1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Министрі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 517 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Министрі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Министрі - Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Министрі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ведомстволық үйлестіруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Министрі өз құзыретінің шегінде шешімдер қабылдауда дербес және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін Республика Премьер-Министрінің алдында жеке жауапкершілікте болады.
2. Қазақстан Республикасы Министрінің негізгі міндеттері,
функциялары мен құқықтары
Мыналар Қазақстан Республикасы Министрінің негізгі міндеттері болып табылады:;
отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
отбасын, әйелдер мен балаларды қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық әйелдер ұйымдарымен ынтымақтастық;
Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігінің қызметін үйлестіру және бақылау;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жекелеген тапсырмаларын орындау:
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Министрі заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
отбасын, әйелдер мен балаларды қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық әйелдер ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды;
Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жекелеген тапсырмаларын орындайды;
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Негізгі міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрі заңдармен белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
отбасын, әйелдер мен балаларды қолдау мәселелері бойынша халықаралық әйелдер ұйымдарымен өзара қарым-қатынастар кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіруге;
Үкімет атынан Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимыл жасауға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігінің қызметін үйлестіруге және бақылауға;
Қазақстан Республикасының Министріне қызмет көрсететін Хатшылықтың қызметін басқаруға және бақылауға;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына Қазақстан Республикасы Министрі Хатшылығының құрылымы туралы ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына Қазақстан Республикасы Министрі Хатшылығының қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 3. Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, ал қаржыландыруды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.