелестіктің тәртібін бұзатын немесе бұзу қаупін туғызатын қатысушы мемлекет дотация түрінде немесе мемлекеттік ресурстар есебінен табыс ететін жәрдемақының (көмектің) түрлі нысандары Тараптардың арасындағы сауда-саттыққа қаншалықты ықпал етсе соншалықты деңгейде Біртұтас экономикалық кеңістік принциптеріне сыйыспайтын әрекет ретінде қаралады, оған мына жағдайлар жатпайды:
      кемсітушіліксіз берілетін жағдайда жеке дара тұтынушыларға көрсетілетін әлеуметтік сипаттағы көмектер;
      табиғи апаттар және қандай да болсын табиғи немесе техногендік сипаттағы басқа да төтенше оқиғалар келтірген зиянның орнын толтыру мақсатындағы көмектер;
      әрбір тарап белгілейтін, тиісті мемлекеттегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен аймақтарды немесе жұмыспен аз қамтылған аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға жәрдемдесу мақсатындағы жәрдемақылар;
      мемлекетаралық маңызы бар немесе қатысушы мемлекеттің экономикасындағы елеулі бұрмалаушылықты түзетуге қызмет ететін жобаны жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатындағы жәрдемақылар;
      Мемлекетаралық Кеңестің шешімімен белгіленуі мүмкін жәрдемақылардың (көмектердің) басқа да түрлері.
 
                               28-бап
 
      Тараптар өзара сауда-саттықта тағайындалатын ел принципі бойынша жанама салықтарды өндіріп алудың бірыңғай жүйесін қолданатын болады, ол үшін тиісті келісім жасасады.
      Өзара сауда-саттықтағы импортталатын тауарларға жанама салықтардың ставкалары ішкі өндірістің осы тақылетті тауарларына салынатын салықтардың ставкаларынан артық болмауға тиіс.
 
                              29-бап
 
      Келісілген акциздік саясатты жүргізу мақсатында Тараптар қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарында өндірілетін және оларға әкелінетін, акцизделуге жататын тауарлардың базалық тізбесін ұстанатын болады.
 
                             30-бап
 
      Тараптар салықтарды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Шартқа қатысушы мемлекеттердің салық органдары арасында ақпарат алмасу мақсатында 1998 жылғы 25 наурыздағы Ынтымақтастық пен Тараптардың салық заңдарын сақтау мәселелері бойынша өзара көмек туралы келісімнің және Үкімет басшылары кеңесінің 1998 жылғы 22 қаңтардағы N 4 Шешімінің ережелерін 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің салық қызметтерінің өзара іс-әрекетінің принциптері негізінде жүзеге асырады.
 
                          31-бап
 

 

     Тараптардың экономикаларын мемлекеттік реттеу институционалдық

қайта құруларды жүргізуге, меншікті тиімді басқаруға, экономика

салаларының банк секторымен қарым-қатынастарын реттеуге, қаржы

құралдарын тартудың жаңа тетіктерін жасауға, мемлекетаралық есеп

айырысуларды тәртіпке келтіруге бағытталады.


                          32-бап


     Тараптар мемлекеттердің экономикалық мүдделерін ескере отырып,

тиімді өзара толықтыратын өндірістерді жасауға жәрдемдесетін болады.


                           33-бап



 
       Тараптар бір немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз басым жағдайын теріс пайдалануына жол бермеу үшін шаралар қабылдайды, олар:
      жосықсыз бәсекелестік әдістерін пайдалануға;
      өндірісті, рыноктарды немесе техникалық дамуды тұтынушыларға зиян келтіретіндей шектеуге;
      сауда-саттық жүргізетін басқа әріптестермен бағасы теңдей мәмілелерге бірдей емес шарттарды, оларды осылайша тиімсіз жағдайларға мәжбүр ете отырып, қолдануға кедергі болады.
      Демпингтік практика анықталған жағдайда жәбір көрген Тарап Тараптармен келісе отырып, ұлттық заңдарда белгіленген тиісті қорғану шараларын қабылдауға құқы бар.
 
