Астана қаласының энергетикалық кешені туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 497

      Астана қаласы энергетикалық кәсіпорындарының ауыр қаржы-экономикалық жағдайына және олардың дәрменсіздігіне байланысты, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астана қаласы әкімінің "1-Ақмола ЖЭО", "2-Ақмола ЖЭО", "Ақмола СЭС-ы" акционерлік қоғамдарына (бұдан әрі - Қоғамдар) қатысты банкроттық рәсімдерін жүргізудің қажеттілігі туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Агенттік) белгіленген тәртіппен мынадай іс-шараларды жүргізуін қамтамасыз етсін:
      1) бір апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының сот органдарына Қоғамдарға қатысты банкроттық туралы іс қозғау туралы өтініш жасасын;
      2) Астана қаласының әкімімен келісім бойынша сотқа конкурстық басқарушылардың кандидатураларын ұсынсын;
      3) кредиторлардың комитетіне өкілдің кандидатурасын айқындасын.
      3. Қоғамдардың маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып конкурстық массаны сатудың:
      1) Агенттіктің Астана қаласы әкімінің қорытындысын ескере отырып Қоғамдардың конкурстық массасын сатудың жоспарын бекітуін;
      2) Қоғамдардың мүліктік кешендерін бірыңғай лотпен сатуды;
      3) өндірістің тізбегі мен Астана қаласын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету объектілері жұмысының үздіксіздігін сақтай отырып банкроттық рәсімдерін жүргізуді;
      4)Қоғамдардың конкурстық басқарушыларына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқықтарын, сондай-ақ "Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамымен келісілген жағдайларда Астана қаласы энергетикалық кешенінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті, бұрын жасалған шарттарды атқару құқығын беруді;
      5) Астана қаласы энергетикалық кешенінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін конкурстық басқарушыларға тауарлық-материалдық құндылықтар бөлігінде конкурстық массаны, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулерді және негізгі қорларды пайдалану құқығын беруді және Қоғамдардың конкурстық массасының құрамына "Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамы өндіретін жылу және электр энергиясын алуға арналған құқықтарды қосуды;
      6) Қоғамдардың қызметкерлерімен еңбек қатынастарының үзіліссіздігін қамтамасыз етуді;
      7) сатып алушының конкурстың массаны сатудан түскен қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында мұндай кредиторлардың өкілеттік өкілімен келісім бойынша үшінші кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеу жөніндегі міндеттемесін;
      8) сатып алушының, өтеу жөніндегі шығыстарды сатып алудың бағасына қоспастан, конкурстық массаның құрамына кірмейтін мүлікті пайдалану кезінде, конкурстық іс жүргізу кезеңінде Қоғамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарын өтеуді;
      9) конкурстық басқарушылар тауарлық-материалдық құндылықтар,

 

өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер және негізгі қорлар бөлігінде

конкурстық массаның құрамына енетін мүлікті пайдалануы кезінде олардың

құнының сатып алудың бағасына кіретіндігін көздейтін, конкурстық

массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін белгілесін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.           





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады