Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астықты сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 339 P990339_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен
Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік кіріс
министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігімен бірлесіп екі апта
мерзімде, қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, астық бағасына
демпингті болдырмау жөнінде келісілген шараларды әзірлесін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.