                           34-бап
 
      Тараптар 1998 жылғы 22 қаңтардағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Көлік одағын құру туралы келісімге сәйкес Көлік одағын құрады.
      Тараптар Көлік одағын өзара келісілген технологиялар мен өлшемдер негізінде және бір жүйеге келтірілген нормативтік-құқықтық базаның негізінде қызмет атқаратын, Тараптардың көлік кешендерінің интеграцияланған жүйесі ретінде белгілейді.
      Көлік одағын құру интеграциялық процестердің тереңдеуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және Тараптар арасында көлік құралдарының кедергісіз қозғалуы, жолаушылар мен жүк тасымалдарын және олардың аумақтары арқылы тауарлар транзитін жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді.
      Қатысушы мемлекеттердің Көлік одағын қалыптастыру екінші кезең ішінде аяқталады.
 
                               35-бап
 
      Тараптар транзитті 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы Транзиттің бірыңғай шарттары туралы келісімге сәйкес жүзеге асыратын болады.
 
                              36-бап
 
      Қатысушы мемлекеттер келісілген аграрлық саясатты жүргізеді, Тараптармен келісілген тізілімге сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізат өндіруді дамытуды қамтамасыз ететін бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады.

 

     Ортақ аграрлық саясатты жүргізу кезінде Тараптар:

     - Шартқа қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз

ету қажеттілігін;

     - ауыл шаруашылығының өндірістік және әлеуметтік құрылымына,

сондай-ақ Тараптардың табиғи ерекшеліктеріне байланысты ауыл

шаруашылығы қызметінің айрықша сипатын;

     - ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымын жетілдіру қажеттігін

ескереді.


               5 бөлім. Қызмет көрсетулердің ортақ рыногы


                             37-бап



 
       Қатысушы мемлекеттер бір біріне өзара негізде қызмет көрсетулер рыногына шығудың ұлттық режимін жасауға ұмтылатын болады.
      Тараптар осы шартқа қатысушы мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары үшін Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде ұлттық рыноктарға шығуға қазіргі бар шектеулерді біртіндеп жояды.
      Тараптар осы мақсаттарда Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде қызмет көрсетулердің сауда-саттығын дамытудың ортақ бағдарламасын қабылдайды, оны дайындау кезінде олар жалпы жұрт таныған халықаралық нормалар мен ережелерді ұстанатын болады.
 
                           38-бап
 
      Тараптар үшінші елдерге қатысты қызмет көрсетулер сауда саттығының келісілген саясатын жүргізетін болады.
      Үшінші елдермен қызмет көрсетулер саудасының режимін орнату кезінде Тараптар Кеден одағын қалыптастыратын, Тараптардың пайдасына қарай әлдеқайда қолайлы режимнен алып тастаулар жолымен бір-біріне преференциалдық режим жасайды.
 
           6 бөлім. Еңбектің ортақ рыногы және әлеуметтік саясат
 

                                39-бап



 
 
       Тараптар қатысушы мемлекеттер азаматтарының Біртұтас экономикалық кеңістік ішінде еркін жүріп-тұруларын қамтамасыз етеді.
      Еркін жүріп-тұру Тараптардың азаматтарына қатысты кез келген кемсітушілікті болдырмауды және жұмысқа орналастыру, сыйақы, еңбек және жұмыспен қамтудың басқа да жағдайлары бөлігінде бір жүйеге келтірілген құқықтық режимді жасауды көздейді.
      Бұл:
      - еңбек ете жүріп Тараптардың аумақтары арқылы еркін жүріп-тұрудың;
      - азаматтықты қабылдау мен одан шығу процедураларын мейлінше оңайлатудың;
      - Тараптардың кез келгенінің аумағында тұрақты тұратын Тараптар азаматтарына тұрақты тұратын ел азаматтарының мәртебесіне барынша жақындастырылған құқықтық мәртебе берудің;
      - Тараптардың бірінің азаматының паспорты бойынша олардың шекараларын еркін кесіп өтуді және аумақтарында болудың;
      - қатысушы мемлекеттер шекаралары арқылы шетел валютасын және жүкті бажсыз алып өту жөнінде бірыңғай нормаларды белгілеудің;
      - олардың шекараларын кесіп өту кезінде қатысушы мемлекеттердің азаматтарына қатысты ұлттық режимдерді қолданудың;
      - қатысушы мемлекеттердің бірінде, осы мемлекет азаматтарының жұмыспен қамтамасыз етілуін реттейтін заңдарына сәйкес еңбек ете жүріп, сонда болудың;
      - қатысушы мемлекеттердің бірінің аумағында осы мемлекеттегі жұмысты аяқтағаннан кейін қалудың мүмкіндіктерін көздейді.
      Осы мақсаттарда Тараптар тиісті келісімдерге қол қояды.
 
                            40-бап
 
      Тараптар қатысушы мемлекеттер аумақтарында еңбек ететін азаматтардың еңбек өтілі жалпы еңбек өтіліне, соның ішінде зейнетақы мен жәрдемақылар да есептелетініне уағдаласты.
 
                             41-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптармен келісімсіз осы Шартқа қол қойылған күннен бастап басқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін олардың аумақтарында тұрақты мекенін таңдау және экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына қосымша шектеулерді енгізбеу міндеттемелерін алады.
      Тараптар қатысушы мемлекеттер азаматтарының бір-бірінің

 

аумақтарында заңды тұлға құру құқығын қоса алғанда, олардың тұрақты

мекенін таңдау және экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына

шектеулері кезең-кезеңімен жоятын болады.


                         42-бап


     Тараптар үшінші елдерге қатысты, соның ішінде бақылаусыз

көші-қонды болдырмау мақсатында бірыңғай визалық саясатты жүргізетін

болады.

Бұл мақсаттарда Тараптар тиісті келісімдер жасасады.


                           43-бап


     Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптардың азаматтарына осы

мемлекеттердің аумақтарында болған кезде тегін жедел медициналық

жәрдем көрсететін болады. Тараптар осы мақсатта тиісті келісімдер жасасады.


                          44-бап


     Интеграциялық Комитет Тараптардың үкіметтерімен бірлесіп

іс-әрекет жасау барысында, әлеуметтік салаға қатысы бар проблемаларды

зерделейді және талдайды, ал нәтижелері бойынша Үкімет басшылары

кеңесіне мынадай мәселелер бойынша қорытындылар мен ұсынымдар береді:

     - жұмыспен қамту;

     - еңбек заңдары мен еңбек жағдайлары;

     - кәсіби білім беру мен біліктілікті арттыру;

     - әлеуметтік қорғаудың ең төменгі стандарттарын әзірлеу;

     - өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби науқастардың алдын алу;

     - еңбек гигиенасы;

     - кәсіби бірлестіктер құруға және ұжымдық шарттарды жасасуға құқықтар.


                       45-бап


     Тараптар білім берудің, біліктілікті арттырудың, кадрларды

даярлау мен қайта даярлаудың келісілген жүйесін, жалпы білім беру және

кәсіби даярлау мектептеріне, жоғары оқу орындарына, аспирантураларға

түсудің бірыңғай ережелері мен шарттарын жасауды, сондай-ақ білім,

ғылыми атақтар пен дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану мен

баламалылығын қамтамасыз етеді.


             7 бөлім. Капиталдың қозғалысы


                       46-бап



 
       Тараптар ұлттық валюталардың өзара өтімділігі жөніндегі келісімдерді іске асыра отырып, ағымдағы операциялар бойынша басқа мемлекеттердің валюталарын пайдалануға шектеулерді алып тастау, төлем балансының ағымдағы операциялары бойынша ұлттық валютаның бірыңғай айырбастау бағамын енгізу, резидент емес банктерді ішкі валюта рыноктарына жіберу, өкілетті банктердің ұлттық валютаны әкелуі және әкетуі үшін шектеулерді алып тастау бөлігінде валюта саясатын дәйектілікпен ырықтандыруды жалғастырады және Халықаралық Валюта Қоры

 

Жарғысының 8-бабына қосылады. Ұлттық валюта-қаржы жүйелерінің өзара

іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру және осы

іс-шараларды аяқтау мақсатында Тараптар тиісті хаттамаларға қол қояды.


                         47-бап


     Тараптар қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен

капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімнің ережелерін

іске асырады.


                          48-бап


     Тараптар ұлттық валюталардың валюталық бағамын белгілеудің тетігін

келіседі.


                          49-бап



 
       Тараптар мемлекетаралық және кәсіпкерлік салалардағы тауар айналымы, саудаға жатпайтын операциялар, көлік, байланыс және басқа салалардың қызмет көрсетулердегі тауар айналымы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік, банктік және коммерциялық несиелер, валюталық айырбастау операциялары жөніндегі есеп айырысуларға қызмет көрсетулер үшін қатысушы мемлекеттердің төлем жүйесін қалыптастырады.
 
                            50-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы капиталдың қозғалысы саласында, егер капиталдың қазіргі қозғалысы капиталдың ішкі рыногының қызметінде жолсыздық тудыратын болса, Шарттың басқа қатысушыларына тез арада мәлімдеумен, уақытша қорғау шараларын қабылдауға құқылы.
 
                             51-бап
 
      Тараптар қатысушы мемлекеттер экономикалық жағдайының жақсаруына

 

қарай капиталдың қозғалысын ырықтандыру дәрежесін арттыруға ұмтылатын

болады.

     Тараптар капиталдың қозғалысын және осыған байланысты ағымдағы

төлемдерді қиындатуы мүмкін валюталық операциялар саласындағы қазіргі

бар жаңа шектеулерге қосымша шектеулерді енгізбейді, сондай-ақ қазіргі

бар ережелердегі шектеулерді ұлғайтпайтын болады.

     Осы бап ережелерін уақытша қолданбаудың мүмкіндігі жекелеген

келісімдермен реттелетін болады.


         8 бөлім. Ғылыми-технологиялық және

                    ақпараттық даму


                         52-бап



 
       Тараптар келісілген ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыратын болады. Осы мақсаттарда қатысушы мемлекеттердің ғылыми-техникалық әлеуеттерін интеграциялау және әрі қарай дамыту мақсатында ұлттық ғылыми зерттеулерді, технологиялық әзірлемелерді және тәжірибелік өндірістерді іске асырудың басым бағыттары бойынша бірлескен бағдарлама қабылдайды.
 
                           53-бап
 
      Бірлескен бағдарлама іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша жасалған нақты бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Әрбір бағдарламада оны іске асырудың тәсілдері айқындалады, мерзімдері белгіленеді және қаржыландыру көздері қарастырылады.
      Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру және бірлескен бағдарламаларды орындау ұлттық деңгейде Интеграциялық Комитетпен бірлесе іс-қимыл жасаумен жүзеге асырылады.
 
                         54-бап
 
      Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша іске асырылатын іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс негізінде және коммерциялық шарттармен, сондай-ақ бірлескен қаржыландыру есебінен орындалады.
      Тараптар ғылыми-техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін және тиісті мәліметтер банктерін жасайды.
 
                        55-бап
 
      Тараптар өздерінің аумақтарында радио және телебағдарламалармен, бұқаралық ақпараттың басқа да құралдарымен алмасуды және таратуды, Тараптардың ұлттық мүдделерін ескере отырып, заңды және жеке тұлғалардың телекоммуникациялар жүйелерін пайдалануға еркіндікті, үшінші елдермен ақпарат алмасуды кеңейтуді қамтамасыз етеді және тиісті келісімдер жасасады.
 
      V тарау. Заңдарды жақындастыру және бір ізге салу
 
                    56-бап
 
      Тараптар осы Шарттың ережелерін Тараптардың орындауына тікелей ықпал ететін, Тараптардың заң және өзге де актілерін жақындастыру және бір ізге салу жөнінде келісілген шаралар (бұдан әрі заңдарды үйлестіру шаралары деп аталатын) қабылдайды.
      Заңдарды жақындастыру және бір ізге салу мақсатында Тараптар мына төмендегілерді қамтитын шараларды қабылдайды:
      а) заңдар мен өзге актілерге түзетулер енгізу туралы құқықтық актілердің жобаларын қоса алғанда, заң және өзге актілердің жобаларын дайындау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру;
      б) халықаралық шарттарды жасасу;
      в) модельдік актілерді қабылдау;
      г) Мемлекетаралық Кеңестің не Үкімет басшылары кеңесінің тиісті шешімдерін қабылдау;
      д) мұндай шараларды Мемлекетаралық Кеңес бекіткен жағдайда Тараптар орынды және мүмкін деп тапқан өзге де шаралар.
 
                       57-бап
 
      Мемлекетаралық Кеңес осы Шарттың объектісі мен мақсаттарын ескере отырып, Тараптардың қандай заңдары мен өзге құқықтық актілері жақындастыруға және бір ізге салуға жататындығы туралы шешімдер қабылдайды, заңдарды үйлестіру жөніндегі тиісті шараларды жүзеге асырудың жүйелілігін белгілейді. Мұндай шешімдер Тараптардың аумақтарында қолданылатын нақты актілерге, сондай-ақ құқықтық реттеудің белгілі бір салаларына да қатысты заңдарды үйлестіру жөніндегі шараларды қабылдауды қарастыруы мүмкін.
      Мемлекетаралық Кеңес сондай-ақ Тараптардың тиісті заң және өзге актілеріне қатысты заңдарды үйлестіру жөнінде немесе Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді ескере отырып, құқықтық реттеудің тиісті саласында қандай шараларды қабылдау керек екендігі туралы мәселені де шешеді.
 
                             58-бап
 
      Тараптардың ортақ пікірі бойынша бұл қажет әрі үмітті ақтайтын болып табылған жағдайда, Мемлекетаралық Кеңес:
      а) қатысушы мемлекеттер үшін барлық бөліктерінде міндетті болып табылатын және олардың тікелей қолдануына жататын, осы Шартқа қатысушы мемлекеттер үшін бірыңғай ережелерді белгілейтін шешімдерді;
      б) Тараптар органдарына іс-қимылдың нысандары мен әдістерін таңдау еркіндігін қалдыра отырып, тілекке сай нәтижеге қатысты қатысушы мемлекет немесе қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болып табылатын, олардың атына жолданған қарарларды;
      міндетті болып табылмайтын ұсыныстарды қабылдауға құқылы.
 
                       59-бап
 
      Осы Шарттың 57 және 58-баптарында көзделген шешімдерді Интеграциялық Комитеттің Парламентаралық Комитетпен консультацияларынан кейін енгізілетін және Үкімет басшылары кеңесі мақұлдаған ұсыныстары негізінде Мемлекетаралық Кеңес қабылдайды.
      Парламентаралық Комитет енгізетін заңдарды үйлестіру жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсыныстар Интеграциялық Комитеттің алдын ала қарауына жатады, ол Парламентаралық Комитетпен консультациялардан кейін Үкімет басшыларының кеңесіне тиісті ұсыныстар енгізеді. Бұл ереже Парламентаралық Комитеттің 1996 жылғы 29 наурыздағы шарттың 2 2-бабында көзделгеніндей ұсыныстық сипаты бар модельдік актіні қабылдау құқын шектемейді.
      Заңдарды үйлестіру жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсыныстар

 

қатысушы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар және осы Шарттың

мақсаттары мен принциптерін  жүзеге асыруға орай пайда болатын проблемалар

тұрғысында құқықтық реттеудің тиісті саласындағы ахуалға әділ және

жан-жақты баға беруге негізделуі тиіс.


                      60-бап


     Мемлекетаралық Кеңестің оған осы Шарттың 57-бабының және

58-бабының б) және в) тармақтары негізінде берілетін өкілеттіктері

Мемлекетаралық кеңес тиісті шешімдер қабылдаған жағдайда Үкімет

басшылары кеңесіне берілуі мүмкін.


            VI тарау. Қорытынды ережелер


                  61-бап



 
       Шартқа қатысушы мемлекеттердің біреуіне немесе бірнешеуіне үшінші елдер тарапынан экономикалық зиян келтіре алатын іс-әрекет немесе іс-әрекет қаупі болған жағдайында, үкіметтер Тараптардың біреуінің немесе бірнешеуінің ұсынысы бойынша экономикалық зиянды немесе осындай зиянды келтірудің қаупін болдырмау жөніндегі келісілген шараларды әзірлеу үшін тез арада консультацияларға кіріседі.
 
                     62-бап
 
      Осы Шарт Тараптардың үшінші мемлекеттермен, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде бұрынырақ жасаған халықаралық шарттарындағы міндеттемелерін қозғамайды.
 
                       63-бап
 
      Осы Шарт оның принциптерін мойындайтын және осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді толық көлемде өзіне қабылдауға дайындығын мәлімдеген және Мемлекетаралық Кеңеске депозитарий арқылы тиісті өтініш жіберген кез келген мемлекеттік қосылуы үшін ашық. Шартқа үшінші мемлекеттің қосылуының шарттары Мемлекетаралық Кеңестің тиісті шешімімен белгіленеді.
 
                          64-бап
 

 

     Тараптар Мемлекетаралық кеңеске осы шартқа өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар бере алады.

     Мемлекетаралық Кеңес осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы шешімдерді бірауыздан қабылдайды, олар барлық қатысушы

мемлекеттер бекіткеннен кейін күшіне енеді.


                         65-бап


     Осы шарт БҰҰ Хатшылығында тіркелуі тиіс.


                         66-бап



 
       Тараптар өздерінің міндеттемелерін орындау, осы Шарттың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын даулы мәселелерді консультациялар, келіссөздер жүргізу жолымен немесе олар уағдаласатын өзге де тәсілмен шешеді.

 

     Тараптар өздерінің осы Шарттан туындайтын міндеттемелерін

орындамағаны үшін жауапкершілік туралы Келісім жасайды.


                         67-бап


     Интеграцияны басқару органдарының орналасатын орнын

Мемлекетаралық Кеңес белгілейді. Басқару органдары қатысушы

мемлекеттердің аумағында болу шарттары туралы жекелеген келісімдерге

сәйкес қызмет атқарады.


                        68-бап


     Осы Шарттың депозитарийі Интеграциялық Комитеті болып табылады.


                          69-бап




 
       Әрбір Тарап шығатын күнінен дейін бұл туралы 12 айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарлай отырып, осы Шарттан шыға алады.
 
                             70-бап
 
      Осы Шарт бекітілуге жатады және оны бекіткен мемлекеттер үшін үшінші қатысушы мемлекеттен бекіту грамотасын депозитарийге сақтауға алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Қалған шартқа қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы үшін ол оның бекіту грамотасын депозитарийге сақтауға алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Тәжікстан Республикасы үшін осы Шарт Тәжікстан Республикасының осы Шартты бекіткендігі туралы грамотаны депозитарийге алғаннан және оның 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдерге қосылғандығын құқықтық ресімдеу аяқталғаннан кейін күшіне енеді.
 

 

     Москва қаласында 1999 жылғы 26 ақпан қазақ, беларусь, қырғыз,

орыс және тәжік тілдерінде бір дана болып жасалды және де барлық

мәтіндердің күші бірдей. Осы Шарттың мәтіні бойынша Тараптардың пікір

алшақтықтары туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді

пайдаланатын болады.

     Шарттың түпнұсқа данасы оның расталған көшірмесі осы Шартқа қол

қойған әрбір мемлекетке жіберетін Интеграциялық Комитетте сақталады.


     Қазақстан      Беларусь        Қырғыз        Ресей       Тәжікстан

   Республикасы   Республикасы   Республикасы  Федерациясы  Республикасы

      үшін             үшін          үшін         үшін           үшін




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.   





















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады